Жәрмеңкеде жақсы баға берілді

DSC_0505

Биылғы жәрмеңкеде Немат Келімбетовтің қытай, орыс, түрік, ағылшын, неміс, парсы және украин тілдерінде жарық көрген кітаптарына арналған жиналыс өткізілді. Бұл басқосуды жазушы және мәдениет қайрат­кері Райхан Мәженқызы басқаратын халықаралық кітап бағдарламасы ұйымдастырған еді. Іс-шараға белгілі әдебиет зерттеушісі, академик Сейіт Қасқабасов, мәскеулік баспагер Георгий Пряхин, әзербайжан ақыны Шыңғыс Әлиұлы, бел­а­русь ақыны, әрі аудармашы Алес Карлюкевич, профессор Шерубай Құрманбайұлы, жазушы Әлібек Асқаров, аудармашы Ғосман Төлеғұл, ақын Қайрат Бақберген, Түркиядан осы жолдардың авторы, басқа да бірқатар жазушы және ғалымдар қатысты.

Жиналыстан Немат Келім­бетов­тің еңбектерінің қазақ және әлем әдебиетіндегі орны сөз болды. Ең бастысы ең үлкен кітап жәрмеңкесінде қазақ жазу­­шылары еңбектерінің таныс­тырылуы аса маңызды мәдени іс-шара екендігі баса көрсетілді. Шерубай Құрман­байұлы әдеби шығарма халықтар арасындағы алтын көпір екенін алға тартты. Беларусьтық жазу­шы Алес Карлюкевич Немат Келім­бетов шығармаларының адам­ға ерекше әсер ететінін, әсі­ре­се, адамның өмірге деген құл­шы­­нысын арттыра түсетінін айтты.

Жәрмеңкеде сонымен қатар, «ҚазҰМУ» баспасы «Өнегелі адам» сериясымен шығарған 40 кі­та­бын таныстырса, «Фолиант» баспасы «Мәдени мұра» бағдар­ламасы аясында жарық көрген 100 томдық «Бабалар сөзі» кітабының тұсаукесерін жасады. Бұл көптом­­дықтар көрмеге келгендердің үл­кен қызығушылығын туғызды. Неміс ғалымы Томас Вырволл бұл құндылықтарды үлкен жетістік ретінде жоғары бағалады.

Франкфурт жәрмеңкесіндегі жарияланымдарға қарағанда, бірінші орында 330 мың кітаппен жылына түрлі тақырыптарда шығарған АҚШ тұр екен. Одан кейінгі орындарды Қытай, Ұлы­бри­тания, Ресей, Үндістан мен Германия иеленуде. Ал түркі елдерінен Түркия жылына 43 мың кітаппен әлемнің ең көп кітап шығарған 13 елі қатарынан орын алып отыр екен. Сонымен қатар, Түркиядағы кітап саудасының жылдық қаржылай көлемі – 1,8 миллион еуроны құрауда.

Әбдіуақап ҚАРА,

тарих ғылымдарының докторы,

Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры.

Egemen Qazaqstan, 11.10.2014, http://egemen.kz/?p=39790

Bir Cevap Yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *