АТАТҮРІКТІҢ ТАРИХ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ

1. Дүниежүзілік екінші соғыстың аяғында алты ғасырлық ұлы Османдық Мемлекеті жеңіліске ұшырап жерін жат жұрттықтар басым алған еді. Мұстафа Қамал Паша халықпен күш біріктіріп дүшпанпен күрексе түсіп ұлы жеңіске жетті. Сонымен қатар Осман Патшалығының орнына жаңа сипатта ұлттық бір мемлекет құрды. Бұрынғы мемлекет, патшалық жүйесінде діни негізде бір мемлекет еді. Жаңа мемлекет ұлттық демократиялық негізде мемлекет болып құрылды. Осман мемлекетінің тарих түсінігі де өзінің басқару жүйесіне сай болатын. Ол түсінік ғылымда “үмбетші тарих түсінігі” деп аталады. Османдық тарих пайғамбар Мұһаммед ғалейһисселамның туыуымен басталады. Ысламнан бұрынғы Түркі тарихы жоқ саналатын. Яғный Осман мемлекетінде тарих Исламмен басталатын.

Ал жаңа мемлекет ұлттық негізде болғандықтан түрік халқынынң Исламнан бұрынғы дәуірлерде де өмір сүргені айтылып сол тарих қарастыралатын болды.

2. Ататүрік 1920- жылдарда жаңа мемлекетті қалыптастырып жатқан тұста, Еуропада түріктердің әлемнің артта қалған, мәдениеті жоқ халықтар санатына жатқызатын ғалымдар бар еді. Олар Түріктерде ешқандай мемлекет болмағандықтан, олардың Осман Патшалығы сынды ұлы мемлекетті құруы да Византия секілді ұлы мемлекеттің мұрасына ие болуымен ғана іске асқанын алға тартуда еді. Ататүрік Византиядан да бұрын түрік халықтарының ұлы мемлекеттер құрғанын дәлелдеу үшін тарихқа жүгінді.

Ол кезде Түркияда тарих ғылыми тұрғыдан қолға алынбағандықтан және тарих кітаптары батыстық авторлардың еңбектерінен жасалған аудармалар арқылы жазылғандықтан мұндай жаңсақ көзқарастар мен жаңсақ сенімдер де елде кең тараған еді. Сол себепті түрік халқы өзіне деген сенімін жоғалтып өзге халықтарға еліктеушілік орын алып жатқан болатын. Міне халықты осындай жағдайдан арылтып өзінінің ұлтына және мемлекетіне деген сенімін қалпына келтіру үшін ұлттық тарих қажет еді.

Ататүріктің көзқарасы бойынша, ұлттық намыс жігерді күшейту тек тарихы санамен болатын білген еді. Өйткені экономикалық және саяси тәуелсіздікке қол жеткізген ұлттың рухани тәуелсіздігін де қамтамасыз ету үшін тарих зерттеулерін тереңдету маңызды еді.

Ататүрік тарих арқылы елдің тәуелсіздігінің баянды болатынына сенген былай деген:

“Түрік таланты мен құдіретінің тарихтағы табыстары жарыққа шыққан сайын бүкіл түрік балалары өздері үшін қажетті қозғалыс күшін сол тарихтан табатын болады. Сонымен бұл тарихтан олар тәуелсіздік пікірін де алады да, сол үлкен табыстар мен ұлы тұғлаларды біліп өздерінің бір қандан екенін ойлап ешкімге мойынсұбайтын болады.”

Осы тарихи мақсаттарға жету барысында атқарылған іс шаралар:

Ататүрік ғылымға негізделген Түрік тарихының зерттелуі және қол жетілген табыстардың үйретілуі жұмыстарына жақындан көңіл бөлді. Ол осы жұмыстарды үш бағытта жүргізілуіне назар аударды.

  1. Түрік және әлем тарихын бұрынғы жаңсақ көзқарастардан құтқару;
  2. Әлем өркениетіне түрік өркениетіне қосқан үлесін анықтау;
  3. Түрік тарихын ғылыми тәсілдермен заманауі шынайы тарихқа айналдыру

Ататүрік зерттеулерде тарихты бұрмаламай сол қалпында жазып шығудың маңыздылығын мына сөздерімен түсіндірген: “Тарих жазу, тарихты жасаудай маңызды. Жазған жасағанға адал болмаса, өзгермейтін ақиқат адамды таң қалдыратын мазмұн алады.”

Ататүрік тарих саласындағы шындықтың орнатылуы үшін жұмыстарға ең алдымен өзі ат салысқан. Ол 1927 жылы Түрік республикасының құрылу тарихының маңызды қайнар көзі саналған өзінің нұтұк деген баяндама еңбегін партияның құрылтайында оқыған. Сөйтіп ол дүниежүзілік соғыс кезінде жау қолына түскен елдің қалай жеңіске жеткенін өзі баяндаған, және сол кездің деректерін де келтірген.

Нұтұк, яғни сөйлеу немесе жолдау деп аталатын бұл еңбегін Ататүрк Республикашыл Халықшыл Партиясынын ІІ. Конгресінде 1927 жылы, 15-20 қазан күндері 36,5 сағатта оқыды. Онда 1919-1927 жылдары арасында Мұстафа Қамал Паша мен жолдастарының атқарған жұмыстары баяндалады. Бұл жолдау, кейін 900 бет көлемінде кітап болып жарияланды. Онда сол кездің һаттары, шешімдері, телеграмма мәтіндері сияқты тарихый құжаттар да орын алуда. Бұл Түркия республикасының ен негізгі рәсіми тарихи бұлағы ретінде жоғары бағаланады.

Онда Ататүрік 1919-1927 жылдары арасындағы уақиғаларды үш бөлімде әнгімелейді.

1. Бөлімде дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Осман мемлекеті жат жұрттықтардың үстемдігін мойындап отырған тұста Анатолияға өтіп ұлт азаттық күресін бастан аяқ баяндайды.

2. Бөлімде Түркияның ұлұ ұлттық парламентінің құрылуы мен шешімдері.

3. Бөлімде ресбулика кезеңі айтылады. Елдің ұлттық мемлекет болып қалыптастыру барысындағы жұмыстар жан жақты әңгіме етіледі.

Ататүрік тарих реформаларының алғашқы қадамы ретінде ұлттық тарихи көзқарасты қалыптастыру үшін “Түрік тарих тезісін” жасатты. 1928 жылы Афет Инанның бір францұз ғалымының түрік нәсілділерді мәденийеті жоқ халықтар ретінде сипттаған кітабы туралы пікірін сұрағанда, мұның қате екенін көрсетіп зерттеулер жүргізуін сұрады. Төмендегідей сұрақтарға жауап іздеу керектігін айтты:

1. Түркияның ең ертедегі тұрғындары кімдер, қай халықтар?

2. Түркиядағы ен алғашқы өркенийет қалай ортаға шықты, оны кімдер  әкелді?

3. Түріктердің әлем тарихындағы және әлем өркениетіндегі орны қалай?

4. Түріктердің ру-тайпа ретінде Анатолияда мемлекет құрғаны ертегі. Олай болса мемлекет құрушы халық ретінде басқа негіз табу керек?

5. Ислам тарихының шынайы сипаты не? Түріктердің Ислам тарихындағы рөлі қалай болған?

Афет Инанның осы зерттеулері нәтижесінде 600 беттік Түрік тарихының негіздері деген кітап өмірге келді. Түрік нәсілділерді ұлы мәдениетке ие екендіктерін көрсету мақсатында жазылған бұл кітап Ататүріктің “Түрік тарих тезісі” деп аталды.

Онда негізінен түрік тарихының Осман мемлекеті тарихымен шектелмейтіні, оның тамырының одан әлдеқайда әріде жақтаны және түріктердің ұлы мемлекеттер құрған өркениетті ұлт екені дәлелденеді. Кітаптың кіріспесінде былай денілген:

“Осыған дейін елімізде жарық көрген тарих кітаптарының көпшілігі және оларға негіз болған французша тарих кітаптарында түріктердің әлем тарихындағы орны қасақана немесе кездейсоқ төмендетілген. Түріктердің аталары туралы осындай қате мәлімет алуы түріктердің өздерін қате танып білуіне, және сөйтіп ұлттық болмысын жалғастыруына нұқсан келтіретін болған. Бұл кітаптағы негізгі мақсат, қазіргі таңда әлемде табиғи орнын басқан және осы көзқараспен өмір сүрген ұлтымыз үшін зиянды осы қателіктерді түзетуге ат салысу. Сонымен қатар, бұл, соңғы ірі уақиғалармен рухында ұлттық болмысы мен бірлік сезімі оянған Түрік ұлты үшін ұлттық бір тарих жазу қажеттілігі барысындағы алғашқы қадам болып табылады.”

Ататүрік Түрік тарихының жүйелі түрде зерттеліп үйретілуі үшін 1931 жылы 15 көкекте Түрік тарихын зерттеу қоғамын құрды. Ол 1935 жылы Түрік тарих институты деп аталды. Бұл институттың мақсаты жарғысында осылай деп көрсетілген:

  1. Ғылыми талқылаулар үшін бас қосып тұру.
  2. Түрік тарихының көздерін тауып жариялау.
  3. Түрік тарихын жарыққа шығаратын деректер мен материялдерді жинау және тиісті елдерге экспедициялар жіберу.
  4. Түрік тарихы зерттеу қоғамының жұмыстарының нәтижелерін әр түрлі жолдармен жариялап отыру.

Осы зерттеу қоғамының алғашқы жұмысы гиназіюмдар үшін төрт томдық тарих оқулығын баспадан шығару болды.

Түрік тарих институты 1932 жылы 2 Шілдеде 9 күнге жалғасатын І. Түрік тарих конгресін өткізді. Бұл жиынға ғалымдар мен мұғалымдар қатысып түрік тарих тезісі талқыланды. Тарих институтының жұмыс бағыттары сөз болды. Сонымен қатар Түркі халықтардың адам өркениеті мен Ислам тарихындағы орны туралы пікірлер ортаға салынды. Түркі халықтар жайындағы жаңсақ көзқарастардың орынсыздығына көрсетілді. Түріктердің текті нәсіл екені, Ортағасырлық Ислам өркениетіне орасан зор үлес қосқандықтары көрсетілді.

Ататүрік тарихпен қатар тіл мәселелеріне қатты көңіл бөлді.І. Түрік тарих конгресі аяқталған күні, атап айтқанда 1932 жылы, 12 шілде күні Түрік тілін зерттеу қоғамы құрылды. Бұл кейін Түрік тіл институты деп аталды. Ататүрік анатілді қорғауды саяси тәуелсіздікті қорғаумен бірдей көргенін оның мына сөзінен нақты көруге болады: “Елін сондай-ақ ұлы тәуелсіздігін қорғай білген түрік халқының тілін де бөгде тілдердің боданы болудан құтқаруы қажет.”

Ататүрік білім ордаларының, яғни университеттердің де заманауі ғылымға сай болуын қалады. Бұл үшін түрік университеттерінің батыстық универсиетет жүйесін алу керектігіне сенді. Бұл турасында ол кезде елдің дара университеті болып саналатын Істанбұл Дарүлфүнын заманға сай жағдайға келтіруін Оқу ағарту министрі Доктор Решіт Ғалипке тапсырды.

Ататүрік сонымен қатар тарих және тіл институттарының академиялық негізде жұмыс істеуін қамтамасыз ету барысында 1935 жылы 14 Маусымда парламенттің шешімімен Анкара тіл, тарих және жағрапия факултеті құрылды.

Осы факулетте түрік халықтарының және Түркияның тарихын зертетулерге септігін тигізетін әлем тілдері үйретілетін болды. Сондықтан онда синология, шумерология, һититология, латын тілі, грек тілі, арап тілі және парсы тілі үшін арнайы бөлімдер құрылды. Сонымен қатар онда Түркі халықтарының тілінің бұрынғы және бүгінгі жағдайларының зерттелуі де ұйғарылды. Сондай-ақ тіл теорияларының зерртелуі және түрік тілінің осы теорияларының орнын анықтау да көзделді.

Сонымен қорыта айтар болсақ, осыдан шамамен 90 жыл бұрын құрылған Түркия Республикасы ұлттық тарихын жасау барысында атқарған істерін бүгін Қазақстан да бастан кешіріп жатыр. Бауырлас, түбірлес екі елдің осы орайдағы атқарған істерінің де, мақсаттарының да бір екені байқалады. Атап айтқанда Ататүрік кезінде “Нұтықты” жазған болса, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та “Әділеттің ақ жолы”, “Сындарлы он жыл”, “Тарих толқынында”, “Ғасырлар тоғысында”, “Еуразияның жүрегінде” кітаптарымен тәуелсіздік Қазақстанның тарихын жасаушы тұңғыш президенті ретінде тарихтың жазылуына өзінің зор үлесін қосқан. Сонымен қатар мәдени мұра бағдарламасын іске қосып қазақ ғалымдарының қазақ тарихы туралы орасан зор еңбектерінің жарыққа шығуына мұрындық болды. 2008 жылы Астанада Мемлекеттік тарих институтының құрылуы жөніндегі қаулысы да осыған саяды.

Енді біз бүгін Астанада тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл Түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеп әлемге танытатын Түрік академиясының ашылу салтанатында бас қосып отырмыз. Бұл да өткен жылы Қазақстан президентінің түрік мемлекеттері президенттерінің жоғары дәрежелі кездесуінде жасаған ұсынысының нәтижесінде іске асып отыр. Демек кі, Ататүрік бастаған тарих реформасы бүгінгі таңда бүкіл Түркі халықтарының тарихын жасау барысында кең көлемді іске асуда. Осы академияның шаңырағы астында бүкіл Түркі халықтарының ғалымдары бас қосып өз елдерінің ұлттық тарих жасау барысындағы тәжрибелерін ортаға сала отырып бүкіл Түркі халықтарының тарихының нақты жасалуына ат салысатын болады. Түрік академиясы құтты болсын! Жұмысы жемісті де сәтті болсын!

Әбдіуақап Қара (Түрік академиясының ашылуындағы жиналыста оқылған баяндама 2010 Мамыр)

Bir Cevap Yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *