БІШКЕК САММИТІ ЖӘНЕ ТҮРКІ ДҮНИЕСІНДЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Өздеріңізге белгілі Түркі тілдес мемлекет басшыларының тұңғыш жоғары дәрежелі кездесуі 1992 жылы 30 қазан күні Анқарада болып өткен еді. Сонымен бүгінгі дейін жалпы 11 кездесу облып өтті. Атап айтқанда:

1. Саммит: 1992 жылы, 30-31 қазан  (Анқара)

2. Саммит: 1994 жылы, 20-21 қазан  (Ыстамбұл)

3. Саммит: 1995 жылы, 28 тамыз (Бішкек)

4. Саммит: 1996 жылы, 21 қазан (Ташкент)

5. Саммит: 1998 жылы, 9 маусым (Астана)

6. Саммит:  2000 жылы, 8 сәуір (Баку)

7. Саммит: 2001 жылы, 26 сәуір (Ыстамбұл)

8. Саммит: 2006 жылы 17 қараша (Анталия)

9. Саммит: 2009 жылы 3 қазан (Нахчыван)

10. Саммит: 2010 жылы, 15 қыркүйек (Ыстанбұл)

11. Саммит: 2011 жылы, 20-21 қазан  (Алматы)

Енді кезектегі 12- кездесуi 2012 жылы, 23 тамыз күні Бішкекте өтуде.

Осы жоғары дәрежелі 11 кездесуге көз жүгірткенімізде көзге айрықша түсетін 3 кездесуді айтуға болады.

Біріншіден 1992 жылы Анқарада болып өткен І. кездесу өте маңызды еді. Өйткені мұнымен 1992 жылы, 30 қазан күні Анқарада тарихта тұнғыш рет алты түркітілдес мемлекеттің президенті бас қосты.

Азербайжан Президенті Әбұлфейз Елшибей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов, Түркия Президенті Тұрғыт Өзал, Түркменстан Президенті Сапармұрад Ниязов қатысқан кездесу, түрік тілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықта маңызды бір қадам болды.

Бұған дейін түркі елдері арасындағы әрқандай бір  ынтымақтастық әлемде пантүркизм, түрікшілдік, тұраншылдық деген ұғымдар негізінде нәсілшілдік, басқа елдерге дүшпандық пиғылдар қатарында құбыжық ретінде көрсетіліп келген еді. Сондықтан осындай әлемде кең өріс алған теріс көзқарас пен қарсылық орнаған тұста мұндай кездесу өткізу, әсіресе жаңа ғана тәулесіздік алған елдер тұрғысынан үлкен батылдықты қажет ететін. Міне соған қарамастан түркі елдерінің бас қосуы үлкен жетістік еді. Содан бері өткен 21 жылда және өткізілген 11 саммите жоғары айтылған көзқарас беп тұжырымдардың орынсыз байбаламдар мен кіңалаулар екені бүкіл әлемге айдай анық көрсетілді.

Осындай батылықдықпен Анқарада 1992 жылы алғашқы түркі саммиті өткенмен, содан кейін ол түрлі себептермен уақтылы және жүйелі түрде жинала алмады. Сонымен қатар кездесулерде қабылданған шешімдер кейде іске аспады, қағаз жүзінде қала берді немесе олардың атқарылу барысы жіті қадағаланмады. Өйткені мұны басқаратын бір ұйым, бір орталық жоқ еді. Сондықтан түркітілдес елдер мемлекет басшылары 20 жылда небары осы Бішкекпен бірге 12-ақ рет бас қосып отыр. Демек 8 жыл босқа өткен. Сондай-ақ тұңғыш жоғары дәрежелі кездесуге бүкіл тәуелсіз түркі елдер мемлекет басшылары қатысқанмен, кейін Өзбекстан мен Түркменстан осы жиналыстардан қалыс қалып отырды.

Екіншіден Түркі тілдес елдер мемлекет басшыларының 2009 жылы 3 қазан күні Нахчыван қаласында өткен УІІІ. Жоғары дәрежелі кездесуі ерекше маңызға ие. Өйткені онда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің ұсынысы бойынша түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесін құру шешімі қабылданды. Мұнымен осы кездесулерді ұйымдастырып іске асыратын және қабылданған шешімдерді қадағалайтын бір ұйым дүние келді. Сонымен қатар бұл түркі мемлекеттердің дара халықаралық ұйымы ретінде тарихта өз тұғырына көтерілді.

Сондықтан Нахчыван кездесуі зор маңызға ие. Міне осы себебептен Нахчыван кездесуі өткен күн 3 қазан күні келесі жылы Ыстамбұлда өтетін саммитте “түркітілдес елдердің ынтымақтастык күні” деп белгіленді.

Осындай түркітілдер елдер ынтымақтастығы барысында зор маңызға ие осы Кеңес өткен жылы Алматыда өткен саммитті ұйымдастырған еді. Бішкек оның ұйымдастыруында өтетін екінші жиналыс болмақ. Нахчыван кездесуінде қабылданған екінші маңызды шешім болса Түркі Академиясын құру шешімі еді. Бұл туралы ұсыныс та Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан жасалды.

Назарбаевтың осы ұсынысы бойынша, Түркі академиясының құрамында Түркі тарихы және мәдениет орталығы, Түркі тілін зерттеу орталығы, Түркі кітапханасы, сондай-ақ, жалпы Түркі тарихыны музейі құрылатын болады. Академия түркі тарихы мен мәдениетін жан жақты зерттеп әлемге танытатын да болады.

Енді түркі саммитері ішінде үшінші ең маңызды орынға ие басқосу осы Бішкек саммиті болмақ. Өйткені Бішкек кездесуінде қабыланатын шешімдер түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің маңыздылығы мен келешегінен сыр шертпек. Өкінішке орай, Түркі елдер мемлекет басшыларының кездесулерінде маңызды шешімдер қабылданғанмен сол шешімдер іске асуы кейде маңызына сай болған жоқ. Енді осы Кеңес бұларды қадағалап отырып, шешімдердің толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ететін орын болып отыр.

Мәселен Нахчыван кездесуінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша қабылданған Түркі Академиясын құру шешімі 2010 жылы 25 мамыр күні іске ашырылып Астанада тұсаукересі жасалып академия жұмыс істей бастады.

Бірақ қазірге дейін академияға Түркия жағынан қаржылай және басқалай ешқандай үлес қосылмағаны, сондықтан оның толыққанды жұмыс істей алмағаны назардан тыс қалмауда. Мұның себебі ретінде түрік қызметкерлер, академияның халықаралық бір ұйым ретінде құрылмағанын, Қазақстан білім және ғылым министрлігі жанында ұлттық сипатта бір академия ретінде құрылғандығын айтуда. Міне бұл құрылымдық проблеманы Түркі Кеңесінің Бішкек саммитінде күн тәртібіне алғандығы және Түркі Академиясының халықаралық статуска ие болатындығы хабарлануда.

Міне мұндай мәселелердің Бішкек кездесуінде шешілуі Түркі Кеңесі ұйымының беделін көтермек және түркі елдер арасындағы ынтымақтастықтың нақты жұмыстармен күшейе түсуіне негіз қаламақ. Түркі Кеңесін алда күтіп тұрған ең басты басқа бір мәселенің түрлі себептермен Түркі тілдес елдер саммитіне қатысудан бас тартып отырған Өзбекстан және Түркменстан президенттерінің ынтымақтастықта тиісті орындарын алуларын қамтамасу ету екені айтпаса да түсінікті.

Әбдіуақап Қара

Bir cevap yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *

Bu site, istenmeyenleri azaltmak için Akismet kullanıyor. Yorum verilerinizin nasıl işlendiği hakkında daha fazla bilgi edinin.