Қазақтың Қаражорға биінің түркі халықтарының ең көне биі екені анықталды

Қытайдағы «Шыңжаң қоғамдық ғылымдары» журналының бас редакторы, мәдениеттанушы, профессор Ясин Құмарұлының айтуынша, Қаратау петроглифтеріндегі би кескіндері төңірегіндегі археологиялық деректер, тарихи жазбалар және суретті салу тәсілі және ондағы бейнеленген мәдениет үлгілері сияқтыларға сүйене отырып, Жанго заманынан Хан династиясы дәуіріне (б.з.б. 475 ж. – б.з. 220 ж.) дейінгі Сақтардың, Иүзлердің (Нүкіс), Үйсіндердің немесе Ғұндардың туындылары деп тұжырымдауға болады. (http://www.baq.kz/diaspora/122)

Кеңестік кезеңде Қазақстанда ұмыт қалғанымен қаражорға биі Қытай, Монголия және Түркия сыяқты елдерде тұратын шетел қазақтарында әлі де жалғасып келе жатқан би. Түркияда соншама көп билейтін халық. Тіпті жас кезімізде “қаражорға білмеген жігітке қыз берілмейді” деген ұғым қалыптасқан.

Оның негізгі музикасы домбырамен орындалады. Бұл музика Түркиялық зерттеушілер тарапынан бақсы музикасы ретінде емдік қасиеті бар деп қастерленуде. Міне сондықтан “ТҮМАТА” деп қысқаша аталатын Түркі халықтарының музикаларын зерттеу орталығы осы музика-күйді кейбір ауруларға шипа ретінде қолдануда.

1952 жылы Түркияға келіп орналасқан қазақтардың аталары 1960 жылдары Алтайдан келген жігіт Қараоғлан (Қаражігіт) деген кинода рол алған еді. Сол кино үшін қазақтар арнайы киіз үй де жасап берген. Қазақтың шапан, керей тымақ, мешпет сынды ұлттық киімдері сонда қолданылған. Фильмнің бір эпизотында қазақтар қаражорға биін де ойнап берген еді. Сол фильмде қаражорға күйін домбырасымен тартып отырған Қазақстанда таэквондо спортының негізін салған марқұм Мұстафа Өзтүріктін әкесі Қәбен қажы болатын.

Сонымен қорыта айтқанда қаражорға биінің түркі халықтарының 2500 жылдық тарихы бар ең көне биі деп айта аламыз. Сақтар, үйсіндер және ғұндар секілді көне түркілердің мәдениетінің көп жақтарының бүгінде тек көшпелі мәдениетті соңғы дәуірлерге дейін жалғастырып келген қазақ, қырғыз, башқұрт сынды халықтарда ғана сақталып келгені мәлім. Ал солардың ішінде көне түркілердің биі қаражорға болса, тек қазақтар арқылы ххі- ғасырға жетіп отыр.

Әбдіуақап Қара

Bir Cevap Yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *