İstanbul’da “Dombıra Kursu” ilk mezunlarını verdi

Kazak Türkleri Vakfı’nın 15 Şubat 2014 tarihinde başlattığı kursları 7 Haziranda başarıyla tamamlayan 60 öğrenciye bitirme belgeleri 23 Haziran 2014’te düzenlenen bir törenle verildi.

Kazakistan ve Türkiye milli marşlarıyla başlayan törenin açış konuşmasını Vakıf Başkanı Fazıl Toplu yaptı. Başkan Toplu konuşmasında şunları söyledi:


Ыстамбұлдағы 60 бала домбыра мен ұлттық биді меңгеріп шықты

Астана. 24 маусым. BAQ.KZ – Кеше Ыстамбұлдағы Қазақ қорында домбыра және ұлттық би курсының түлектеріне сертификат табысталды,-деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан және Түркияның әнұрандарымен басталған кешті Түркия қазақтары қорының төрағасы Фазыл Топлы ашты. «Түркияда 2014 жылдың Домбыра жылы деп аталғаны біз үшін де маңызы зор болды. Қара домбырамыздың түріктер назарына ілігуі қазақ жастарының ұлттық аспапқа деген қызығушылығын арттырды.


Türkiye ve Avrupa Kazaklarının Tanınmış Şahsiyetleri Kitap Oluyor

Kazakistan’dan gelen Murathan Şokan Türkiye ve Avrupa’daki Kazaklar arasında bilim, sanat, ticaret ve diğer alanlarda başarılı olmuş insanları Kazakistan’a tanıtmak istediğini, bu amaçla Türkiye’deki Kazak dernek ve vakıflarından destek istemeye geldiğini söyledi.

Şokan 2011’de Almatı’da “Bağımsızlığın Meyvesi” isimli kuşe kağıda basılı, renkli büyük boy kitap yayınlandı. Kitapta Kazakistan bağımsızlığına kavuştuğu 1991 senesi ile 2011 senesi arasında geçen yirmi yılda Kazakistan’a göç eden Kazaklar arasında bilim, sanat, ticaret ve spor alanındaki başarılı çalışmalarıyla ülkenin gelişmesine katkıda bulunan 123 önemli şahsiyet tanıtıldı.


Түркия қазақтарының еркіндік жолындағы ұлы көші

Түркияла тұратын қазақтардын ұзақ-салқар көш тарихына назар ауларғанда бұл көштің қазақтың еркіндік жолындағы теңдессіз ерлігі екенін көреміз. Олар еркіндік үшін адам сенгісіз қандай да бір ауыр қиыншылықтарды бастан кешірген. 1930- жылдары Қытайға қарасты Шы ғыс Түркістан өлкесінде Гоминдаң үкіметінің губернаторы Шың-Ши-Сайдың  зомбылықтарына шыдай алмаған қазақтардың Елісхан Тәйжі мен Зайып Тәйжі сияқты көш көсемдерінің жетекшілігінде, баяғыдағы Бөке батыр сияқты, азаттықты туған тонырақтан тыс жерлерден іздеп шетке ауып кеткенін байқаймыз.


KAZAKLARIN ALTAYLARDAN ANADOLU’YA ÖZGÜRLÜK UĞRUNA YAPTIKLARI GÖÇ FİLM OLUYOR

Türkiye’deki Kazakların ağır meşakkatlerle yapılan göç tarihine baktığımızda, bu göçün Kazakların özgürlük yolundaki olağanüstü kahramanlık destanı olduğunu görürüz. 1930’lı yılların ikinci yarısında başlayıp 1952’de Türkiye’de nihayete eren bu göçün filmi yapılıyor. “Aldongar Production” film şirketi filmin senaryosunu yazmak için 20-22 Eylül 2013 tarihinde Almatı’da tarihçiler ve yazarlar bir araya geldi.


ҰЛЫ АЛТАЙДАН – АНАДОЛЫҒА ЕРКІНДІК ЖОЛЫНДАҒЫ КӨШ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛМЕК

Түркияда тұратын қазақтардың ұзақ-салқар көш тарихына назар аударғанда, бұл көштің қазақтың еркіндік жолындағы теңдессіз ерлігі екенін көреміз. 1930 жылдардың екінші жартысында басталып, 1952 жылы Түркияда аяқталған осы көш көркем фильмге арқау болуда. “Aldongar Production” компаниясы фильмнің сценариін жазу үшін 20-22 қыркүйек күндері Алматыда бірқатар тарихшылар мен жазушылардың басын қосты.


Түркия қазақтарының көші туралы көркем фильм түсіріледі

ХХ ғасырдың басында төрткүл дүниенің бұрышына тарыдай шашылған қазақтар туралы кинотуынды түсіріледі. Бүгін Алматыда еліміз бен алыс-жақын шет елдік тарихшылардың басын біріктірген «Алдоңғар продакшн» ұжымы осылай мәлімдеді.

Жиын барысында кинотүсірушілер ғалымдардың фильм сценариіне қатысты пікірлерін тыңдап, нақты қай кезеңдегі оқиға желісін өрбітетіні жайында кеңес алды.

Нәтижесінде, фильмге негіз болып ХХ ғасырдың 1930-жылдарында Қытай еліндегі өзге халықтарды ұлттық және діни жағынан кемсіту алынатын болды. Сол заманда аз ұлт өкілдері, оның ішінде қазақтар да Алтайдан Ганьсу мен Синхайға қоныс аударды. 4 мыңдай қазақ оңтүстікке қарай жылжуды жалғастырып, тибеттіктермен соғыса жүріп, Үндістаннық Кашмир қаласына жетті.

Қиын-қыстау кезеңде көп адам жолда мерт болды. Дәл осы тарихи жайттарды таспаға түсіру үшін продакшн ұжымы Қытай, Моңғолия, Үндістан мен Түркияда түсірілім жасайды. Қазір ел тарихынан сыр шертетін туындының сценариі жазылып жатыр.

Әбдіуақап Қара, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Біз бұл фильмді тек қазақ халқына, түркі халықтарына емес, әлем елдеріне көрсетуді қалаймыз. Жаһандық фильм болуы керек. Ол үшін біз бар құндылықты осы фильмде көрсетуіміз керек.

Әйгерім МУСИНА


JANA KİTAP: TÜRKİYA QAZAQTARI

Ötken jılı B.K. Qalşabayeva men A.Q. Beysegulova Istambulda Türkiya qazaqtarının tariyqı men mädeniyeti tuvralı zerttev jürgizgen edi. Mine bul zerttevler jaqında Almatıda El-Farabi Ulttıq Universitetinde kitap bolıp şıqtı. Kitap jalpı tört bölimnen turadı:
1. Türkiya qazaqtarınıñ etniykalıq tariyqı
2. Türkiya qazaqtarınıñ qonıstanuv tariyqı
3. Türkiyadağı qazaq diyasporasınıñ etnomädeniy muraları
4. Türkiyadağı qazaq diyasporasınıñ ädet-gurıp, salt-dästürindegi erekşelikter


Kitapta sonımen Türkiya qazaqtarının toyları men qol önerlerine qatıstı türli tüsti fotolar da berilgen. Etnomadeniyet zerttevşi qazaq ğalımdarınıñ Türkiya qazaqtarı tuvralı alğaşqı zerttev kitabı retinde tariyqqa ötken osı kitaptıñ avtorları B.K. Qalşabayeva men A.Q. Beysegulovağa osınday eñbekti jarıqqa şığarğandarı üşin alğısımdı aytamın sonday-aq tabıstı zerttevleriniñ jalğasa berüvine tilektespin.

Abdulvahap Kara


TÜRKİYE VE AVRUPA KAZAKLARININ AKSAKALI HAKKA YÜRÜDÜ

Geçtiğimiz Cuma günü Almanya’nın Münih şehrindeki evinde kalp krizi geçirdikten sonra hastaneye kaldırılan Hacı Şerif Nayman aksakal bugün mübarek Ramazan ayında, Kadir gecesinin gündüzünde Almanya saati ile 18.45 sularında vefat etti. Sadece Türkiye ve Avrupa değil, atayurt Kazakistan ve dünyanın başka ülkelerindeki tüm Kazaklar tarafından tanınan ve sevilen merhum atamıza Allah’tan gani gani rahmet diliyorum. Mekanı cennet olsun. Geride kalan ailesine, çocuklarına başsağlığı ve sabır diliyorum.

Cenazesinin bir iki gün içinde Istanbul’a getirilip Güneşli Kazakenttegi aile mezarlığına defnedileceği bildirildi.


ШӘРІП НАЙМАН АҚСАҚАЛ ДҮНИЕ САЛДЫ

Өткен жұма күні Германияның Мюнхен қаласындағы үйінде жүрегі ұстап ауруханаға жаткызылған Қажы Шәріп Найман ақсақал бүгін қасиеті ораза айының қадыр түнінің күндізінде Германия уақты бойынша сағат 18.45-те өтті. Тек Түркия мен Еуропа емес, атамекен Қазақстан және басқа бүкіл дүниежүзіндегі қазақтарының ардақтысы бола білген Шәріп Найман ақсақалдың дүниеден қайтуымен Түркия және Еуропа қазақтары орны толмас қазаға ұшырады. Марқұм атамызға Алладан иман тілейміз. Барған жері ұжмақ болғай! Бала-шағасына жақын туыстарына көңіл айтып қайғыларына ортақтасамыз. Ақсақалдың сүйегінін бір екі күн ішінде Түркияға әкеліп Ыстамбұл Гүнешлі Қазақкент аулындағы отбасылық бейітке жерленетіні хабарланды.

Аталары Шығыс Қазақстан Қатонқарағайдан шыққан және Әбдікәрім Болыстың ұрпағы болған Шәріп Найман 1932 жылы Алтайда туылған. 1938 жылы Алтайдан ауа көшіп Тибет-Гималая асқан Елісхан батыр бастаған көшпен 1940 жылы Үндістанға барған Шәріп қажы бұл жерде 1967 жылға дейін тұрақтаған. Кейін Ыстамбұлға келген, одан Германияның Мюнхен қаласына өткен Шәріп Найман ақсақал басынан көптеген тауқыметтерді өткізген. Мюнхен қаласында қонақжайлылығымен танылған және қазақ десе ішкен асын жерге қоятын ақсақал қалаға қыдырып келген қонақтарға кең дастарқанынан дәм татқызбай жібермейтін.

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алғанда жүрегі жарыла қуанған Шәріп Найман дүниежүзі қазақтарының 1992 жылғы тұңғыш құрылтайға, одан кейінгі 2000 жылғы Түркістан құрылтайына және 2005 жылғы Астана құрылтайына қатысқан еді.

1994 жылы Германияның Мюнхен қаласында өткен Еуропа қазақтарының тұңғыш құрылтайына демеуші болған ақсақал одан кейін ұйымдастырылған Еуропа қазақтарының кіші құрылтайларына да үзбей қатысып тұрды.

Қазір ақсақалдың балалары, немере-шөберелері Германия мен Түркияда өмір сүруде.

Кеше және бүгін сұлқ жатқан марқұмға бүкіл Мюнхен қаласындағы қазақтар неміс дәрігерлерінің ұлықсат етуімен барып қоштасып шыққан. Жақын туыстары соңғы дәмін бергенше басында тұрып Құран оқыған және иман айтқан.

“Отанды сүю иманнан” деп отыратын Шәріп Найман ақсақал елінің және халқының қалаулысы бола білді. Халқына жаққан адамның Құдайға да жағатыны хақ. Атамыздың топырағы торқа, барған жері ұжмақ болғай!

Әбдіуақап Қара – Ыстамбұл