МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯ

{jcomments on}

Әбдіуақап Қара

Шоқайтанушы,

Ыстамбұлдағы Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры

Қазан айының 27-28 күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға сапары жоспарланып отыр. Осы сапарға байланысты және туғанына 120 жыл толуына байланысты Франция астанасы Париж қаласында Мұстафа Шоқайға арналып бір парк ашылмақ және оның ішінде оған арнап бір мүсін қойылмақ. Бұл тарихи да мәнді оқиға.

Бүгінгі таңда Мұстафа Шоқай жалпы алғанда Қазақстанның алдағы жылда 20 жыл толатын тәуелсіздік тарихын тереңдетіп мәнін арттыра түсетін ұлы тұлғалардың бірегейі. Ол кеңестік билік туған елінде өктемдік орнатқаннан кейін шетелге шығып Францияда 1921-1941 жылдары арасында туған елінің тәуелсіздігі үшін идеалық күрес жүргізген еді.


Алаш қозғалысының соңғы түйіні Мұстафа Шоқай

{jcomments on}

Әбдіуақап Қара

Тарих ғылымдарының докторы – Ыстамбұл (Түркия)

Қазақ халқының таяу заман тарихында ерекше орынға ие Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл мәселеге тереңнен үңілгенде, оның ауқымының одан әлдеқайда әріде Мұстафа Шоқайдың күрес тарихымен жалғасып 1940 жылдарға дейін барғанын көреміз.
Бірақ, Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарын Алаш Орада қозғалысынан бөлек қолға алу басым болып отыр. Атап айқтанда, Алаш Қозғалысы, Алаш Орда үкіметі мен Мұсафа Шоқай, Түркістан автономиясы, Шоқайдың Еуропа елдеріндегі саяси іс-қимылдары көбінесе бірбірінен тәуелсіз әрекеттер ретінде бағалануда.