Түркия қазақтарының көші туралы көркем фильм түсіріледі

ХХ ғасырдың басында төрткүл дүниенің бұрышына тарыдай шашылған қазақтар туралы кинотуынды түсіріледі. Бүгін Алматыда еліміз бен алыс-жақын шет елдік тарихшылардың басын біріктірген «Алдоңғар продакшн» ұжымы осылай мәлімдеді.

Жиын барысында кинотүсірушілер ғалымдардың фильм сценариіне қатысты пікірлерін тыңдап, нақты қай кезеңдегі оқиға желісін өрбітетіні жайында кеңес алды.

Нәтижесінде, фильмге негіз болып ХХ ғасырдың 1930-жылдарында Қытай еліндегі өзге халықтарды ұлттық және діни жағынан кемсіту алынатын болды. Сол заманда аз ұлт өкілдері, оның ішінде қазақтар да Алтайдан Ганьсу мен Синхайға қоныс аударды. 4 мыңдай қазақ оңтүстікке қарай жылжуды жалғастырып, тибеттіктермен соғыса жүріп, Үндістаннық Кашмир қаласына жетті.

Қиын-қыстау кезеңде көп адам жолда мерт болды. Дәл осы тарихи жайттарды таспаға түсіру үшін продакшн ұжымы Қытай, Моңғолия, Үндістан мен Түркияда түсірілім жасайды. Қазір ел тарихынан сыр шертетін туындының сценариі жазылып жатыр.

Әбдіуақап Қара, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Біз бұл фильмді тек қазақ халқына, түркі халықтарына емес, әлем елдеріне көрсетуді қалаймыз. Жаһандық фильм болуы керек. Ол үшін біз бар құндылықты осы фильмде көрсетуіміз керек.

Әйгерім МУСИНА

Bir Cevap Yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *