ФАТИХ МЕХМЕД – ОСМАН МЕМЛЕКЕТІН ИМПЕРИЯҒА АЙНАЛДЫРҒАН ПАТША

Осман империясы өмір сүрген ұзақ уақытта патшалықты небір мықты султандар басқарғаны белгілі. Солардың ішінде II Мехмедтің алар орны қандай?

-Осман патшаларының жетіншісі болып табылатын II Мехмед немесе Фатих Сұлтан Мехмед хан Осман мемлекетін әлемдік деңгейге көтерген хан ретінде ерекшеленеді. Ол Қазақ хандығының қурылуынан үш жыл бурын, атап айтқанда, 1453 жылы ол кезде Константинополь аталатын бүгінгі Стамбул қаласын жаулап алды. Сондықтан Фатих жаңа дәуірге есік ашқан патша деп те аталады. «Ауни» деген лақап атпен өлеңдер жазған II Мехмед жастайынан жақсы білім алды және араб, парсы, грек, серб, латын сынды көптеген тілдерді меңгерді.

Мехмед 1432 жылдың 30 наурызы күні сол кезде Осман мемлекетінің астанасы болған Эдирне қаласында, патша II Мұрадтың төртінші ұлы болып дүниеге кел- ген. Кей деректерде анасы Хюма Хатұнның шын аты Эстер Стелла екені, оның француз ханшайымы болғаны айтылады.

Бала кезінде зеректігі мен тентектігі қатар болған Мехмедті оқытып, білімді ету әкесіне оңайға соқпайды. Көптеген ұстаздар айтқан сөзін Мехмедке тыңдата алмағаннан кейін, сол кездің атақты да айбынды ғұламаларының бірі Молла Гюраниді оған мұғалім ретінде арнайы тағайындайды. Мұсылман ұстаздардан басқа, батыстық ғалымдардан, атап айтқанда, II Мұрадтың Манисадағы сарайында қызмет атқарған, Италияның Анкона қаласынан келген Сиряко мен басқа да еуропалық ғалымдардан Еуропатарихы мен философиясы туралы сабақ алуы оныңжастайынан көптеген мәдениеттерді игеріп, көп тілді білуіне, азаматтық тұлғасының қалыптасуына септігін тигізді.

Мехмед 12 жасқа толғанда қызық бір оқиға орын алған. Өкесі II Мұрад 40 жасында тың болуына қарамастан тағынан өз еркімен түсіп, орнына ұлы Мехмедті патша етіп жариялайды. Сөйтіп, Манисадағы ұлын патшалық астанасы Эдирне қаласына шақырып, өзі Маниса қаласына кетіп қалады. Оған дейін тақ мұрагері болған Мехмедгің ағалары дүние салған еді.

– II Мурад патшаның мемлекет басқаруға әлі де күш-қуаты бола тура тағын 12 жасар ұлы Мехмедке беруініңсыры неде екен?

– II Мұрадтың бұлай етуіне тақуалығының себеп болғаны айтылады. Ол мемлекет басқарудан қол үзген қалған ғұмырын оңашада, Аллаға құлшылық ету, ғибадат және зікірмен өткізгісі келген екен. Осылай, Осман патшалығы тарихында көзі тірісінде тағына өз еркімен ұлын отырғызған дара патша ретінде II Мұрадтың есімі аталады. 1444 жылы болған осы тақ өзгерісін, Осман патшалығыныңтізгіні мемлекет басқару және әскери соғыс тәжірибесі жоқ 12 жасар баланың қолына өткенін естіген Венгр патшасы Ладислас жағдайды пайдаланып қалуды ойлайды. Ол Осман патшалығына «Крест жорығын» бастап, соғыс ашады. Еуропалық армия Эдирне қаласына қарай бет алады. Бұл жағдайға алаңдаған бұрынғы патшаның уәзірлері II Мұрадты таққа қайта отырып, жауға қарсы тойтарыс беруге шақырады. Бірақ патша «түскен тағыма қайта отырып, өз уәдемнен айнымаймын» деп билікті қайта қолға алудан бастартады. Уәзірлер бала патша II Мехмедті жаудың бетін қайтару үшін өскер басына II Мұрад сынды айбынды патшаның қажет екеніне, әйтпесе жаудың жеңіп кетуі мүмкін екеніне көндіреді. Сонда II Мехмед әкесін таққа қайта отыруға көндіру үшін мынадай хат жазған екен: «Өй, әке! Егер елдің патшасы сіз болсаңыз, келіп ел тізгінін қолға алып, еліңізді жаудан құтқарыңыз, ал егер елдің патшасы мен болсам, онда жарлық беремін, келіп таққа отырыңыз».

Осындай хаттан кейін амалсыз тағына отырған әккі патша II Мұрад Варна деген жерде болған шайқаста жауды ойсырата жеңеді. Сөйтіп, бала патша II Мехмед әкесіне тақты қайта беріп, өзі Маниса қаласына кетіп қалған екен. Тарихшылар 1451 жылы әкесі дүние салып, өзі таққа қайта отырғанға дейін Маниса қаласында өткізген жеті жыл Мехмедтің саяси әрі мәдени жағынан ой-өрісінің жетіліп,толығуында аса маңызды болғанын айтады.

– Мехмед сұлтанның Константинопольді жаулап алуы тарихта аңыз боп айтылады. Бул жорық жүзеге қалай асқан еді?

-II Мехмед екінші реттаққа отырысымен, ең алдымен, Осман патшалығының Еуропа мен Азиядағы территориясының арасын бөліп, тұтастығына кедергі болып тұрған Константинополь қаласын жаулап алуға қамдана бастады. Бұл қаланы қолға түсіру стратегиялық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да маңызды еді. Өйткені кезінде, атап айтқанда, VII ғасырда ислам пайғамбары Мұхаммед (с.а.с.) бір хадисінде: «Бұл қаланы, әлбетте, күндердің күнінде мұсылмандар жаулап алатын бо- лады. Оны жаулап алған қандай мықты патша, оны жаулап алған қандай мықты әскер!» – деп айтып кеткен еді. Міне, осы мақтауға ие болу үшін VII ғасырдан бері көптеген мұсылман әскерлері Константинопольге дүркін-дүркін шабуылдар үй ымдастырған болатын. Алғашқы мүсылман жорығы 654 жылы Омейяддар кезінде жасалған еді. Сол жорықта пайғамбардың үзеңгілес жолдастарынан Еба Аюп Ансари қала қамалдарының түбінде шейіт болған-ды. II Мехмед Константинопольды жаулап алғаннан кейін оның бейітін тауып, қасына мешітсалдырады. Бүгінгі күні Стамбулда Аюп Сүлтан деп аталатын осы мешітті мұсылмандар қатты құрметтейді.

Константинопольге соңғы мұсылман жорығын II Мехмедтің аталарынан Осман мемлекетінің IV патшасы Йылдырым (Найзағай) Баязид жасады. Ол 1391-1400 жылдар аралығында төрт рет қаланы қоршап, жаулап алуға әрекет жасаса да, елдің басқа жағындағы соғыстар себебінен қоршауын тоқтатуға мәжбүр болған. Ең соңғы қоршауды тоқтатуға Әмір Темірмен арасындағы келіспеушілік себеп болды. Найзағай Баязид патша 1402 жылы Анкарада Әмір Темірмен болатын соғысқа дайындалуға кірісті. Сонда жеңіліске ұшырап, Темірге тұтқын болды. Жеті айдан кейін тұтқында дүние салады.

Ал II Мехмед Қара теңізден Константинопольге кеме арқылы келетін көмектіңжолын кесу үшін атасы Найзағай Баязидтың бұғазға (Босфорға) салған қорғанының қарсы алдына екінші қорған салдырды. Сөйтіп, бұғаздың екі жағындағы қорған-қамалдар кеме өткізбейтін болды. II Мехмед Константинополь қаласын айнала қоршап түрған тас қамалдарды бұзып қирату үшін Венгриядан арнайы мамандар әкеліп, үлкен зеңбіректер жасатты. Эдирне қаласынан II Мехмедтің қолбасшылығымен жолға шыққан түрік әскері 1453 жылы б сәуірде қаланың алдына келді. Византиялық сегіз мың әскер қорғаған қаланы 50 мың Осман әскері қоршауға алды. Византиялықтардың 26 соғыс кемесі қаланы теңіз жағынан қорғап тұрды.

Қаланың теңіз жағынан кемелер өтетін Халич шығанағына шынжырдан бөгет орнатылған еді. Патша II Мехмед шынжыр бөгеттен өте алмаған кемелерді құрлықтан өткізуді ойлады. Сол үшін жерге тақтайдан жол жасап, үстіне май төгіп, 70 кемені өгіздерге тартқызып, шынжырдың ар жағынан теңізге қайта түсірді. Бұл айла Константинополь қорғанысы үшін үлкен соққы болады. Екінші жақтан үлкен зеңбіректер тас қамалдардың тас-талқанын шығарды. Осылайша, 53 күнгеұласқан қиян-кескі соғыстан соң 1453 жылы 29 мамырда қала берілді. Осыдан кейін II Мехмед хан ислам пайғамбарының мақтауына ие болып, араб тілінде «Фатих», яғни, «мықты қолбасшы», «жаулап алушы» атағымен атала бастады.

Константинопольдің қолға түсуі Еуропа елдерін қатты алаңдатты. Олар II Мехмедті «Ұлы бүркіт» деп атады. Сонымен қатар,оның бұл ерлігі Осман мемлекеті үшін үлкен бетбұрыс болды. Осман мемлекетінің Азия мен Еуропадағы территориялары түтасты. Бүл мемлекеттің нығаюында аса маңызды еді. Осман мемлекетінің Азия бөлігіндегі Эдирне қаласындағы астанасы енді Азия мен Еуропа құрлығын бір-біріне жалғап тұрған Константинополь қаласына ауысты.

Бұдан кейін Фатих Сұлтан Мехмед ханның батыста, яғни Еуропада, әрі шығыста Азияда, Анатолия- да үстемдігі одан эрі артты. Ол Еуропа жағынан Сербия, Афина, Венгрияның бір бөлігі, Албания, Италияның Отранто қаласы, Анатолия жағында Византияның соңғы бөлігі Трабзонды жаулап алды. Өзіне қыр көрсетіп жүрген мұсылман мемлекеттері Караманұлдары мен Аққойлы елдеріне күйрете соққы беріп, оларды тарих сахнасынан өшірді. Ақырында бүкіл Анатолия жері Осман мемлекетіне қарады.

– Фатих Мехмедтің соңғы жорығы туралы айтып берсеңіз.

– Фатих Сұлтан Мехмед 1481 жылы 3 мамырда шығысқа қарай жорыққа аттанып бара жатқан жолда Стамбулдан 80 шақырым жердегі Гебзе қаласында кенеттен дүниеден өтті. Кейбіртарихшылар подагра ауруынан өз ажалынан дүние салды десе, басқалар тегі еврей болған бас дәрігері Жақып паша берген удан өлгенін айтады. Фатих патша Стамбулда өзі салғызған Фатих атындағы мешіттің қасындағы кесенеге жерленді.

Фатих Сұлтан Мехмедтің осы соңғы жорығы қай елге бағытталғаны әлі күнгедейін беймәлім. Өйткені патша маңызды шешімдерін іске асырғанша сақтық жасап, ешкімге айтпай құпия сақтайтын. Бірдежасаған жорығының бағытын сұраған уәзіріне: «Қазір менің қайда бара жатқанымды сақалымның бір талы білген болса,оны дереужұлып алып отқа тастар едім», – деген екен.

Отыз жылдық билігінде II Мехмед «Фатих» деген атына сай екі империя, 14 мемлекет, 200 қаланы жаулап, мемлекеттің ауқымын 2.214.000 км2-ге кеңейткен. Одан үш ұл, атап айтқанда, II Баязид, Мұстафа, Жем Сұлтан және Геухер атты бір қыз дүниеге келген.

Ғылымға қатты мән берген Фатих патша ғалымдар мен ақын-жазушыларға үлкен құрмет көрсеткен. Мәселен, Темір мемлекетінің билеушісі Ұлықбек патшаның қасында қызмет атқарған самарқандықӘли Құщы 1449 жылы Аққойлы мемлекетінің патшасы Ұзын Хасанға елші болып Стамбулға барады. Әлидің біліміне тәнті болып көптеген сый-сияпат берген II Мехмед оны қалған өмірін Стамбулда өткізуге көндірген. Сөйтіп, Әли Құщы Осман мемлекетінде астрономия ғылымының негізін салуға атсалысып, 1474 жылы Стамбулда дүние салған.

Фатих патша сонымен қатар, мемлекеттің іргесін бекіту ісінде көптеген заңдар шығарған. Оның басқару, қаржы және заң саласындағы жиынтығы «Фатих заңнамасы» деп аталған. Оның заңдарының көпшілігі XIX ғасырдың алғашқы жартысына дейін күшінде болды. Елдің құрылыс жағынан да көркеюіне мән берген сұлтан 500-ден астам сәулеттік ғимаратсалғызды. Олардың ішінде мешіттер, медреселер, кітапханалар, асүйлері, емханалар мен керуенсарайлар көптеп орын алады. Өнерге де ықылас танытқан патша итальяндықтардың атақты суретшісі Беллиниге өзінің портретін салғызған екен.

– Журнал негізінен Сұлтан Сүлейменге арналғаннан кейін Канунидің жұрт біле бермейтін бір қасиетін айтып өтсеңіз.

-Зерттеулерде алты мың жылдық тарихы бар айранның (сусын) Еуропадағы, тіпті Америкадағы тарихы онша көп емес. Еуропа айранды XVI ғасырда білсе, Америка XIX ғасырдың аяғында ғана білген. Айран немесе«йогурт» деп те аталатын бұл пайдалы тағамды осыдан алты мыңжыл бұрын Орталық Азиядағы түркі халықтарының тапқанын әлем мойындап отыр. Көне түркі тілінде және Махмұт Қашғаридің әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрік» сөздігінде «йоғұрт» аталған бұл тағам басқа елдерде де көбінесе осы атпен аталуда. Кенетүркі тілінде «йоғұрт» сөзі «қоюлату, илету» деген мағына береді.

Ал деректерге қарасақ, оны Еуропаға танытқан Осман мемлекетінің беделді билеушісі Кануни Сұлтан Сүлеймен болған екен. Сұлтан Сүлеймен XVI ғасырда Франция королі II Генрихтің сырқаттанғанын естіп, оған ем ретінде айран жібереді. Ішекке байланысты бір ауруға шалдыққан Франция патшасы айранды ішкеннен кейін жазы- лып кетеді. Міне, осыдан кейін айран Франция және өзге Еуропа елдерінде ері тағам, әрі ем ретінде кең тарап кетеді.

Сүхбаттасқан Марфуға ШАПИЯН, Аңыз Адам Журналы, Мамыр 2013, Но: 10 (70), 19-20 беттер.

Журналда орын алған өзге мақалалар:

5 Факия ШАМШИДЕНОВА: СЕЛИМ СҰЛТАНҰЛЫНЫҢ АТЫН СҮЛЕЙМЕН ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ СҮЛЕЙМЕН ДЕП ҚОЙҒАН

9 Айдынгүл ХАВАН: ХЮРРЕМ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ ТАРИХЫНДА ЕҢ КҮШТІ, ӨРІЕҢМЫҚТЫ КҮҢ РЕТІНДЕ ҚАЛДЫ

12 Сәкен ТОРТАЕВ: ОСМАН БЕЙЛІГІ ОСМАН ТҮРІКТЕРІ МЕМЛЕКЕТІНІҢ НЕГІЗІ БОЛДЫ

14 Шәкір ИБРАЕВ: ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН – ОҒЫЗДАР

15 Ибраһим ҚАЛҚАН: ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ ОНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ОСМАН ҒАЗИДЫҢ АТЫМЕН АТАЛАДЫ

16 Ержан ҚУАНЫШБАЕВ: СҰЛТАН ОРХАН ҒАЗИ ҮЛКЕН САЯСАТКЕР, ӘРІ АҚЫЛДЫ, ӘДІЛ ПАТША БОЛҒАН

17 Ерке ТАМАБЕКОВА: БАЯЗИД СҰЛТАННЫҢ КЕЗІНДЕ БИЛІК ҮШІН ӨЗ БАУЫРЫН ӨЛТІРУ БАСТАЛҒАН

19 Әбдіуақап ҚАРА: ФАТИХ МЕХМЕД – ОСМАН МЕМЛЕКЕТІН ИМПЕРИЯҒА АЙНАЛДЫРҒАН ПАТША

21 Ақжігіт ӘЛІБЕКҰЛЫ: СҮЛЕЙМЕН СҰЛТАННЫҢ ӘКЕСІ   I СЕЛИМГЕ ҚАРСЫ КЕЛЕР БІРДЕ-БІР МЕМЛЕКЕТ БОЛМАҒАН

23 Рыскелді МЫРЗАБЕКОВА: СҰЛТАН СҮЛЕЙМЕН ТҰСЫНДА ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙДА «МҰСЫЛМАН ЕМЕСТЕРМЕН» САЯСИ ОДАҚ 5-6 ЖЫЛҒА ҒАНА ЖАСАЛАТЫН

26 Қайрат ЖҮНІС: ОСМАН СҰЛТАНДАРЫ ЯНЫЧАРЛАР АРҚЫЛЫ ӨЗДЕРІН БҰЙРЫҚТЫ МҮЛТІКСІЗ ОРЫНДАЙТЫН ӘСКЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТТІ

28 Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: ҚАЙЫП ХАННЫҢ ОСМАНЛЫ ПАТШАСЫ III АХМЕД СҰЛТАНҒА ЖАЗҒАН ХАТТАРЫ САҚТАЛҒАН

29 Мырзахан ЭГАМБЕРДИЕВ: ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ОРТА АЗИЯ ХАНДЫҚТАРЫ АРАСЫНДА БАУЫРЛАСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БОЛҒАН

30 Қайрат ҚҰРМАНБАЕВ: ОСМАН СҰЛТАНДАРЫ АРАБ ЕЛДЕРІН ДАМЫТУҒА КӨП КӨҢІЛ БӨЛГЕН

32 Ислам ЖЕМЕНЕИ: ҺӘРӘМСАРАЙ ЖАНДАЙШАПТАР МЕН ЖАҒЫМПАЗДАРДЫҢ ПАТШАҒА ЖАҚЫНДАУ ЖОЛЫНЫҢ БІРІ БОЛҒАН

33 Айым НАЗАРОВА: ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ АТАҚТЫ СӘУЛЕТШІСІ МИМАР СИНАН 375-ТЕЙ СӘУЛЕТТІ ҚҰРЫЛЫСТЫҢНЕГІЗІН ҚАЛАҒАН

34 САУАЛНАМА: СҰЛТАН СҮЛЕЙМЕН ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫНДА ҚАНДАЙ ІЗ ҚАЛДЫРДЫ?

40 Балжан ТОЕКИНА: ТҮРІКТЕРДІҢ КОНСТАНТИНОПОЛЬДІ БАСЫП АЛЫП, СТАМБУЛ ДЕП ЖАРИЯЛАУЫ БҮКІД ЕУРОПАНЫ ДҮР СІЛКІНДІРГЕН ОҚИҒА БОЛДЫ

43 Жеңісбек ӘБІЛДАЕВ: СҰЛТАН СҮЛЕЙМЕН ПОЭЗИЯ ӘЛЕМІНДЕ «МУХИББИ» ДЕГЕН БҮРКЕНШІК АТПЕН МӘЛІМ БОЛДЫ

46 Шолпан СӘДУОВА: КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕ БИ БИЛЕУГЕТЫЙЫМ САЛЫНҒАНЫМЕН, МЕРЕКЕЛЕРДЕ КӨҢІЛ КӨТЕРУГЕ РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН

47 Күлжан ЖАНАТАЕВА: III СЕЛИМ СҰЛТАННЫҢ ТҰСЫНДА ИМПЕРИЯДА ДАҒДАРЫС ПЕН СОҒЫС БЕЛЕҢ АЛДЫ

Bir Cevap Yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *