Алаш қозғалысының соңғы түйіні Мұстафа Шоқай

{jcomments on}

Әбдіуақап Қара

Тарих ғылымдарының докторы – Ыстамбұл (Түркия)

Қазақ халқының таяу заман тарихында ерекше орынға ие Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл мәселеге тереңнен үңілгенде, оның ауқымының одан әлдеқайда әріде Мұстафа Шоқайдың күрес тарихымен жалғасып 1940 жылдарға дейін барғанын көреміз.
Бірақ, Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарын Алаш Орада қозғалысынан бөлек қолға алу басым болып отыр. Атап айқтанда, Алаш Қозғалысы, Алаш Орда үкіметі мен Мұсафа Шоқай, Түркістан автономиясы, Шоқайдың Еуропа елдеріндегі саяси іс-қимылдары көбінесе бірбірінен тәуелсіз әрекеттер ретінде бағалануда.

Желтоқсан оқиғасынан жалпыұлттық мүдде емес, жеке бас мүддесін іздеуден аса алмай жүрміз

{jcomments on}

Әбдіуақап Қара, Түркиядағы Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, түркітанушы:

– Әбдіуақап аға, сіз саналы ғұмырыңызды ғылымға арнап келе жатқан адамның бірісіз. Соның ішінде қазақ тарихына қатысты еңбектеріңіздің өзі бір төбе. Бірде азаттық идеясын ту етіп ұстаушылардың бірегейі – Мұстафа Шоқайдың өміріне қатысты Түркістан легионы туралы ақиқатты ашқыңыз келетінін айтып едіңіз. Осы арманыңызға жеттіңіз бе?

– Жоқ, ол арманымызға жеттік деп айта алмаймын. Біріншіден, бұл – өте ауқымды мәселе. Тез арада орындалуы да екіталай. Әлі көп уақыт еңбек етуді талап етеді. Содан соң, әрине, бұл тек бір ғана адамның қолынан келетін шаруа емес. Басқа ғалымдар да атсалысуы керек. Сондай-ақ бұл тек қазақ халқына ғана қатысты емес. Көптеген елдер бұл мәселенің қыр-сырының ашылуына өте-мөте мүдделі. Өйткені легионда қазақтан басқа да көптеген халықтардың өкілдері болғанын білесіз. Осы мақсатта 2006 жылы Ыстамбұлда Түркістан легионы туралы түрік тілінде бір кітап шығарған едім. Онда Түркістан легионының бірқатар қырларын ашуға тырыстым. Енді бұл еңбектің қазақ тіліне аударылып басылуы мен үшін өте маңызды.


KAZAK EDEBİYATININ ZİRVESİ ABAY KUNANBAYOĞLU

{jcomments on}

Ünlü yazar Cengiz Aytmatov’un Goethe ve Tolstoylar ile kıyasladığı Abay (İbrahim) Kunanbayoğlu, kendi halkını tüm yönleriyle eserlerine yansıtabilen ender şair ve yazarlardan biridir. Özellikle Kazak edebiyatında yeni bir çığır açmasıyla tanınan Abay sadece Kazak kültürüne değil, dünya kültürüne mal olmuş bir şahsiyettir. Bu sebeple, 1995 yılı UNESCO tarafından bütün dünyada “Abay Yılı” olarak ilan edilmiştir. Bu etkinlikler dünyanın bir çok ülkesinde olduğu gibi, Türkiye’de de kutlanmıştır.


Türkiye’deki Abay Yılı kutlamaları çerçevesinde, Istanbul’un Kazakların yoğunlukta yaşadığı ilçelerden biri olan Zeytinburnu’nda bir caddeye onun adı verilmiştir. Daha sonra bu cadde de inşa edilen ilçenin güzide okullarından birine Abay İlköğretim Okulu olarak onun adı verilmiştir. Kazakistan Cumhurbaşkanı Nursultan Nazarbayev, 21 Mayıs 2003 tarihinde, Zeytinburnu’na şeref vererek, bu okulun açılış törenine bizzat katılarak açılış kurdelasını kesmişlerdir. Bu da bize Abay isminin Kazak Türklerinde ne derece saygın bir yere sahip olduğunu gösterse gerek.