TÜRKİSTAN AYDINLARININ MİLLÎ MÜCADELEYE BAKIŞI

Türkiye’nin yeniden doğuşunun temellerinin atıldığı 1919 – 1923 yılları arasında yürütülen milli mücadele döneminde Türkistan Türkleri de benzer bir çaba içindeydi. Milletler Hapishanesi olarak adlandırılan Çarlık Rusyası 1917’de ard arda gelen Şubat ve Ekim İhtilalleriyle çökmüştü. Rusya Türkleri Çarlık Rusyasından sonra ortaya çıkacak yeni siyasi yapılanmada kendi milli devletlerini kurmak için büyük bir mücadeleye atılmışlardı. İşte böyle bir ortamda dahi Türkistanlı aydın ve devlet adamlarının Türkiye’deki milli mücadeleyi dikkatle izledikleri görülmektedir.


Çarlık Rusyasının yıkılmasından sonra, 1920 ve 1930’lu yıllarda ihtilallerin yaşandığı Orta Asya’da Bolşevik hâkimiyetinin tesis edilmeye çalışıldığı kargaşa ve karmaşanın yaşandığı ortamda, Türkistanlıların Türkiye ile fazla ilgilendiği söylenemez. Bu dönemde Türkistan’da Başkurt, Alaş Orda ve Türkistan veya Hokand Milli Muhtar devletlerini kurma teşebbüsleri olmuşsa da kalıcı bir başarıya ulaşamamıştı. Türkistan’daki aydınlar, o dönemde hangi safta olurlarsa olsunlar, ister milli demokratik görüşte, isterse Bolşevik taraftarı olsun, Anadolu’daki mücadelenin başarısı için gönülden destekçi olmuşlardır.

Biz bu yazımızda bu iki karşıt görüşteki aydınların milli mücadele hakkındaki yorum ve görüşlerini dile getirmeye çalışacağız.


ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КЕШЕГІСІ, БҮГІНГІСІ ЖӘНЕ ЕРТЕҢГІСІ

“50 жылда ел жаңа 100 жылда қазан жаңа” деген қазақтың мақалы бар. Бұл сөздің мәніне Түркия қазақтарының тарихына қарағанда әбден көз жеткізуге болады. Өйткені Түркия қазақтарына 50 жыл толып бір неше жыл да асып отыр. Осы 50 жыл ішінде Түркия қазақтарының жаңарғанын көруге болады. Қазір Түркия қазақтары басым көпшілігін Түркияда туып өскен қазақтар құрап отыр. Бүгінгі таңда, Түркия қазақтарынын алғашқы легі осы елге қадам басқан 1952 жылы дүниеге келген бала қазір 50 жастан асып отыр.

Осы мақалада Түркия қазақтары 50 жылда не істеді? Қандай жағдайларды бастан кешірді? Бүгін не істеп жатыр? Ертең не болады? Қазақтар қазақтық қалпын, салт-дәстүрін сақтай ала ма? деген сұрақтар төңірегінде сөз қозғалады.

Өткен 50 жылға көз тастайық дегеніміз тарих. Ендеше Түркия қазағынын бүгінгісі мен ертеңгісі туралы сөз қозмас бұрын тарихына тоқталған жөн. Осы орайда қазақтар Түркияға қай жолмен қалай келіп қалды? деген мәселеге тоқталамыз. Оның одан алдынғы тарихы өз алдына үлкен әңгіме. Оны осы мақаланың шектеулі аясы көтермейді.

Қазақтар, Түркияға Үндістан-Пәкстан арқылы келді. Олар, Түрік үкіметінің 13 Наурыз 1952 күнгі қаулысы бойынша Түрік еліне қабылданды. Осыдан кейін алдына 12 жыл, артына 2 жыл болған Үндістан мен Пәкстандағы екі мыңға жуық қазақ Түркияға қоныс аудара бастады. Сөйтіп қазақтың алғашқы тобы болып Құсайын Тәйжі бастаған қазақтар 1952- жылдың қыркүйек айында түрік еліне қадам басты. 1953 және 1954 жылдары келулер одан әрі жалғасты. Үндістандағы соңғы топ ретінде Қалибек Әкім бастаған қазақтар 1954 жылдың көктемінде Түркияға келді. Сонымен қыркүйек 1952 мен мамыр 1954-тін арасында Үндістан мен Пәкстанда өмір сүрген 1850 қазақтың барлығы Түркияға қоныс аударды.


ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗАҚТАР, ОЛАР КІМ, ҚАЛАЙ ӨМІР СҮРЕДІ?

Қытайдағы қазақтар

Бүгінгі Қытай қазақтары мекендеп отырған байтақ дала ежелден-ақ қазақ ұлтын құраған ру-тайпалардың ата қонысы. Мұны Қытай жазбаларының қай -қайсысы да терістемейді. Біздің заманымыздан бұрынғы жылдардан бастау алатын жазба деректер қазақты құраған ру тайпалардың сол дәуірлерде ақ бүкіл Қытай өңірінде, жүйеден Шыңжаңда жасағандығын айғақтап отыр.

Қазақтардың екі мемлекетке бөлініп қоныстануы 1864 жылғы “Қытай -Ресей батыс солтүстік шекараны өлшеп айыру тоқтамынан” басталды. Деректерге қарағанда, бұл тұста Абақ керейдің түтін саны 30 мыңға, егер бір отбасында бестен жан бар деп есептесек, жан саны 150 мыңға жетті. Бұл тоқтамның бесінші тармағында былай делінеді: “Қазақ халқы бұрын қай жерді қоныстанып келген болса, бұдан былай да сол жерді қоныстанып, байырғы мекендерінде отырып, бұрынғы кәсіптерін істеп, бейбіт өмір өткізе береді. Шекара айырылғаннан кейін бұл жер қайсы мемлекетке қараса, сол жерді мекендеген адамдар жерімен сол мемлекетке қарайды”.


Түркияда 20 мыңнан астам қазақ тұрады!

четверг, 3 июля 2008 г.

«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп қазақ даналығы тектен-текке өсиеттемесе керек. Қуғын-сүргін, жаппай репрессия, аштық және соғыс жылдары бала-шағасының шыбын жаны үшін елден жыраққа кетуге мәжбүр болған қазақтың қазіргі ұрпағы Еуропа елдеріне тарыдай шашылған. Күллі әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс Түркияда тұратын қазақтарды да шарпымай өтпепті.

Тері өндірісінің арқасында 90-жылдары шалқып өмір сүрген қандастарымыз қазір бастарынан қиын-қыстау күндерін өткізіп жатыр. Ал түркиялық ғалым, тарихшы Әбдіуақап Қара әлсіз диаспораның ешбір елге керегі жоқтығын өкінішпен айтады. Бұл тұста қазақтың үлкен саясатта жоқтығына, тіптен ел тыңдайтын бірде-бір депутаттың шықпағанына қынжылады.


50. ЖЫЛЫНДА ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Түркияның Нигде қаласында тұратын қазақтардың Тамыз айының 28-29 күндері өткізілген Алтай ауылының 50 жылдық тойы кезінде ұйымдастырылған еларалық конферанцияда жасаған баяндамамызды назарларыңызға ұсынамыз. Конферанцияға Қазақстанның белгілі ғалымдары Проф. Рымғали Нұрғали, Проф. Мәмбет Қойгелдиев және Проф. Гүлнара Меңдіқұлова қатысты.

50 жыл алдын басталған қазақтардың Түркияға қоныстануы, төрт жылдық процесті қамтыйды. Алтайдан басталып Ғансу, Шыңқайдан өтіп Гималая мен Тибеттен асып Пакстанға жеткен қазақтар бұл арада біраз жыл тұрақтағаннан соң Түркия Республикасының Басминистір Аднан Мендерес басшылығындағы үкіметінің 1952. жылдың 13. Наурыз күнгі қаулысымен түрік еліне қыбалдынды. Сонымен Пакстандағы қазақтардың алғашқы легі, сол жылдың қыркүйек айында Стамбұл қаласына ат басын тіреді. Осыдан кейін өздерінің көш жетекшілерінің басшылғында топ топ боп Түркияға келе бастады. Көштің соңғы легі 1956 жылдың көктемінде келді.

Негізінде, Пакстандағы қазақтардың ол кезде баратын елі, тек Түркия ғана емес еді. Ұрұмчі қаласындағы консулын аман есен Тибет шеғарасына жеткізген қазақтарға АҚШ да жанашырлық танытып баспана, жұмыс беретінін балаларын тегін оқытатын білдіріп көшіп келуге шақырды. Бірақ, қазақтың көшбастаушы жетекшілері түбі бір туысқан тілі, ділі жане діні бір Түркиядан басқа елге баруды қаламады.


Kazak Türkleri Menderes’i dualarla andı

Kazak Türkleri Menderes’i dualarla andı

19 Mart 2012 Pazartesi

Türkiye’de yaşayan Kazak Türkleri, 60 yıl önce kendilerine Türkiye’nin kapılarını açan merhum Başbakan Adnan Menderes’i kabri başında andı.

> Özgür Eren İSTANBUL İHA

> Menderes’in Topkapı Anıt Mezar’daki kabri başında toplanan Kazak Türkleri, Türkiye’ye gelişlerinin 60. yılı dolayısıyla tören düzenledi.

Türkiye’de yaşayan Kazak Türkleri, 60 yıl önce kendilerine Türkiye’nin kapılarını açan merhum Başbakan Adnan Menderes’i kabri başında andı. Törene Kazakistan İstanbul Başkonsolosu Arslan Dandıkayef, Doç. Dr. Abdulvahap Kara, Kazak Türkleri Vakfı Başkanı A.Vahap Kılıç, 60 yıl önce Türkiye’ye gelen Kazak kafilesiyle Türkiye’ye gelen Mansur Teyci’nin de aralarında bulunduğu Türk vatandaşı Kazaklar katıldı. Kazak göçmenlerin İsmet İnönü tarafından kabul edilmediğine dikkat çeken Doç. Dr. Abdulvahap Kara “13 Mart 1952’de Bakanlar Kurulu kararının ardından Kazak Türkleri kafileler hâlinde Türkiye’ye geldi. Bize Türkiye’nin kapılarını açan Adnan Menderes’i şükranla anmak için toplandık” dedi.

19 Mart 2012 Türkiye Gazetesi, http://www.turkiyegazetesi.com/haberdetay.aspx?haberid=528662


KAZAKLAR 60 SENE ÖNCE KENDİLERİNİ KABUL EDEN ADNAN MENDERES’İ RAHMETLE ANDI

17 Mart 2012 tarihinde Kazaklar Türkiye gelişlerinin 60. Yılı vesilesiyle İstanbul Topkapı’daki anıtmezarında Adnan Menderes’i rahmet ve minnetle andılar. 1930’lı yıllarda Doğu Türkistan’da zulüm ve baskıya uğrayan Kazaklar at sırtında Taklamakan Çölünü ve Himalaya dağlarını aşarak Hindistan’a geldiler. 12 yıl burada muhaceret hayatı yaşayan Kazaklar Adnan Menderes Hükümeti’nin 13 Mart 1952 günü aldığı kararla Türkiye’ye iskânlı göçmen olarak kabul etmeleriyle en büyük arzuları gerçekleşerek Türkiye’ye yerleştiler.

Gerçi 1947’de kurulan Müslüman Pakistan’da da alaka ve ilgi görüyorlardı. Ama Türkiye’nin yeri başkaydı. Çünkü, Mustafa Çokay’ın dediği gibi, Türkiye tüm Dış Türklerin ikinci vatanıydı. Bu sebeple Türkiye’deki Kazaklar için Türkiye’ye kabullerini öngören 13 Mart 1952 tarihi çok önemli bir gündür.


Қазақтар осыдан 60 жыл бұрын құшағын жайып қарсы алған Түркия қайраткерлерінің аруақтарына тағзым етті

ЫСТАМБҰЛ. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ –  1930 жылдары Шыңжанда зорлық-зомбылыққа тап болған қазақтар тілі, діні, ділі жойылатын болған соң ауа көшіп, Тибет-Гималайды асып Үндістан мен Пәкістанды паналаған еді.

Сол қазақтарды 1952 жылы Түркия қабылдап бауырына басты. Осы орайдағы қаулыны 1952 жылы 13 наурыз күні Түркияның Демократиялық Партия төрағасы және Бас министр Аднан Мендерес жетекшілігінде министрлер кеңесі қабылдаған еді. Міне осы құжатқа 60 жыл толуына байланысты Түркиялық қазақтардың өкілдері Басминистр Аднан Мендерестің кесенесіне барып құран оқыды. Сонымен қатар олар Басминистр Аднан Мендерес пен аталған қаулыны мақұлдаған Түркия Республикасының сол кездегі президенті Жәлел Баярға тағзым ету арқылы бүкіл түрік халқына алғыстарын атап өтті.

Жиынға Қазақтанның Ыстамбұлдағы бас консулы Арслан Дәндібаев ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Жансейіт Түймебаевтың хатын көпшілікке оқып берді.


ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСУ ҮРДІСІ ЖӘНЕ ОНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ

1991 жылы Кеңес Одағы тарқап түрік тілдес республикалар тәуелсіздіктерін жариялағанда, бауырлас елдердің ынтымақтасуы мәселесі күн тәртібіне енді. Бұл әсіресе түркі тілдес республикалардың зиялы қауым өкілдері арасында үлкен толқу мен тебреніске себеп болды. Алайда бұл мәселенін ішкі және сыртқы фактөрлер себебімен оңай іске аспайтыны көп кешікпей белгілі болды. Сонымен түркі мемлекеттердің ынтымақтасуында бір белес болып саналатын түрік тілдес елдер ынтымақтасу кеңесінің құрылуы арада 20 жылға жуық уақыт салып 2010 жылы іске асты. Демек кі түрік тілдес елдердің ынтымақтасу үрдісі онай болған жоқ.

Бастапқыда жаңа тәуелсіз болған түркі тілдес елдердің Түркия мен ынтымақтастығына халықаралық көлемде қолдау көрсетілгені назардан тыс қалмады. Әсіресе батыстық елдердің жаңа тәуелсіз болған бір орталықтан басқарылған кеңестік социалистік жүйе орнына жаңа жүйе іздеген елдердің Иран Ислам республикасының үлгісінде исламдық негізде бір елге айналып кетуінен алаңдады.

Мәселен тәуелсіздік қарсаңында, АҚШ-ның Принстон университетінің таяу шығыс және Ислам турасында белгілі ғалымы Бернард Льюис Иран мен Сауд Аравиясының Орта Азияның егемендік алған елдеріне Исламдық басқару жүйесін ұсынғандарын, алайда Түркияның зайырлы, демократиялық заманауі үлгісінің көбірек тиімді екенін айтқан. Ол сонымен қатар, Иран орнына түрік моделін Мәскеудің де қолдау көрсетітін тілге тиек етуде.[1] Америкалық дипломат Джон Мареска да АҚШ-тың өздерімен одақтас, Еуропалық, мәдениеті ұқсас және демократиялық құндылықтары бір Түркияның осы құндылықтарды аталған елдерге таратуын қалайтынын айтуда.[2]