ПРЕЗИДЕНТ ЕРДОҒАННЫҢ ҚИЫН ТАҢДАУЫ

Президент Ердоған бұл турасындағы шешімін Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиев үшін жасады. Басқа аймақтан емес, түркі әлемінен бір ел үшін осындай таңдау жасауы өте орынды болған. Бірақ біздің болжауымызша, Ердоған үшін бұл таңдау оңайға соқпаса керек. Өйткені мұндай шешімді, Түркияның мықты достық байланыста болып келе жатқан және түркі дүниесінің көш басшы елдерінен Қазақстан үшін де қолдануына әбден болар еді. Тіпті мұндай бір шешім қабылданғанда, кім білсін, бәлкім, халықаралық қауымдастықта жоғары беделі мен орасан зор тәжрибесі болған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Түркияның және түркі дүниесінің салмағы осы самитте көбірек болар ма еді?!
Бұл жағдайды, әрине, түрік елінің басшылары ойлаған болу керек. Бірақ, нәтижеде Әлиевты шақыруға шешім шығарылған. Мұның, Түркияның халықаралық қауымдастықтағы мүдделері тұрғысынан орынды себептері бары сөзсіз. Бұлар қандай себептер болса да, G20 саммитіне қайсы ел басшысын шақыру керек деген мәселеде, Президент Ердоғанның Әлиев пен Назарбаев арасында таңдау жасау барысында қатты қиналғанын болжау қиын емес.

Осы таңдаудың G20 жоғары дәрежелі кездесуінде Түркия және бүкіл түркі дүниесі үшін табыстарға мұрындық болуына тілектеспіз.

Әбдіуақап Қара

Bir Cevap Yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *