Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасының бағалануы

Өздеріңізге белгілі, Шоқайдың саяси күресінің басты мақсаты – Түркістандағы кеңес билігінің орнына тәуелсіз ұлттық басқару жүйесін орнату еді. Сол себепті Шоқай кеңестер үшін режим қарсыласы еді. Сондықтанда Мәскеу оның өмірімен идеялары туралы мәлімет таратуға тиым салды. Кеңес идеологиясы бойынша Шоқай «халық жауы» деп жарияаланды.

Шоқай туралы қатаң тиым-шектеулердің қажала бастауы Кеңестер Одағы құлауға бет алған 1990 жылдардың басына дөп келеді. Бірақ бұл процесс бірден жүзеге аса қоймады. Шоқайды халық жауынан халық қаһармандығына көтерген процесс қазақ зиялыларының өте сақ және батыл әрекеттерінің арқасында жүзеге асты.

Кеңестер Одағының алғашқы кезеңдерінен бастап-ақ Шоқайдың шығармаларының басылуына, таратылуына және тіпті оқылуына тиым салынды. Бұл тиымдарға мойынсұнбағандар, сірә оның атын атағандар қатаң түрде жазаланды. «Халық жауы» деген желеумен Шоқайға байланысты мәліметтер оқулықтар мен энциклопедияларға кірмей қалды. Сол себепті Қазақстан мен қазақ халқына қатысты барлық мағлұматтарды қамту үшін үлкен еңбек сіңіріліп дайындалған 12 томдық Қазақ Совет энциклопедиясында Шоқай туралы ешқандай мәліметке орын берілмеді.

Тарих кітаптарында Шоқай отанын сатқан опасыз ретінде көрсетілді. Кеңес дәуірінде Қазақстанның ресми тарихы болып саналған “ҚазақССР” тарихы атты еңбекте Түркістан автономиясына байланысты оқиғалар баяндалып жатқанда Шоқайдың қарсы төңкерісшіл элемент екендігіне баса назар аударылды. 1961 жылыАлматыда жарық көрген “ҚазақССРтарихы” атты еңбекте Шоқайға байланысты мына жолдарды кездестіреміз: “…Сонымен қатар ағылшын империалисттерінің нұсқауларымен 1917 жылдың қараша айының соңында Қоқанда Қоқан автономиясы деген бір автономия құрылды. Бұл кертартпа-төңкерісшіл өкіметтің ішінде өзбек буржуазияшыл ұлтшылдарымен қатар қазақ ұлтшылдары М.Тынышбаев пен М.Шоқаев орын алды.”

“Қазақ ССР тарихындағы”  осы тұжырым аса маңызды. Өйткені ол еңбек кеңестердің Қазақстан тарихы туралыресми көзқарасын байқатады. “Қазақ  ССР тарихы” сынды ресми тарих кітаптары Компартияның көзқарастары мен принциптерін көрсету барысында, партияның мұқият бақылауында дайындалады.

Кеңес идеологиясын коммунисттік партия белгілегендіктен партия басшылары өзгерген сайын идеологияда да өзгерістер болып отырды. Соған мезгілдес Қазақ ССР тарихы да өзгертіліп тұрды. Тұңғыш Қазақ ССР тарихы 1943 жылы жарық көрді. Бірақ ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейін бұл кітапта жаңсақ пікірлер орын алғаны алға тартылып, қайта жазуға шешім қабылданды. 1948 жылы Қазақ ССР тарихының екінші нұсқасы жарияланды. Бірақ кейіннен бұл кітапта зиянды деп табылды. 1978 жылыүшінші және соңғы нұсқасы жазылып, оқырмандардың назарына ұсынылыды. Қазақ ССР тарихы секілді маңызды кітаптардың мазмұнын Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті идеология хатшысы тексеріп отырды.

Бұлар да жағымсыз пікір білдірілген Шоқай туралы әрқандай бір адамның зерттеу жүргізіп, әрқандай бір материалды жариялауы мүмкін емес еді. Өйткені Кеңестер Одағының мүшесі  болып саналатын бір елдің тарихына байланысты Кеңес идеологиясы бойынша жазылған тарих кітаптары зерттеушілер мен  тарихшылар үшін жол көрсетуші бір компас қызметін атқарады. Оған қарай тарих бағалануға тиісті еді. Сондықтан, айталық, Қазақстанға қатысты шығарылатын тарих кітаптары мен зерттеу еңбектерінің нәр алатын бұлағы “Қазақ ССР тарихынан” болып табылады. Қазақстан азаматтары, әсіресе ғалымдар мен өнер қайраткерлері сондай-ақ, ақын-жазушылар мен коммунизмнің болашақ құрушылары деп айтылған жастар сол кітаптың көзқарастарымен санасуға мәжбүр еді. Сол себепті “Қазақ ССР тарихында” кертартпа-төңкерісшіл деп сипаттама берілген Шоқай туралы сөзқозғау әсте мүмкін емес еді.

Кеңестік Қазақстанның ресми тарихында тиым салынған тек Шоқаймен Түркістан автономиясы емес еді. Алашорда қозғалысы мен жетекшілерінеде тиым салынды. Алайда, Алаш қозғалысының жетекшілері билік большевиктер қолына өткеннен кейін Шоқай секілді шетке шығып күрес жүргізудің орнына, олармен бірге істесуді  таңдап, Қазақстанда кеңестік басқару жүйесінің ұлттық сипат алуына маңызды үлес қосты. Олар әсіресеғ оқу-ағарту, ғылым және өнер секілді салаларда орасан еңбек етті. Соған қарамастан 1925 жылдан бастап Алашорда мүшелері кеңестік әкімшілік орындарының қудалауына ұшырай бастады. 1930-1932 жылдары жүргізілген әртүрлі соттарда Алашорданың белсенді мүшелері халық жауы және шетелдердің тыңшылары деген айыптар тағылып бас бостандығынан айрыу, жер аудару немесе өлім  жазасына кесілді. Бұл соттардың қармағына ілікпей аман қалғандары 1937-1938 жылдардағы репрессиялар кезінде қырғындалды. Алашорда қозғалысы мен оның жетекшілері туралы зерттеулер жүргізіп, еңбектер жазуға да 1935 жылдан бастап тиым салынды.

Шоқай бұл жағдайды тосырқамайды. Оның ойынша кеңес билігіндегі халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстарын кеңес тарихшыларының бейтарап жазуы мүмкін емес еді. Өйткені олар, жалпы алғанда,тарих ғылымында бейтараптылықты қабылдамайды. Сондықтан олар тарихты тап күресі үшін бір құрал ретінде пайдалануға бейім тұрды. Шоқай тарихтың тек өткеннен сыр шертетін ғылым ғана емес, сонымен қатар болашаққа бағыт-бағдар беруге жарайтын бір құрал екендігіне кеңестік тарихшыларының өте жақсы білгендігіне баса көрсетеді.

Саяси қызметтерімен көзқарастарына байланысты Кеңестер Одағында ат-айдар тағылып қылмыскер атанған Шоқай ғана емес еді. Оның туыстары да режим үшін күдікті адамдар санатына жатқызылды. Ол үшін Шоқайдың көзқарастарын қолдап-қолдамау қажетті емес еді. Оның, яғни халық жауының туысы болу әртүрлі жазамен қысымға ұшырау үшін жетіп жатты. Сол себепті Шоқайдың жақындары кеңестік орындардың қысымына тап болды.

Кеңестер Одағында қандай да бір себепке байланысты Шоқайдың аты атала қалса, артынан міндетті түрде жағымсыз сипаттарда бірге айтылатындағды қалыптасты. Оған көбінесе Кеңестік түркі тілдес республикаларында ауыр айыптаулар болып табылатын түрікшіл, исламшыл, ұлтшыл немесе әлем буржуазиясының тыңшысы секілді теңеулер жапсырылды.

Шоқайға қарсы кеңестік үгіт-насихат 1968 жылы шарықтау шегіне жетті. Сол жылы КГБ офицері СерікШәкібаевтың Шоқай туралы жазған “Үлкен Түркістанның күйреуі” атты повесі жарық көрді. Деректі повесть екені алға тартылған бұл шығарма Шоқайды шен-шекпен үшін елін нацисттерге сатқан опасыз ретінде көрсетуге бағытталды. Кеңес дәуірінде Шоқай туралы тиым салынбаған дара басылым болып табылатын бұл повесть Шоқайдың нацисттердің түрмесінен Фашистік Германияның Шығыс министрі АльфредРозенбергке хат жазуымен басталады. Хатында Шоқай Түркістанды тек Германияның құтқара алатындығына сенетіндігін, сол себепті тұтқынға түскен түркі тектес кеңес әскерлерінен көмекші отрядтар жасақтап, неміс армиясына көмектескісі келетіндігін білдіреді. Осылайша Шоқайды фашисттік билік астындағы Түркістанға басшы болу үшін елін нацисттерге бодан етуге тырысқан сатқын ретінде көрсетуге бағытталған оқиғалар тізбегі өрбиді. Повесть бойынша Шоқай жақын серігі Уәли Каюм Хан берген у салдарынан өліп сазайын тартады.

Шәкібаевтың повесін құжаттарға сүйене отырып жазғандығы рас болғанымен, пайдаланған деректеріндегі қателіктер оны жаңсақ уақиғалар құрастыруына жетеледі. Шәкібаев рас тағы күмәнді кеңестік деректерді қолданды. Бұл деректердің көпшілігі соғыстан кейін кеңестерге қайтарылған легион мүшелерінің КГБ тергеуінде берген жауаптарының хаттамаларыеді. Тергеуде қысым астында әскерлерден алынған мәліметтердің көпшілігі шындыққа сай келмейді. Шәкібаев повесін осы жаңсақ мәліметтер бойынша құрастырды. Повесте шындыққа қайшы келетін көптеген мәліметті кездестіруге болады. Мысалы, повестің басында Шығыс министрі Розенбергке хат жазған Шоқай бір жылдан бері түрмеде отырады. Алайда, Шоқай ешқашан түрмеге отырмаған. Шоқай тек үш аптадай Париж маңындағы Компиен лагерінде тұтқында қалды. Ол жер де түрмеден гөрі бір оқу лагері секілді еді. Сондай-ақ бұл жердегі пікірталас ортасы Шоқайға өте ұнайды. Сонымен қатар ол кезде әлі Шығыс министрлігі құрылмаған болатын және Розенберг де министр емес еді. Повесте Шоқайдың Петербургте Заң факультетінде Керенский мен бірге оқығаны айтылады. Шындығында екеуінің бір уақыттарда студент болулары мүмкін емес. Керенский оқуын бітіргеннен кейін Шоқай Петербургке келді. Өйткені, 1881 жылы 22 сәуір күні туылған Керенский Шоқайдан 11 жыл бұрын Петербург униуерситетіне түскен. Шакібаевтың кітабында Шоқайдың ағылшын тыңшыларымен жұмыс істегені алға тартылады. Шоқайдың ешбір елге тыңшылық істемегені белгілі. Шәкібаев Шоқайдың Еуропаға жұбайы Марияның қалауы бойынша келгенін алға тартады. Шоқайдың Еуропаға өз ықтиярымен саяси күрес жүргізу үшін келгендігі Шоқай туралы зерттеулерде бүгінгі танда нақты мәлім болып отыр. Аталған кітапта Уәли  Каюмның Шоқайға “ЯшТүркістан” журналын шығаруға көмектескені аталып өтіледі. Бұл сөздіңде ешбір қисыны жоқ. Өйткені, Шоқай “ЯшТүркістан” журналын шығарып тұрған жылдарында (1929-1939) Уәли Каюмды танымайтын еді.Олар журнал тоқтағаннан кейін, соғыс жылдарында танысады. Түркістан легионы туралы пікірді алғаш Шоқай айтқан екен. Шоқайдың бұл пікірді айтқандығы туралы ешқандай мағлұмат жоқ. Қайта керісінше Шоқайдың нацистік тұтқын лагерлерінде алғаш рет болғаннан кейін тұтқын әскерлердің майдандардан қайтарылуы және оқуларға жіберілуі туралы ұсыныстар жасалғандығы жөнінде мәліметтер бар. Сонымен қатар Шоқай легион жобасына қарсы болған. Сол себептіде қайтыс болады. Шәкібаевтың алға тартуына қарағанда, Шоқай ағылшындар мен келісе алмағандықтан тұтқындалған. Шоқайдың тұтқындалу себебі тек Кеңестерге қарсы болуыеді. Шәкібаев романында Шоқайдың легионерлерді ұйымдастыру ісіне бар жан-тәнімен кірісіп, бұл істің жауапкершілігін мойнына алғанын алға тартады. Бұл пікір шындыққа толықтай қайшы келеді. Өйткені, Шоқай нацисттер мен әскери салада ынтымақтасуға үзілді-кесілді қарсы болатын. Повесть бойынша Зәки Уәлиди Парижге алғашрет 1937 жылы келеді және

оны Берлинге алып барып, Ғалимжан Идрисимен бірге “Яш Түркістан” журналын шығару ісін тапсырады. Уәлиди Стамбулға кеткенге дейін Идриси екеуі журналды шығару ісіне жәрдемдеседі. Бұл пікірлердің шындықпен ешқандай байланысы жоқ. Уәлиди Парижге алғаш  рет 1937 жылы емес, 1922 жылдың соңында келеді. Кейін Түркияға кетіп қалады. Сондай-ақ ол ешқашан “Яш Түркістан” журанлында қызмет атқармады. Романда сонымен қатар Шоқайдың өлімінен кейін Түркістандық босқындардың Зәки Уәлидиді Түркістан Ұлттық Комитетіне жақындатпағаны туралы пікір айтылады және 20 мамыр күнгі (жылыкөрсетілмейді) ТАСС хабар агенттігінен үзінді алынып, түрік полициясының фашистік ұйым мүшелері НихалАтсыз, Оғуз Түрккан және Зәки Уәлидидің үйлеріне тінту жүргізгеніне тоқталады. Жазушы бұл жерде де шындықтан алшақтап кетеді. Уәлиди соғыс кезінде Германияға еш болмаған. Сол себепті оның Түркістан Ұлттық Комитетіне кіру секілді әрекеті туралыайта алмаймыз. Екінші жағынан жазушы әдейі жылын көрсетпейтек 20 мамыр деп атаған оқиғасы 1944 жылы болған. Жазушы оқиғаның жылын көрсетпеу арқылы оқырманға Түркистан Ұлттық Комитетімен Зәки Уәлиди арасында бір байланыс болғандығына көрсетуге тырысады. ИдрисҒалимжанғақатыстыжазғандарыдашындыққажанаспайды. Оның не Шоқаймен, не “Яштүркістан” журналымен байланысы жоқ еді. Тіпті, архив деректеріне қарағанда Ғалимжан Шоқайдың тұтқын комиссияларында қызмет атқаруына қарсы еді және бұл туралы неміс органдарына баяндамалар беруден де тартынбаған.

Бұлардың барлығы, егер деректерге негізделген болса, легионда қызмет атқарған әскерлердің өзара ойдан шығарған аңыз-әңгімелерінен басқа ештеңе емес. Бұл әскерлер Шоқайдың қашан өлгендігі туралыда нақты білмейді. Сол себепті Шәкібаевтың романында 1941 жылы желтоқсан айында қайтыс болған Шоқай 1942 жылдың наурызында әлі тірі болып көрінеді. Өйткені, тұтқын лагерлеріндегі әскерлер Шоқайдың 1942 жылы сәуір айында қайтыс болған деп сенетін. Тұтқын лагерлеріндегі түркістандық әскерлерден Қарыс Қанатбай Шоқайдың өлімі туралы хабардың өздеріне сәуір айында жеткендігін айтады. Қысқасы деректі повесть деп көрсетілген шығармада оқиғалар желісінің пайдаланған материалдарының қате болуына байланысты шындықтан алыстап кеткені анық. Сондай-ақ жазушының Шоқайдың қызметтеріне кеңестік идеология тұрғысынан баға беруге тырысуы оның адасуын одан әрі тереңдете түседі. Мысалы, повесть бойынша Розенберг Шоқайға Түркістанның неміс отары болатындығын және ұлттық армиясы мен мемлекеттігі болмайтындығын айтады. Шоқай болса, бұған қарсылық білдірместен келіседі. Жазушының Розенбергпен Шоқай арасындағы кездесуді әрқандай бір дерекке сүйене отырып жазбағандығы анық. Бұл жерде оның толықтай кеңестік идеологияға сай бір бейнелеу жасауға тырысқандығы даусыз.

Шәкібаевтың кейіннен орысшағада аударылған повесінің Шоқайдың нацисттермен ауыз жаласқан сатқын екендігі жөнінде халық арасында жаңсақ ұғым қалыптасуына елеулі қызмет атқарғаны күмәнсіз. Сонымен Шоқайдың саяси қызметтерімен басылымдарынан Түркістан халқына қарсы ешқандай бір мін таба алмаған кеңестердің үгіт-насихат құралдарының Шәкібаевтың жалған деректерге негізделген повесі арқылы діттеген мақсатына қол жеткізуге тырысқанның айтуға негіз бар.

Қазақстанда 1960 жылдардың соңынан бастап кеңестік идеологияның белгілеген шеңберінен асып Шоқай туралы айту мүмкін емес екенін жоғарыда атап өткен едік. Бұл жағдай 1985 жылы кеңестік биліктің басына өткен Михаил Горбачёвтың қайта құру және жариялылық саясатына дейін жалғасты. Горбачёвтың кеңес қоғамын барынша демократияландыруға және бүкіл тарихи шындықтарды бүкпесіз ашық талқылауға шақырған жаңа саясаттарынан кейін жағдай өзгерді. Қарапайым халық пен зиялылар Қазақстанда идеологиялық себептерге байланысты тиым салынған тарихи оқиғаларды ашық талқылай бастады. Бұл процесс әсіресе, 1987 жылдан бастап белең алды. Алашорда қозғалысы мен жетекшілері, 1933 жылы үш миллионға жуық қазақтың өліміне жол ашқан аштық зобалаңы, 1937-1938 жылдардағы зиялылардың қуғын-сүргіне ұшырауы секілді сан жылдар тиым салынған тақырыптар ашық талқыланды.

Алашорда мен жетекшілері туралы айтыс-тартыстар 1988 жылдың соңында өз нәтижесін берді. Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғары Соты 1988 жылы желтоқсан айында қабылдаған бір шешім бойынша Алашорда жетекшілерінің нақақтан нақақ қарсы-төңкерісшіл және антисоветшіл деген айыптауларға ұшырағандығын мойындады. Осылайша Алашорда көсемдері ақталды. 1989 жылы қаңтар айында Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетіде бір мәлімдеме жариялап Алаш жетекшілерінің әлеуметтік, саяси және әдеби қызметтері туралы тарихи шындықтардың зерттеліп, халыққа жария етудің қажеттігін атап өтті.

Сөйтіп, Қазақстанда 1989 жылдың қаңтар айынан бастап Алашорда қайраткерлеріне қатысты шындықтардың бетін ашудың алдында тұрған кедергіліктер жойылды. Ендігәрі Алаш қайраткерлері туралы ешқандай тиым-шектеу жоқ еді.

Алайда, осы құбылыстар болып жатқанда, ешкім аузын ашып Шоқай туралы ләм-мим деп ешнәрсе айта алмады. Бұл жағдай бізге Шоқай туралы сөз қозғаудың ұлттық тарихтың өзге ақтаңдақ беттері туралы сөз қозғаудан әлдеқайда қиын екендігін көрсетеді. Екінші, жақтан мұны кеңестік үгіт-насихат механизмінің өзгеАлашорда лидерлеріне қарағанда, Шоқайға қарсы әжептәуір күштірек жүргізгенінің бір көрінісі ретінде бағалауға болады. Горбачёвтың тарихтың ақтаңдақ беттерін толтыруға шақырған жариялылық саясатының өзі Шоқай туралы шындықтардың бетін ашуда ешқандай қауіп жоқ екендігіне ешкімді сендіре алмаған көрінеді.

Сондықтан ешкім ортаға шығып, Шоқай туралы мәселе қозғауға батылдық көрсете алмады. Бұл турасындағы кідіріс бәрінен басым болды. Қазақ тарихының кеңес дәуірінде бүркемеленген барлық шындықтары айтылғаннан кейін ғана, Шоқай туралы әңгіме қозғалатын еді. Шоқай жариялылық саясатының аясында талқыланатын қазақтың ұлттық тарихының соңғы ақиқаты еді. Бұл құбылыста талқыланған жағдайда,  қазақ тарихында ешқандай ақтаңдақ бет қалмайтын еді.

Ақырында Кеңестік қазақ тарихының соңғы шындығын жұртшылық талқысына ұсынған алғашқы қадам 1990 жылы 17 мамыр күні басылды. Бұл қадамды басу батылдығын көрсеткен жазушы-журналист Бейбіт Қойшыбаевтың “Беймәлім тағдыр Мұстафа Шоқаев туралы бірер сөз” атты мақаласы  “Анатілі” газетінде жарияланды. Шоқай секілді кеңестік режимнің қайсар қарсыласы туралы пікірталасты басқан алғашқы мақаланың “Анатілі” газетінде жарық көруі де кездейсоқтық емес еді. Өйткені “Анатілі” газетіде қайта құру саясатының туындысы болып табылады. Газет кеңестік идеологияның тіл саясатының кесірінен ұзақ жылдар орысшаның тасасында қалған қазақ тілінің өміршендігін қалпына келтіру сынды ол кезең үшін бетбұрыстық бір мақсатта құрылған “Ан атілі” қоғамының органы еді. Шоқай іспетті қиын бір мәселе жөнінде сөз қозғаған мақалада тек осынау бір баспасөз органында орын алар еді.

Қойшыбаев мақаласын, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, абайлап жазды. Шоқайдың кеңестердің ымыраласпас жауы болғандығы жөнінде ресми тарихтың айтылғандардың шындығына таласпайтынын атап өткен автор қайта құрудың жаңашыл рухына сай дұшпанды да танып білудің қажет екенін көрсетеді. Осындай кіріспеден кейін Қойшыбаев Шоқайдың өмірі мен бірқатар шығармаларын таныстырады. Бірақ Шоқайды ақтауға тырыспайды. Тек мақаласының соңында Шоқайдың нацисттермен бірге істескені туралы алға тартушылықтың анық еместігін, өйткені оның Түркістан Легионының құрылуынан бұрын 1941 жылы 27 желтоқсан күні беймәлім жағдайда қайтыс болғандығын тілге тиек етеді.

Шоқай туралы екінші мақала тағы да Қойшыбаевтың қаламынан шықты. Мақала алғашқысынан алты айдан соң, атап айтқанда 1990 жылы қараша айында Қазақстанның ең ықпалды баспасөз органдарының бірі болып табылатын “Қазақ әдебиеті” газетінде жарияланды. Қазақстан Жазушылар Одағының көп тиражды газетінде орын алған мақаласында Қойшыбаев алғашқысына қарағанда көбірек батыл және айқын позиция ұстанады.

Шоқайдың өмірі мен шығармалары  туралы оқырманға мәлімет беруді көздеген Қойшыбаев оның  “Түркістан кеңестер билігінде” атты еңбегімен “Йени Түркістан” және “ЯшТүркістан” журналдарын таныстырады. Олардан үзінділер беріп, Шоқайдың саяси идеяларын таныстыруға тырысады.  Автор шетелдерде жақсы танымал бұл еңбектердің Шоқайдың өз елінде беймәлім қалып отыруының ойландырарлық жайт екендігіне назар аударады. Қойшыбаев сондай-ақ, Украинаның бұрынғы Сыртқы Істер инистрі А.Чулгин, Социалистік интернационалдың мүшесі, француз саясиқайраткері Пиер Ренодел және профессор Тахир Чағатай секілді көрнекті тұлғалардың Шоқайды жоғары бағалаған тұжырымдарынан үзінділер келтіреді. Мақаласының соңында сақтық шара қолданған Қойшыбаев бұл жерде қайсы бір адамды қаралау немесе айыптауды мақсат етпейтінін, тек тарихтың кейбір ақтаңдақ беттерін толтыруға күш жұмсағанын айтады.

Қойшыбаевтың осы мақаласынан кейін Шоқайдың еңбектерінен үзінділер газет-журналдарда тұжырым жасалмастан беріле бастады. Олардың арасында Қазақстан Коммунистік партиясының баспасөз органдарыда болды. Компартияның күнделікті баспасөз органы болып саналатын “Социалистік Қазақстан” газеті 1991 жылы қаңтар айында алғаш рет Шоқайдың еңбектерін оқырмандарға таныстырды. Газеттің екі санында Шоқайдың “Түркістан Кеңес билігінде” атты еңбегінен үзінділер түсінік берілместен жарияланды. Компартияның теориялық және саяси тақырыптардағы айлық баспасөз органы болып саналатын “Қазақстан Коммунисі” журналы да көп кешікпей Шоқайға көңіл бөлді. Журналдың 1991 жылы мамыр, маусым және шілде айларындағы сандарында Шоқайдың “1917 жылғы естеліктерінен үзінділер” атты кітабынан үзінділер жарияланды. Оған арналған қысқа кіріспеде БейбітҚойшыбаевтың “Ана тілі” мен “Қазақ әдебиеті” газеттерінде Мұстафа Шоқай туралы ойлантарлық мақалалардың орын алғандығына назар аударылып, Шоқай туралы шындықтың анық-қанығына жету үшін оның шығармаларымен танысып шығудың қажеттігі көрсетіледі. Шоқайдың “1917 жылғы естеліктерінен үзінділер” атты еңбегін 1988 жылы профессор Саадет Чағатайдың түрік тілінде жарияланғанын атап өткеннен кейін, бұл шығарманың Қазақстанда алғаш рет жарияланып отырғандығы айтылды.

Шоқай туралы үшінші және толықтай батыл мақала 1991 жылы мамыр айында Әнуар Әлімжановтың қаламынан шықты.Мақала кеңес одағының шаңырағы шайқалып ыдыраған дыбыстары естіле бастаған және Қазақстанның Мәскеудент әуелсіздігін жариялайтын желтоқсан айына бірнеше ай қалған кезеңге сәйкес келді. Әлімжановтың “Мұстафа Шоқай!..Олкім?” атты көлемді мақаласы “Қазақ әдебиеті” газетінің екі санында орыналды. Әлімжанов осы  мақаласымен Қазақстан баспасөзінде Шоқайды қазақтардың көсемі, тәуелсіздік күресінің қажымас жауынгері және ұлы тұлға ретінде бағалаған алғашқы кеңестік қазақ жазушысы болып табылады. Сонымен, Шоқай Қазақстанда алғаш реет халық жауынан халық қаһарманы дәрежесіне көтерілді. Бұл процесс Шоқайдың тағдырының елінің тәуелсіздігімен тығыз байланысты екенін айдан анық көрсетеді. Ол -елінің демократиялық құқтарын қорғау үшін 1921 жылы шетелге кетті. Шетелде елінің тәуелсіздігі жолында сан түрлі қиыншылықтарға төзе отырып мойымай, күресіп жүргенде 1941 жылы қайтыс болды. Бірақ, кеңес билігіндегі Қазақстанда халық жауы болып жарияланып, күрес жолы мен идеяларының таныстырылуына тиым салынды. Осындай тиым-шектер Қазақстан тәуелсіздікке қарай нақты қадамдар басып келе жатқан кезде ғана жойылды.

Қазақстанда Шоқайдың ұлттық қаһарман екендігін алғаш рет бүкпесіз ашық айтқан Әлімжанов мақаласының кіріспесінде былай дейді: “…Бүгін қайта құру күндерінде біздің жүзеге асыруға тырысқан пікірлерімізді ол сонау 1917 жылдың өзінде ұсынған болатын. Сол себепті оған “түрікшіл”, “исламшыл”, “ұлтшыл”, “әлем буржуазиясының итаршысы” деген айыптар тағылды. Соңына НКВД қызметкерлері түсті. Оның тек шығармаларына ғана емес, атын атаудың өзіне де қатаң тиым салынды. Байқаусызда атын атағандар қуғындалып, хабар-ошарсыз жоғалып кетіп жатты.”

Шоқайдың Қоқан автономиясындағы қызметтеріне де тоқталған Әлімжанов оның бұлжердегі қызметтеріне дәстүрлі кеңес тарихы көзқарасынан өзгеше түрде баға берді. Шоқайдың отанына сатқындық жасаған адам емес, қайта бүкіл саналы өмірін ұлтына арнаған отансүйгіш, ұлтжанды азамат екендігіне баса назар аударды.

Әлімжановтың бұл мақаласынан соң Қазақстанда Шоқай туралы алаңдаушылықтар айтарлықтай сейілді. Баспасөз саласының бүкіл органдары ол жөнінде материалдар басуға ықылас таныта бастады. Шоқайдың өмірі мен еңбектері туралы мақалалар жарияланды. Олардың ең маңыздыларының бірі Қазақстан Коммунистік ПартиясыныңЖ астарұйымының (комсомол) баспасөз органы “ЛениншілЖас” газетінде орыналды. Газеттің екі санында бірінен соң бірі, екі күн бойы жарияланған “МұстафаШоқайұлы” атты көлемді мақаланың ауторы Сарбұлақ Ибрашев Шоқайдың көзі тірі туыстарын танытты. Олардың Шоқайға байланысты көрген қиыншылықтарын әңгімеледі. Осы орайда автор Шоқайдың туыстарымен кездесіп, сұхбаттасты. Бірақ, туыстары Шоқайға тағылған “халық жауы” деген айыптаудың көпшілікпен Компартия назарында күшін жойғанына әлі сене алмай жүрген еді. Ғани Әлішев осы алаңдаушылығын тілге тиек етіп ауторға былай деді: “Мұстафа Шоқай туралы мақала жазамын деп біз душар болған қысым қудалауларға ұрынып жүрме. Ол туралы жазғанмен еш нәрсе өнбейді. Кеткен адам кетті. Жабулы қазан жабулы қалсын, онымен айналыспа.” Шоқайдың туыстарының кеңестердің құлауының қарсаңында әлі жалғасқан осынау алаңдаушылықтары, олардың Шоқайға байланысты небір қиыншылықтарды бастан кешіргендерінің белгісі болса керек.

Қазақстанның 1991 жылы 16 желтоқсан күні тәуелсіздігін жариялауынан кейін Шоқай туралы алаңдауға ешқандай негіз қалмады. Өйткені, оның бүкіл саяси күресінінің нысанасы болған Кеңестер Одағы келмеске кеткен еді. Оның орнына Шоқай бүкіл өмірін арнаған туған халқының ұлттық демократиялық басқаруы құрылған еді. Сол себепті жаңа Қазақстан мемлекетінде Шоқайдың өмірі мен еңбектері үшін алаң болуға ешқандай себеп жоқ еді. Қайта ол осы жаңа мемлекеттің ұлттық қаһарманы ретінде дәріптелуге лайықты еді. Бірақ, жетпіс жылдық кеңес билігі кезіндегі үгіт-насихаттардың ықпалынан әлі арыла алмай жүргендерден кенде емес еді. Олардың ой-өрістері бір кезде «халық жауы» атандырылған Шоқайдың жаңа Қазақстан мемлекетінде қалайша ұлттық қаһарманға айналғанын түсінуге жетпеді.

Мұндай көзқарастағы адамдардың көшбастаушысы Шоқайға қарсы жүргізілген кеңестік үгіт-насихаттың ең тиімді шығармасы – “ҮлкенТүркістанныңкүйреуі” атты кітаптың авторы Серік Шәкібаев болды. Шәкібаев Шоқайдың Қазақстан үшін ұлттық қаһарман болып жариялануын мойындамады және бұл ойын көпшілікке таратқан мақаласын жазуда да кешікпеді. “Қазақ әдебиеті” газетінің 1992 жылы шілде айындағы санында басылған мақаласында Шәкібаев бұл наразылығын былай деп ортаға салды: “Бұл мақаланы жазу  менің парызым болып табылады. Шоқай менің қаһармандарымның бірі болғандықтан ол туралы мерзімді баспасөз беттерінде түрлі пікірлер алға тартылып жатқанында, әсіресе оның фашисттермен ауыз жаласуын кейбіреулер шүбәлі жайт секілді көрсетіп, тіпті терістеуге тырысып жатқан кездерінде менің үнсіз қалуым оқырмандарым үшін түсініксіз жайт болатын еді.”

Шәкібаев “Құрғақ долбар – дәлел емес” атты осы мақаласында Қазақстан баспасөзінде соңғы кездері Шоқаймен  оның шығармалары туралы жиі мақалалар шығып тұруына деген мазасыздығын тілге тиек етті. Шәкібаевтың пікірінше, мұндай мақалалар халықтың Шоқайдың ұлттық қаһарман екені жөнінде жаңсақ пікір қалыптастыруына себеп болуда. Ал, шындығында Шоқай әсте қаһарман емес еді. Ол “фашисттердің қолжаулығы болған сатқын”еді. Ол құрған “Түркістан легионы” Германияның фашисттік армияларымен біргеТүркістанды жаулапалып, Германияның бір отарына айналдыруды көздеген еді. Шәкібаев осылайша Түркістан халқын немістердің боданына айналдыруды көздеген адамды қаһарман мәртебесіне көтеруге болмайтындығын атап өтеді. Байқалғанындай Шәкібаев бұрынғы кеңестік дәуірде Шоқайға бағытталған айыптаулардың ықпалынан әлі айыға алмаған сыңай танытады.

Шәкібаев сөйтіп мақаласында Шоқайдың отан қаһарманы еместігін, “фашисттермен ауыз жаласқан сатқын”екендігі туралы кеңестік айыптаулардың растығын дәлелдеуге тырысып бақты. Оның бұл мақаласына жауап Әлімжановтан келді. Әлімжановтың мақаласы “Қазақ әдебиеті” газетінің Шәкібаевтың мақаласы басылған санында және сонымен бір бете жарияланды. Демек, “Қазақ әдебиеті” газетінің редакция алқасы Шәкібевтың мақаласы өздеріне келіп түскеннен кейін, онымен Әлімжановтың танысып шығуына мүмкіншілік берген, сөйтіп, оған жауап боларлық бір мақаланың жазылуын қамтамасыз еткен еді. “Ұлы адамның аруағымен алыспайық” деген мақаласында Әлімжанов Шәкібаевтың мақаласын КГБ-ның әдеттегі күйе жағу әдісі ретінде бағалады. Оның пікірінше, Шәкібаев не осы мақаласында, не “Үлкен Түркістанның күйреуі” атты повесінде Шоқайдың нацисттермен елінің мүдделеріне қарсы одақтасқандығын көрсететін ешқандай сенімді дәлел ұсына алмаған еді.

Әлімжанов мақаласының соңында Шоқайдың отаны үшін жасаған қызметтерінің айдан анық көрініп тұрғанын және ешкімнің қорғауына мұқтаж еместігін мына сөздермен атап өтеді: “Мұстафа Шоқайұлы ешкімнің ақтауына мұқтаж емес. Ол өзін-өзі шығармаларымен, ерлігімен ақтап отыр. Оны тарих пен уақыт ақтады. Түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар оның өзіне лайық бағасын беруде.”

Әнуар Әлімжановтың бұл мақаласы Шәкібаев үшін қанағаттандырарлық жауап болмады. Шәкібаев Шоқаймен байланысты кері тартушылықтарын одан әрі жалғастырды. Қазақ тарихшыларынынан ӘбуТәкенов оның Шоқайға қатысты шындықтардың зерттеліп толықтай ортаға салынбаудан туындаған тұманды ортаны пайдаланып қалуға тырысқандығын айтады. Шәкібаев “Үлкен Түркістанның күйреуі” атты шығарманы қайтадан бастырды. Қазақстанда оқырманын көбейтіп көбірек кірім келтіру мақсатында даулы мәселелерді күн тәртібіне қою мен танылған бір газете Шоқайға байланысты пікірлерін тілге тие кетті. Шоқайдың немістердің жыртысын жыртқан “Түркістан легионының” құрушысы екендігін, сондықтан генерал шенімен марапатталғандығын және Гитлермен әскери одақтастық жасағандығын т.б. алға тартты. Тәкенов оның осылайша Шоқайды бейбітшілік пен ізгі ниетті жандардың жауы етіп көрсетуге тырысқандығын айтады. Бірақ Шәкібаев бұл істерінен көздеген мақсатына жете ала алмады. Сол себептен басқа амалдар іздеп Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасына қылмыстық ісқозғатуға дейін барды.

Бірақ кезде Шоқай тәуелсіз Қазақстан Республикасының халық қаһарманы еді. Ол бұған іс-қимылдары және идеяларына байланысты лайықты көрілді. Осы атақ-бедел Шоқайға қатысты шындықтардың беті ашылған сайын нығая түсуде. Осыған орай, Шоқайдың мұрасы мен қызметтерін жандандыру жолындағы іс-шаралар күн өткен сайын қарқынды түрде жалғасуда. Шоқай туралы айтулы жұмыстардың бірі 1994 жылы туған қаласы Қызылорда да жүзеге асырылды. Сол жылы кешігіпте болса, Шоқайдың жүз жылдық мерейтойы атап өтілді. Аталмыш қалада сонымен қатар, 1996 жылы Мұстафа Шоқай ескерткіші салтанатпен ашылды. Қазақстанның бірқатар қалаларында көшелер мен даңғылдарға және мектептерге аты берілді.

Сөйтіп, Шоқай Қазақстан ұлттық мемлекетінің тарихи тұлғаларының ішіндегі ең көрнекті есімдердің біріне айналды. Шоқайға көрсетілген осы ықылас қарқынмен жалғаса береді. Өйткені, оның күресі мен идеялары Қазақстанның тәуелсіздік тарихының маңызды бі рбөлегін құрайды. Сонымен қатар, Қазақстанның тәуелсіздік тарихының мазмұны Шоқайдың есімімен тереңдей түседі.

Дегенмен, Шоқайдың тарихи тұлғасы әлі Қазақстанда толық құрметтеліпалып отыр деп айта алмаймыз. Өйткені, Қазақстанның мәдени ордасы Алматыда Шоқайдың аты берілген көше қаланың біршетінде кішігірім болумен қатар, қалада оған арналған бірде-бір ескерткіш жоқ. Ал, бас қалаАстанаға келер болсақ, бұл жерде тәуелсіздіктің символт тұлғасы Шоқайдан ешбір белгі-із таба алмайсыз. Осындай жағдайда, Шоқайдың екінші отаным деген Францияның астанасында өткен жылы туғанына 110 жыл толуына байланысты Шоқай атында парк ашылып, мүсіні қойылуы ерекше назар аударуда. Міне, бұл өркениетті елдің белгісі. Енді, Шоқайдың бірінші отаны Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығында оған деген халқының толық құрметін көрсететін уақыт жеткен сияқты. Бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің және дамуының символ қаласына айналып отырған Астанада Шоқай және бүкіл Алаш тұлғаларынаарнап бір музей ашу, бір даңғыл көшеге Шоқайдың атын беру және Астананың төріне Шоқайға арнап ескерткіш орнату әділеттілік пен өркениеттіліктің белгісі болар еді.

Әбдіуақап Қара,Тарих ғылымының докторы, Шоқайтанушы ғалым

Bir Cevap Yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *