50. ЖЫЛЫНДА ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Түрік Үкіметі қазақтарды құшақ жая қарсы алды. Олардың өз жерінде шад шадыман өмір сүрулері үшін қолдан келген көмегін аямады. Негізінде Түрік елінін шеттен эмигрант қабылдауда бай тәжрибесі бар еді. Өйткені Мұстафа Қамал Ататүрік І. Дүниежүзілік соғыста шаңырағы шайқалып ортасына түскен Осман мемлекетінің қалдықтарынан жаңа мемлекет құрып Түрік Респұбликасының іргесін қалаған кезде, жас мемлекеттің халық саны небары 13-ақ миллион болатын. Жаңа елдің тәуелсіздігін баянды ету барысында халық санын қауырт өсіру діттеліп шетелдердегі түрік азаматтар елге көшіріліп әкеліне бастады. Міне бұгін Ататүріктің сол көреген саясатының арқасында Түркия 70 миллионға жетіп отыр.

Осы 70 миллион халықтың ішінде қазір түрлі түрік халықтарынын өкілдері де өмір сүруде. Әсіресе Татар, Өзбек, Кыргыз, Түркмен сияқты Түркістан дияспораларының өкілдерін көптеп кездестіруге болады. Түріктер олардын ешбіреуін сен қазақсын, өзбексін, немесе түрікпенсін деп бөліп жарып қарамайды. Барлығын түрік халқы деп есептейді. Сондықтан болса керек, қазақтын бір туар мемлекет және саясат қайраткері Мұстафа Шоқай “әрбір түрік тілдес халықтың екі отаны бар, біреуі туған елі, екіншісі Түркия” деген еді. Ал, Түркиядағы Түркістан дияспорасының ішінде қазақтардың жағдайын атап өтер болсақ, соның ішіндегі де ен бақытты дияспораның қазақтар екенін ауыз толтырып айтар едік. Өйткені өзге Түркістан дияспораларынын туған елдеріне қарағанда, Қазақстаннын Түркиялық отандастарына деген ыстық ықыласы ерекше көзге түсуде. Мұны Түркиялық қазақтардын үлкен бақыты демей, не дейміз? Түркия қазақтары атамекенің, дүшпанды жерге қаратып досты сүйсіндіретін өздеріне деген осынау жылы ілтипатынын кадірін білген жерде. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап бүкіл Қазақстан халқына алғысын айтып Аллаға шүкіршілік етіп келеді.

Біз бастапқы әңгімемізге оралып қазақтардың Пакстаннан Түркияға қоныс аудару мәселесін одан әрі жалғастырайық. Түркия, Пакстаннан қоныс аударған қазақтарды алдымен мисафірхана немесе қонақхана деп аталатын оралманханаларға орналастырды. Ол жерде жана көшіп келген азаматтардың баспана, тамақтану, киім, тазалық сыяқты барлық мұқтаждықтары қанағаттандырылды. Сонымен қатар, оларға түрік тілі, кәсіп-мамандық, жаңа елдің тірлік-салтына бейімдеу барысында кұрстар бен сабақтар ұйымдастырылды. Бір екі жыл осылай өткеннен кейін, қазақтарға, Түркияның қай жеріне орналасуды қалайтындықтары сұралды. Олар өздерінің дағдылы көшпенді мал шаруашылығы өмірлеріне сәйкес келетін таулы және далалық Анатолия аймақтарынан қоныс берілуін қалайтындықтарын айтты. Сонымен қазақтар Түркияның Маниса, Конья, Аксарай, Кайсері және Нигде өңірлерінің далалық және таулық аймақтарында жер көрсетіліп арнайы үйлер салынды. Соның нәтижесінде, біз бүгін тойлап отырған Алтайкөй яғный Алтай ауылы бой көтерді.

Түркияның эмигрант яғный оралман қабылдау тәсіліне айрықша тоқталу өттік. Өйткені, Түркияның бұл тәжрибесінің КО ыдырағаннан кейін тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстанның да, бір кездегі Түркия сияқты, демографиялық өсуді қажет сініп шетелдердегі отандастарын дұрыс қабылдаудың жолдарын қарастырған ізденістеріне ой салуы мүмкін.

Енді жалпы Түркия қазақтарының бүгінгісі мен келешегі туралы тоқтала кетейік. Біздіңше, қазақ дияспоралары ішінде, қазақ дияспорасын зерттеп жүрген әріптесім Гүлнара да осында отыр, ол да біздің пікірімізге қосылады деп ойлаймын. Иә қазақ дияспорасы ішінде де, ең бақытты дияспора деп Түркия қазақтарын айт сақ, асырып айтқандық бола қоймас.

Өйткені, Түркия түбі бір туысқан халық деп санап отырған қазақтарға жанашыр ел. Сондықтан бұл елдегі қазақтар әрқандай бір бөтендік, жаттық сезіп әрқандай бір этниқалық қысым қудалауға тап болып отырған жоқ. Тіпті, қазақтарды Орта Азиядан жана келген нәсілі таза, қаны таза нағыз түрік деп өзінен жоғары бағалап жатқан азаматтары көптеп кездесіп жатады.

Оның үстіне Түркия атамекен Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған кезде, әлем елдері ішінде оны бірінші болып таныды. Мұның өзі Түркия қазақтарының тарихындағы ең мәнді құбылыс болып табылады. Қаншама жыл Кеңестік аждарханың ашса алақанында, жұмса жұдырығында болған Қазақстанның көк туын желбіретіп егеменді ел болуы Түркиялық қазақтарды, өшкені жанып өлгені тірілгендей үлкен қуанышқа бөледі. Тұрғұт Өзал жетекшілігіндегі Түркияның Қазақстанның тәуелсіздігін кідірместен тануы бұл қуанышты еселеп өсіріп жіберді. Содан бері екі туысқан елдің достық туыстық қарым-қатнастары күн өткен сайын күшейіп келе жатыр. Соның арқасында, Түркия қазақтары туған елімен емін еркін ешқандай кедергіліксіз, тіпті виза шектеулері де болмастан, араласып құраласып келеді. Мұның өзі Түркия қазақтары үшін үлкен бақыт, үлкен ғанибет екені даусыз.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің ел басқарудағы көреген саясаттары да Түркия қазақтарының еңсесін көтеріп көңілдерін өсіруде. Елбасының егемен ұлттық елдің билік тізгінін қолға алысымен алғашқы жұмыстарының бірі, әлем қазақтарының тұнгыш рет бас қосуын, ол кездегі ел астанасы Алматыда қамтамасыз ету болды. Бұған Түркиядан 104 өкіл барып қатысты. Осы бас қосудың маңызды шешімдерінен бірі Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығынын құрылуы болды. Оның төрағалығына Нұрсұлтан Назарбаев бір ауыздан сайланды. Содан бері бұл ұйым, Түркия қазақтарының атамекенмен байланыстарын реттеп ұлттық мәдени сұраныстарын қанағаттандыруда маңызды рол атқарып келеді. Міне бұгін де, осы ұйымның атқарушы президенті Талғат Мамашев 50. жылға ат салысып арамызда болып отыр.

Қазақстан Президенті қай елге бармасын, отандастарын іздеп хал жағдайларымен танысып отырады. Бұл оның шетел қазақтарына деген үлкен ынта ықыласынын белгісі. Түркия қазақтары Президенттің өздеріне деген ерекше ықыласынын бар екенін 2003 жылы толық сезінді. Сол жылы Елбасы өзінін көптеген мемлекеттік жұмыстарынан болуына қарамастан, ат басын Стамбұл қазақтары көптеп шоғырланған Зейтінбұрын ауданына тіреді. Онда Абай атындағы мектептің тұсау кесерін жасады.

Міне, осы сөздерден аңгарылғанындай, қазіргі таңда Түркия қазақтарының атамекенмен байланыстарында ешқандай кедергі келтірерлік жайт жоқ. Дегенмен, Түркиялық қазақтар мен Қазақстан арасындағы осы байланыстар ойдағыдай және жеткілікті мөлшерде болып отыр деп айта алмаймыз. Басқа сөзбен айтқанда, осы байланыстарда ниеттің дұрыс, ықыластың жоғары екенін мойындасақ та, алда істелуге тиіс көп жұмыстардың күтіп тұрғанын жасыруға болмайды.

Мәселен, қазір Түркиядағы жас өспірімдердін қазақ мадениеті мен тілі жайындағы түсінігінің күн өткен сайын нашарлап бара жатқанын жасыруға болмайды. Бұл да заңды. Өйткені қазақта 50 жылда ел жана, 100 жылда қазан жана деген сөз бар. Елу жыл толған Түркиялық қазақтардын атамекенде кіндігі кесіліп кіндік қаны тамған нағыз қазақтардың көбі о дүниеге атанып болды. Қазір, қазақ ортасы көрмеген жас буындармен қоғам қалыптасып келе жатыр. Осы себептен біртіндеп жоғалып бара жатқан ұлттық мәдени ерекшеліктерді қайта жандандыру үшін нақтылы іс-шаралардың ұйымдастырылуы қажет. Мәселен, Германиянын неміс тіл және мәдениетін насихаттап үйрететін Гете Институттары сияқты қазақ тіл жане мадениетін шетелдерде дәріптейтін Абай Институттарын құрып қазақтар тұратын шетел қалаларында бөлімшелерін ашу ойластырылса жөн болар еді.

Екіншіден, тағы осы маселеде, Түркиялық жане Еуропалық жастардың Қазақстанға барып сонда жоғары білім алуын көбірек жігерлендіру қажет.

Үшіншіден, Қазақстанның шетелдегі қазақтар дегенде тек оларды қалай көшіріп алу керектігі жайында бағдармалар жасалып жатқаны назардан тыс қалмауда. Осымен қабат, шетелдерде, асіресе Түркия жане Еуропа секілді алыс шетелдерде, қазақтардын тұрған жерлерінде ұлттық ерекшеліктерін сақтап сапалық денгейлерін көтеру жайында да бағдарламалар жасалса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені қазіргі жаһандану дәуірінде, алыс шетелдерде қазақ халқының өкілдерінің болуының атамекенге тигізер пайдасының мол екені айтпаса да түсінікті.

Сөз сонында, Алтай ауылының 50 жылдығын құттықтауға мұрындық болып отырған ауыл әкімі құрметті досым Мұстафа Көкті құттықтай отырып алғысымды айтамын. Ол 10 жылдық арманын жүзеге асырып отыр. 1994 жылы Германияның Мюнхен қаласында жұмыс істеп жүрген кезімізде, от жаққан жерімізге соққан еді. Сонда ол ұзақ жыл жұмыс істеген Голландиядан Түркияға қайтып бара жатыр екен. Қайтқан себебін, туған жерім Алтай ауылын көркейтуге бара жатырмын деп түсіндірген еді. Міне ол осы арманын орындау барысында әкім болып жұмыс істеп жүр. Сондай-ақ, бір ікі жылдан бері ауылдың 50 жылдығын атап өтуді тілге тиек етіп жүрді. Оның бұл бастамасын Нигде Уәлиі (әкімі) Гүндіз Бедер және Нигде мері Мүмин Инан алғашқы күннен бастап қолдады. Мұстафаның бұл бастамасына Қазқастаннан бірінші болып Дүниежұзі Қауымдастығы төрағасынын І. орынбасары Талғат Мамашев қолдау білдірді. Оны екі ел арасында халықаралық мерекеге айналдырған болса, быйыл көктемде ғана Қазақстан Елшісі болып Анкарада қызметіне бастаған Бейбіт Исабаев мырза болды. Осы алқалы жыйынға Шымкент қаласының әкімі Өмірзақ Ахметов да ат салысып келіп отыр. Міне бұлардың барлығын Түркия мен Қазақстан арасындағы шынайы бауырластықтын нәтижесі деп білеміз. Әйтпесе, Алтайкөй сияқты шағын ауылдардың құрылуының халықаралық көлемде тойлау деген некен саяқ кездесетін құбылыс. Сондықтан, бұған ат салысқан барлық азаматтарға Түркия қазақтары атынан алғыс айтамыз және Түркия мен Қазақстан Респұбликалары арасындағы туыстық және достық байланыстар күнден күнге нығая берсін, гүлдене берсін, дейміз.

Әбдіуақап Қара, Ыстамбул

15.09.2006

Bir Cevap Yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *