АЛАШ КӨСЕМДЕРІ – ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ОЯТҚАН ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен ұлы тұлғалар – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және Мұстафа Шоқай – Алаш қозғалысының көшбасшылары ретінде түркі тарихында өшпес із қалдырды.

Әлихан Бөкейхан – Алаш қозғалысының негізін қалаушы, көсемі, алғашқы Алаш Орда үкіметінің төрағасы. Ол – қазақтың жері мен мемлекеттігі үшін күрескен, демократиялық принциптерді жақтаған саяси қайраткер.
Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы, тілші, әдебиетші әрі ұлт ұстазы. Ол қазақ әліпбиін жасаған, ұлттық баспасөздің негізін қалаған және білім арқылы ұлтты жаңғыртуға ұмтылған ұлы реформатор.
Міржақып Дулатұлы – ақын, жазушы, публицист және Алаш қайраткері. Ол өзінің «Оян, қазақ!» шығармасы арқылы халықты ұйқысынан оятып, еркіндікке үндеді. Ұлт бірлігі мен тәуелсіздік идеясын насихаттады.
Мұстафа Шоқай – Түркістанның тәуелсіздігі үшін Алаш идеясын әлемдік биіке көтерген саяси қайраткер. Ол Еуропада халықаралық баспасөз және “Яш Түркістан” журналы арқылы кеңестік отарлық жүйеге қарсы саяси тәуелсіздік күресін жүргізді.
Бұл ұлы тұлғалардың бар арманы – еркін ел, сауатты қоғам, әділетті басқару еді. Бүгінде олар қалдырған мұра – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл Түркістан халықтарының ұлттық санасының алтын діңгегі.
АЛАШ – ЕРЛІК ПЕН ПАРАСАТТЫҢ РУХЫ!