ЖАҢА КІТАП: ТӨҢКЕРІСКЕ ЖОЛ ЖОҚ: 15 ШІЛДЕ ТҮНІНІҢ ТОЛЫҚ ХИҚАЯСЫ
Түркиядағы 15 шілде күнгі әскери төңкерістік әрекетке бір жылдан асты. Алайда әлі онын қыр сыры толық ашылған жоқ. Қараңғылык нүктелері баршылық. Осы уақиғаны зерттеушілердің еңбектерін оқып зердемде жарықтандыруға күш жұмсап келемін. Қазір қолымда Түркияның алда келген журналистерінен Әбдіқадыр Селвидің “ТӨҢКЕРІСКЕ ЖОЛ ЖОҚ: 15 ШІЛДЕ ТҮНІНІҢ ТОЛЫҚ ХІҚАЯСЫ” атты кітабы. Оқып жатырмын. Осы тақырыпта көп ізденген, уақиғаның бел ортасындағы қуәгерлерімен кездесіп әңгімелескен сондай-ақ сот істеріндегі құжаттармен танысып шыққан Селви де осы төңкерістік әрекетті бүге шігесіне дейін аша алмағанын жасырмауда. Ол кітапқа жазған үш жарым беттік алғысөзін мына сөздермен аяқтауда:
“2016 жылы, 15 шілде түні CNN Түрк телеканалында әріптесім Ханде Фыратпен бірге Президент Ердоғанмен жасаған және тікелей эфирге берген тарихи сұхбатқа келер болсақ, бұл, құмыр бойы әсте ұмыта алмайтын бір сәт еді.
Соңғы сөзім, негізінде алғашқы сөзім болуға тиіс еді. 15 шілденің кітабын жаздым, бірақ 15 шілдені аша алдым ба? Бұған “Иә” деп жауап беруді қалар едім, алайда берсем де ең алдымен оған өзім сенбес едім. 15 шілде туралы көп кітап жазылды бірақ төңкерістік әрекеттің кітабы әлі жазылған жоқ.
Төңкерістік әрекеттің сәтсіздікке ұшырауына байланысты баз біреулер қаһармандық дастандары жазып жатыр. Төңкерісшілер болса табысқа жете алмағандықтары үшін шындықтарды жасыруға әлек. Құдай сақтасын, егер 27 мамыр және 12 қыркүйек сыяқты табысқа жеткен болғанда олардың мүмкін төңкерістік әрекетке қалай дайындалғандықтарын және қалай табысқа жеткендеріне қатысты естеліктері жарық көретін еді. Сонымен бірге бұл төңкерістің сыртқы қолдауы өте күшті. Саяси билік мұны, “НАТО-ға сүйенген төңкеріс” ретінде көріп отыр. Бірақ 15 шілдешілер Başiktaş otele gelen escort табысқа жетпегендері үшін бұл байланыстары анықталған жоқ.
15 шілдеге куә болған бір журналист ретінде бір күн осы төңкерістің шынайы кітабын жазуды армандап отырмын. Міне сонда қана “15 шілдені жаздым” дей аламын. Соған қарамастан осы еңбегімді оқуға уақыт бөлгендерге алғаш рет осы кітапта таба білетін мәліметтерге орын беруге күш жұмсадым. Бұл taksim rus escort кітапты кейін жазылатын кітабымның кіріспесі ретінде қабыл алыңыздар.”
Расында бұл тамыры тереңдерде жатқан күрделі бір төңкеріс. Тереңдегі қараңғылықтарды жарықтандырудың уақыт талап етері сөзсіз.