КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ЖАҢА КІТАП ИСЛАМДЫ АЛҒА ШЫҒАРАТЫН СЫЯҚТЫ
Пикети байлық және табыс теңсіздігі туралы көп жылдық зерттеулерінің нәтижесінде жалпы әлем бойынша адамдар арасындағы экономикалық теңсіздіктерінің арасындағы алшақтықтың барған сайын ұлғайып ақырында әлемдік оңбас экономикалық дағдарысқа әкелетінін айтуда.
Мұның нәтижесінде экономикада олигархтардың пайда болып жалпы адамдардың сатып алу күшінің төмендеп әлемдік экономикалық өсу құлдырай бермек. Экономист Пикети осындай дағдарыстан шығудың жолы ретінде байлардан тек жылдық табыстарынан қана емес, сонымен бірге бүкіл мал-мүліктерінен де жылдық % 2 мөлшерінде салық алу керектігін ұсынуда.
Түптеп келгенде бұл Ислам дінінің мал-мүліктің қырықта бірін, яғни % 2,5-ін зекет беру қағидасы емес пе? Батыс әлемінің атақты экономистінің ХХІ- ғасырда шығарған қорытындысын Ислам діні 1,5 мың жылдан бері уағыздап келе жатыр.
Сонымен қорыта айтар болсақ, осы талас-тартыстар батыстық ғалымдарды Ислам дінінің құндылықтарын көбірек зерттеп білуге түрткі болатын сыяқты. Сондықтан Карл Маркстың “Капитал” атты әйгілі еңбегі әлемде атеизмді, яғни дінсіздікті көтерген болса, Томас Пикетинің “Капиталі” дінді, әсіресе Ислам дінін алға шығарады деуге негіз бар.
Әбдіуақап ҚАРА,
Тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркемөнер
университетінің профессоры