МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ БЕЙІТІН ҚАЛАЙ ТАПТЫҚ?
27 желтоқсан қазақтың бір туар мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың дүниеден қайтқан күні. Осыдан тура 75 жыл бұрын, атап айтқанда 1941 жылы 27 желтоқсан күні Берлинде Уиктория Кранкенхауста дүние салған еді. Жұбайы Мария Яковлевна Горина сонда азаматтық істеп Шоқайды сол дүниежүзілік соғыс жылдарынын қиын қыстау кезінде Берлиндегі түрік зиратына жерлеуге мұрындық болды. Біз сол үшін Мария Яковлевнаға қарыздармыз. Сөйтіп есіл ер 1942 жылы 2 қаңтар жұма күні Берлиндегі түрік шәйіттері зиратына жерленді. Бірақ соғыстан кейін сол зират елеусіз, ескерусіз қалды. Кеңес Одағы тұсында Қазақстаннан Берлинге Шоқайдың бейітін іздеп келу былай тұрсын, оның ел ішінде атын атауға тиым салынды.
Шоқайдың бейітін сонда алғаш кім іздеді, кім тапты деген сұрақ ойға келеді. Оны тапқандар Германия қазақтары. Біз сол оқиғаның бел ортасында жүрген, бүгіндері Алматыда Райымбек ауданында өмір сүретін Зуқа батыр ұрпағы Арслан Тосын ағамызбен осыдан екі жыл алдын, айтқанда 2014 жылы, 24 қыркүйек күні кездескенде сұһпаттасып айтқандарын бастан аяқ жазып алып едік. Бүгін Қазақстан, тіпті бүкіл Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігі үшін саналы өмірін арнаған Мұстафа Шоқайдың дүниеден өткеніне 75 жыл толуына байланысты бейітінін қалай табылғаны туралы Арслан ағаның айтқандарын төменде назарларыңызға ұсынамын.
“1966 жылы алғаш Германияға барған кезіміз. 5 жолдаспыз. Бекей, Ырысбай, інісі және бір кісі. Берлинге келдік. 3-4 күн демалық ес жиғаннан кейін, Берлинде деп естіген Шоқайдың бейітін іздейік деп келістік. Тіл білмейміз. Ым қағып сөйлейміз. Шоқай дейміз, қазақ дейміз, өлген дейміз. Ешкім білмейді. Әйтеу, сөйтіп жүріп бір қанша неміс бейіттерін аралап шықтық. Үш күн іздедік. Таба алмадық.
Үшінші күні Темплог дейтін жерде едік. Біреу: “Мына жақта бір бейіт бар. Бірақ түріктікі. Түріктердін бейіті бар. Сонда болмасын” деді. Біз не болса болсын, оны да көрейік дедік. Ол кезде машина көп жоқ. Жаяу жүріп барып таптық. Биік дуал, дуалдың үсті тікенекті сымдардармен қоршап тастаған. Үлкен темір есігі құлыптаулы.
Көп те жақындай алмаймыз. Өйткені немістің кемпір шалдары қиын болады. Сөйтіп бес адамның құлыптаулы бейіттін айналысын торып жүргенін көрсе, милицияға шағым жасайды. Сөйтіп бізді қамап тастай ма? деп алаңдаған жайымыз да бар. Оның үстіне өзіміз Германияга жаңа келдік. Заң білмейміз, тіл білмейміз.
Есікте жазу бар екен. Онда бейіттің Осман патшаларынын елшілері мен консулдарының бейіті екені жазулы. Бейіттің ішіне кіру мүмкін емес. Дуал биік, оның үстіне тікенекті сым темірдер. Сөйтіп бейітті айнала қарап кіретін тесік, қолайлы жер іздедік.
Осылайша алаңдап қарап тұрғанда бір кемпір мен шал көрінді. Бізді көріп қасымызға келіп нағып тұрғанымызды сұрады. Біз ымдап қазақпыз, соғыста адамымыз өлген еді. Сонын бейітін іздеп жүрміз. Мынаның ішінде ме екен деп жүрміз. Оның аты Мұстафа Шоқай, Шоқай дедік. Шал бізге қарады. Түсінді. Бір көзін қысып тұрып “Шоқай, Шоқай” деп күбір күбір етіп ойланды. Сәлден соң, “Иә, иә, Шоқай деген бір бейіт осында бар еді” деді.
Қуанып кеттік. Енді табады екеміз дестік. Бірақ зиратқа кіру мүмкін емес. Қоршаған дуал, тікенекті сым темірдер. Тағы қарай бастадық. Бір жерінде дуал аздап шөгіп темір сым өтетіндей болыпты. Бесеуміз қарап тұрдық. Кім секіріп дуалдың ар жағына түседі дедік. Ешкім ұмтылмады. Сонда не болса да, мен көрейін дедім. Жігіттердің көмегімен дуалға шығып сымдардың үстінен ар жаққа секіріп түстім.
Дуладың іші толған бейіт екен. Ары қарап бері қарап жүріп Шоқай жазулы бейітті таптым. Дуалдың ар жағындағы жігіттерге айғайладым. “Бар екен, таптым” дедім.
Олар “Онда сен бейіттің басында тұрып Құран оқы, біз осы жерден әумін дейік” деді. Сөйтіп мен Құран оқыдым. Олар сырттан әумін деді.
Осыдан кейін қайтайын десем, 2,5 метр биіктігіндегі дуалға шыға алмаймын. Сырттағы жолдастарыма ағаш бір деме тауып келіндер шығайын десем, олар ағаш жоқ қайдан табамыз дейді. Енді шыға алмайтын болған сон, олар “Біз үйге кеттік ертен сені бір деме қып шығарып аламыз. Бүгін сен Шоқайдың қасында жат” деп кетті. Олар кетпей мен не істейді екен деп біраз жерге барып күтіп отырады.
Ал мен бейіттің ішін араласам бүгін мешіт салынған жерде ағаштар жатыр екен. Мешіт ол
kemer otele gelen escort күнде жоқ еді. Мешіт 70-ті жылдардан кейін салынды.
Ағашты дуалға сүйеп шықтым. Секіре бергенге дуалдағы тікенекті сымдар шалбарымның арт жағынан тіліп кетті. Сөйтіп жыртық шалбармен үйге қайттым.
2-3 айдан кейін сол мандағы әскери басқармаға барып бейітті ашып беруін айттық. Ол кезде бір немісше де үйреніп қалдық. Бір аскер бізбен жүрмекші болды. Қай жерде деді. 3 км дегенде ұзақ бармаймын деді. Онда машинамен барайық деді. Сөйтіп бір машинамен бейітке бардық. Онын күзетшісіні таптық. Күзетшіге есікті аш десек, кілті жоқ ашалмаймын деді. Кілтті тот басқан екен.
Сөйтіп қайтып келдік. Арадан 3 жыл өткеннен кейін 1969 жылы қайта барсақ, есігі ашылыпты. Түріктер ашып тазалапты. Сөйтіп онда естелік болсын деп Бекей Сарбас, Ырысбай Ерол, Нигметолла belek rus escort (Дюрін деп те атайды) Ұзман төртеуміз суретке түстік.”
Міне бұл Арслан ағамыздың өз аузынан Шоқай бейітінің табылу хикаясы. Қазақ халқы, тіпті бүкіл түркі халықтары үшін құрбан болған Шоқайды Алла алдынан жарылқасын, жатқан жері торқа, барған жері ұжмақ болсын!
Әбдіуақап Қара
Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің
профессоры, тарих demre escort ғылымының докторы