ХХІ- ҒАСЫРДА ТЕХНОЛОГИЯ, ОҚУ-АҒАРТУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ
ХХІ- ғасырдың бірінші ширегін аяқтап екінші ширегіне келе жатырмыз. Қазір орасан зор өзгерістердің алдында тұрған сыяқтымыз. Мамандар әлемде 2025 жылдан кейін технологияда бұрын соңды болмаған ұлы өзгерістердің болатынын болжауда. Бұл өзгерістердің адамзаттың өмір сүру салты, істеген жұмыстары, тіпті киген киімінен ішкен жеген тағамдарына көптеген салаларына да әсер етері хақ.
Бірақ осы өзгерістердің қалай және қандай деңгейде болатынын да қазірден нақты кесіп айту да мүмкін емес. Ешбір маман мұны айта алмауда, тек болжамдар жасауда. Мәселен Еуропада технологиялық дамушылықтарды зерттеп жүрген мамандардың айтуына қарағанда биыл, яғни 2019 жылы Германияда бастауыш мектепке бастаған бір бүлдіршіндердің үштен бірінің 15-16 жылдан кейін ұниверсиеттетті оқып бітіргеннен кейін орналасатын жұмысы беймәлім екен. Олардың қандай жұмыс істейтінін бүгін ата-аналары да, мұғалымдары да, мамандар да, қысқасы ешкім білмейді екен. Өйткені олардың кәсібі әлі пайда болмапты. Міне заманның өзгерісі. Өткен ғасырда олай емес еді. ХХ- ғасырда ата-аналар мектепке баратын балаларының кейін не болатынын жақсы білетінін. Олар балаларының “сен есейгенде дәрігер боласын, адвоқат боласын, энжинер боласын” деп құлағына құйып отыратын. Көбінесе де солай болатын. Ал қазір олай емес, қазір кейбір кәсіп немесе мамандықтардың жоғалатыны немесе мәні азайып оларды роботтардың атқаратыны болжануда.
Сондықтан балаларымыз келешекте жұмыссыз қалмасың, адам сыяқты өмір сүрсін десек, онда қазірден бастап оларды заман талабына сай тәрбиелеген дұрыс. Мамандардың айтқанына сенер болсақ, келешекте күн көрудің тілі, атап айтқанда технология мен экономиканың тілі ағылшын тілі болады екен. Яғни ХХІ- ғасырдың екінші жартысында ағылшын тілін білмегендер ауылынан ұзап алысқа бара алмайды екен. Сондықтан да ағылшын тілі шетел тілі ретінде есептелмейді екен, заманауі әлемде күн көрудің тілі ретінде бағаланады екен. Сонда ұлттық тіл, ұлттық мәдениет не болмақ? Олардың мәні азая ма? Не болады? Міне біз бұл мақалада осы сұрақтардың жауабын іздестіреміз. Сол үшін алдымен ХХІ- ғасырда технология қандай болмақ, қандай ортада өмір сүрмекпіз? Осылар туралы көпшілік ортада айтылып жатқан дүниелерге шолу жасаймыз, одан кейін сол ортаға лайықты оқу-ағарту жүйелері туралы сөз қозғап, қорытындыда ұлттық мәдениет туралы ойларымызы айтатын боламыз.
ХХІ- ғасырда қандай технологиялық өзгерістер болатыны туралы баспасөз құралдарына айтылып жатыр. Мәселен келешекте роботтар кең тарайтын болады. Завоттарда көбінесе солар жұмыс істейді. Қазірден кей завоттарда істеп те жатыр. Бұларға қараңғы завот дейді екен. Өйткені роботқа жарық керек емес көрінеді. Сол үшін завотты жарықтандырып электр шығынына қажет жоқ. Келешекте олар завоттардан басқа адам өміріне де араласпақ. Мәселен үйді сыпыратын шаң соргыштардың орнын робот алады. Тіпті роботтан жасалған әйелмен адамдардың үйленетіні немесе бірге өмір сүретіні де айтылуда. Алғаш естігенде құлаққа оғаш естілгенмен ойланғанда заманға сай келетіні де түсінікті. Қазір интернетте, компютерде жалғыздан жалғыз ойын ойнап әлеуметтік желі қарап серіял немесе кино көріп дағдыланған адамдар бірбірімен қарым-қатнасты әбден азайтып бара жатыр. Бұл түптеп келгенде адамдардың бірбіріне деген төзімділігін де азайтуда. Сондықтан қазірдің өзінде отбасыларда ажырасулар көбейіп кетті. Әркім өзінің жан тыныштығын күйттейтін болды. Сондықтан егер сіз робот әйел немесе күйеумен отбасы құратын болсаңыз, қандай рахат! Робот әйел немесе күйеу, не айтсаңыз көнеді. Тұр десең тұрады, жат десең жатады. Көп сөйлеме десең үнсіз отыра береді.
Әлемде роботпен бірге жасанды зерде кең тарайды деп жатыр. Мұның әрине пайдалары көп, бірақ қаупі де баршылық. Кейін жасанды зердесі болған роботтар өз өздерін көбейтіп адамзатты билеп төстеп кетпей ме деген алаңдаушылықтар да жоқ емес.
Келешекте қағаз ақша болмақ емес. Ешбір жерден бақылауға болмайтын, белгілі бір орталығы болмаған интернет жүйесі блокчейн арқылы жұмыс істейтін крипто ақша дейтін электрондық ақшалар қана болады екен.
Келешекте пасспорт да болмайды екен. Оның орнына әр адамның қол билегінің ішіне кішкене бір электрондық чип орналастырылады. Мұнда сіздің бүкіл даталарыңыз болады. Әуежайға барғанда білегіңізді арнаулы апаратқа көрсетсеңіз болды, полициядан өтіп кете бересіз. Құжат қажет емес. Сонымен қатар ол сіздін қан қысымыныңызды, қаныңыздағы қоспаларды, жүрек соғуыңызды өлшеп отырады. Сөйтіп деңсаулығыңызда әрқандай да бір қауіпті өзгеріс болса, оны сол чип автоматты түрде сіздің дәрігеріңізге интернет арқылы хабарлайды. Керек болса жедел жәрдем шақырады. Сөйтіп дер кезінде ем қабылдайтын боласыз.
Сонымен қатар сол чип ақша орнына да жүрмек. Қайда барсаңыз сол арқылы электрондық ақшалармен төлей саласыз немесе сатқан товарыңызды ақшасын құйып аласыз. Қандай рахат! Бірақ мамандар мұның да қауіпті жағынын бар екенін ескертеді. Осы чип арқылы сіздің бүкіл өміріңіз, тіпті ақшаларыңыз “алыстағы біреулердің” бақылауында болады дейді. Мәселен сол чип арқылы сіздің деңсаулығынызды алыстан бұзуға, өміріңізге қастандық жасауға болады екен. Сол сыяқты крипто ақшаңыз да жұмыс істемей бір күнде сізді ақшасыз, пұлсыз қалтыруларына болады. Сонда бір жапырақ нан да сатып ала алмайтын жағдайға да түседі екенсіңіз.
Міне осындай дамушылықтар адамды бара бара жалғызсыратуда. Туыстық, адамдық, әріптестік қарым-қатнастар азайып жоғалатын түрі бар. Барлығымыз қазірден әлеуметтік желіде “мен одан да әдемі” сурет қоямын деп жарысып жүрміз. Тәнертең көзімізді тырнап аша салып бет-қол жуыудан бұрын қалта телефонды алып маған қанша “лүпіл” (лайк) келді екен деп қарап жатамыз. Бұрын бір ойшыл “ойлаймын, олай болса бармын” депті. Енді ол “әлеуметтік желіге фото тастаймын, олай болса бармынға” айналды. Әлеуметтік желіде бар болсаң, өмірдесің, тірісің. Әйтпесе тірі өліксің дегенге кетіп бара жатқан сыяқтымыз. Міне бүкіл бұлардың барлығы келешектегі үздік технологияның жақсы және жаман жақтары.
Әлем бүгін төртінші өндірістік төңкерістің табалдырығынан енді қана аттап отыр. Өздеріңізге мәлім І- өндірістік төңкеріс бумен істейтін машиналардың жасалуымен ХУІІІ- ғасырдың екінші жартысында басталды. Одан кейін ХІХ- ғасырдың бас шенінде өндірісте электр қуатының іске қосылуымен ІІ- өндірістік төңкеріс ортаға шықты. ІІІ- өндірістік төңкеріске болса 1960- жылдардың аяғына таман компютердің жасалуы себеп болды. 2011- жылдан бастап ІУ- өндірістік кезеңде тұрмыз. Бұл кезеңде жасанды зерде мен заттар интернеті өндірісті бастан аяқ автоматты түрде жүргізетін болып отыр.
Біз қазақтар ретінде бұдан алдынғы бүкіл өндірістік кезеңдерден кенже қалып қойған халықпыз. Бірақ енді ІУ- өндірістік кезеңнен кенже қалуға әсте болмайды. Өйткені бұл кезеңге одан бұрынғыларға ұқсамайды. Біз мәселен І, ІІ, және ІІІ- кезеңдерге дер кезінде ілесе алмай қалсақ та кейіннен оның мүмкіншіліктерінен азды көпті пайдалана бастадық. Бірақ ІУ- кезең олай емес. Оған уақтылы ілесе алмағандардың кейін артынан қуып жетулері мүмкін болмайды. Өйткені, бұдан алдынғы кезеңдерге ілесе алмаған елдер үздік дамыған елдердің сол технологиялармен жасалған машиналарды сатып алып елдеріндегі завоттарға орнатса болғаны өндіріс жасай береді. Өйткені ол машиналарға шикі затты бересіз, содан мата, бұл, автомобиль, тамақ өнімдері сынды дүниелерді өндіресіз. Бірақ ІУ- өндірістік кезеңде кіріс шикізат зат емес, ақыл мен білім болады және оның өнімі технология. Сонда ақыл мен білімді сатып алуға болмайтыны белгілі.
Сол себепті қазірден бастап оқу-ағарту саласын жаңа заманға бейімдеп ақыл және біліммен істейтін азаматтардың санын көбейтуге мәжбүрміз. Бұл үшін ХХ- ғасырдың педагогикалық тәсілдерімен емес, жаңа заманның талаптарына сай келетін оқу-ағарту жүйесі қажет екенін мамандар алға тартуда.
Олардың айтуынша, жаңа заманда оқу-ағарту жүйесі формасы да, мазмұны да түбегейлі өзгермек. Мәселен оқушылардың бүгінгідей күн сайын үйден шығып мектепке немесе университетке баруы қажет болмайды. Үйінде отырып ғаламторда онлайн сабақ көре біледі. Мүмкін кейбір сабақтар үшін аракідік мектепке немесе универсиетке барады. Сонымен қатар, студенттер мамандығына қатысты сабақтарды келешекте онлайн режимде өзі тіркелген университеттен қана емес, өзі тұрған еліндегі басқа қайсы бір универсиеттетегі мықты мамандан таңдап ала біледі. Кейін бұл кредиттік жүйеде өзінің универсиететінде сабақ алғандай қабылданады. Қазірдің өзінде Түркияда кейбір универсиеттеттер осындай жүйеде жұмыс істей бастаған. Тіпті енді универсиеттерден қана емес, интернеттегі онлайн “Khan Academy”, “Ұдемй” сынды түрлі мамандықтарда жеке ақылы курстар да кредиттік жүйеге саналады деген болжамдар айтылуда. Өйткені қазір технология қарқынды дамып жатыр. Жаңа шыққан технологиялар мен мамандықтарды универсиеттетер сабақ ретінде оқу жоспарына дер кезінде енгізе алмай кешеуілдеуде. Тіпті оны оқытатын үстаздың шығуына біраз жылдар керек екенін ойлағанда бұл түсінікті. Бірақ әлгі онлайн курстар мұны дер кезінде сабақ ретінде тұтынушыларға ұсынуда. Қазірдің өзінде кейбір жастар осы курстардан оқып мамандық иесі болып жұмыс істеп университет дипломы болған енжинерлердің алдына шыққана қаншама.
Біздің болжауымызша, бұл бара бара онлайн жаһандық университеттердің бой көрсетуіне апаратын сыяқты. Біріккен Ұлттар Ұйымы сынды халықаралық беделді бір ұйым қамқоршылығында әлем елдерінің біріккен оқу-ағарту жүйесі құрылып сол жүйе дипломдарды беретін немесе растайтын болады. Осындай жүйеде, мисалға айтар болсақ, Астана өмір сүрген бір жас өзінің таңдаған мамандығы бойынша Қазақстанға қоса АҚШ, Жапония, Германия, Түркия сынды елдердегі универсиеттерден атақты үстаздардың сабақтарына онлайн қатысады. Төрт жылдық осындай білім алғаннан кейін оның кредиттерін бағалап дипломын халықаралық оқу ағарту мекемесі беретін болады. Бүгін осындай бір жүйе “эразм” (Erasmus) бағдарламасы бойынша істеп отыр. Бірақ мұнда жастар сол бағдарлама бойынша өз елінен басқа бір елдің университетіне барып бір немесе екі семестр оқып келеді. Келгеннен кейін оқыған сабақтарының кредиттері өзінің университетінде оқығандай қабылданады. Бірақ онлайн жүйеде студенттің АҚШ, Жапония, Германия, Түркия сынды елдердегі сабақтарға баруы қажет емес. Үйінде отырып ала береді. Бұл енді біздің болжамымыз, осындай бола ма, болмай ма, оны уақыт көрсетер. Айтпағымыз бүгінгі оқу жүйесінің формасының осындай өзгерістерге ұшырайтыны.
Енді мазмұн жағына келер болсақ, мамандар ХХІ- ғасырда оқу-ағартудың негізінен алғанда үш негізгі мақсаты болатынын айтуда.
- Жасампаздық, яғни иновация. ХХ- ғасырда әр адамның жасампаз болуы қажет емес еді. Ендігі кезеңде әр адамнан осындай кабілет талап етілетін болады.
- Сыни тұрғыдан ойлау, проблема шешу. Жаңа кезеңде бұрынғыдай бас шұлғып құп тақсыр, сіздікі дұрыс деу жоқ. Әр нәрсеге сыный көзбен, басқа тұрғыдан қарау дағдысын қалыптастыру.
- Жоғары байланыс және ынтымақтастық. ХХІ- ғасырда ешнәрсе жергілікті болмайды, барлық дүние жаһандық болады. Атап айтқанда Қазақстанға тән ешнәрсе болмайды, Қазақстандағы бір жаңалық мүмкін АҚШ-қа да, Ресейге де жарайтын болады. Немесе Қазақстандағы әрқандай бір проблеманың шешу жолы басқа елдердегі сондай проблемаға да ем бола біледі. Сондықтан жасампаздық жасаған азаматтардың басқа елдердегі әріптестері мен тығыз байланыста болуы және қажет болған жағдайда олармен бірігіп жұмыс істей алу кабілеті өте маңызды.
Мамандардың пікіріне сенер болсақ, келешекте ағылшын тілі таңдаулы үйренуге болатын бір шетел тілі болудан шығады. Ол экономика мен технологияның тілі болады. Яғни ол тілді білмеген адам дүниеден құрғалады деген сөз.
Екінші маңызды тіл компютердің тілі. Заңгер, дәрігер, энжинер қай мамандық иесі болса да адамдардың компютерлік бағдарламадан хабардар болуы қажет. Өйткені ол оның өзінің жұмысында өнімді болуы үшін қажет болған жағдайда кішігірім компютерлік бағдарламаларды өзі жазып іске қосуы керек болады. Бұл үшін әрине компютер маманы сыяқты терең білуі қажет емес.
Математика, физика, химика сынды жаратылыс тану пәндері де келешекте әр адам оқуға тиісті пәндер болмақ. Мәселен кей мамандықтар үшін математика қажет болмаса да, ол пәнді мықты оқыған адамдардың зердесін жоғары деңгейде қолданып жасампаздық, проблема шешу кабілеттерінің арта түсетіні айтылуда.
Енді осындай жағдайда ХХІ- ғасырда ұлттық мәдениет қаншалықты қажет деген сұрақтың жауабына келейік, біздің ойымызша, ұлттық мәдениет де әуадай қажет болады. Өйткені ұлттық мәдениет дегеніміз дін, діл, тіл, әдебиет сынды ұлттық құндылықтарымыз. Өйткені адам баласы күндіз түні талмай, шаршамай қалыпты жұмыс істей беретін темірден жасалған робот емес. Керісінше ет пен сүйектен жасалған рухы мен сезімдерді болған болмыс. Ол қаншама жоғары білімді болса да, кейде сезімге беріліп ақылға қонымсыз іс-әрекеттерге бара біледі. Себебі оның бойын әрқашан ақыл билемейді. Адамның бойын сезімге алдырмауы үшін ұлттық немесе адами құндылықтарды да бойына сіңірген болуы керек. Біздің жоғарыда айтқан пәндер біздің мықты маман болуымыз үшін, жұмыс істеп күн көруіміз үшін қажет дүниелер. Ал адам секілді өмір сүруіміз үшін ұлттық құндылықтарымызды да білуіміз керек, сол үшін олар туралы да білім алуымыз керек.
Сонда ұлттық тіл керек пе? Немесе экономика мен технологияның тілі деп ағылшын тілі жетік меңгергенде ұлттық тіл не болады? Ұмытылып қалмай ма? деген сұрақ туындауы заңды.
Жоқ ұмытылмайды деп ауыз толтырып жауап бере аламыз. Бұл тұрғыда біз түркі халықтары, өзге ұлттарға қарағанда, бай тәжрибеміз бар. Біздің аталарымыз УІ-ХУІ ғасырлар арасында Түрік қағанаты, Алтынорда, Селчұктар, Осман патшалығы сынды жаһандық мемлекеттер құрып әлемнің бір бөлегін билеп тұрды. Сонымен қатар ол кезде Еуропа халықтары білім мен ғылымдан жұрдай орта ғасырлардың қараңғылығында өмір сүріп жатқанда түркілер ал-Фараби, ибни Сина, Ұлықбек сынды үлкен ғалымдар шығарып ғылым мен мәдениетте алдынғы қатарда орын алды.
Сол кезде түркілердің ғылым тілі арабша, әдебиет тілі парсыша болған. Ғалымдар ғылми еңбектерін араб тілінде, өлеңдерін парсы тілінде жазған. Сондықтан бүгін Отрарда туған ал-Фарабиге еңбектерін араб тілінде жазғаны үшін арабтар да біздің ғалымымыз деп таласуда. Бірақ олар басқа салаларда, атап айтқанда билікте, қоғамда және отбасында өздерінің ана тілдерін қолданған. Әйтпесе біз бүгін қазақша, өзбекше, татарша, түрікше сөйлемей тек араб тілінде қана сөйлер едік.
Бірақ әрине сол кезде шектен шығып араб пен парсы тілдерін ана тілдерінен жоғары қойған зиялылар да болған. Сондықтан Махмұт Қашқари “Диуани лұғат-ит-түрік” яғни “Түркі тілінің сөздігі” атты еңбегін жазып түркі тілдерінін араб тілдерінен кем еместігін дәлелдеген. ХУ- ғасырда Әлишер Науаи болса “Екі тілдің салыстырмасы” атты еңбегін жазып тек парсы тілінде емес, түркі тілінде де өлеңнің мықты шығатынын айтқан. Түркілер ол кезде ғылымда, әдебиетте аталған тілдерді қолданса да, отбасында, ошақ қасында өзара үнемі ана тілдерін қолданған. Сондықтан да келешекте ағылшын тілі экономика мен технологияда қолданса да қазақтар үйінде, туыстар арасында, ел ішінде қазақша сөйлегенді әдетке айналдыруы аса маңызды. Әйтпесе ХХІ- ғасырда орыс тілді қазақтардың қасына ағылшын тілді қазақтардың қосылып кетуі ғажап емес. Сондықтан белгілі жасқа дейін балаларды тек ана тілінде, ана мәдениетінде тәрбиелеп қазақтық болмысын қалыптастырғаннан кейін өзге тілдерді үйреткен дұрыс сыяқты. Бір тілден гөрі, екі үш тілді меңгерден адамдардың көбірек жасампаз және зерек болатынын ғалымдар айтуда. Бұл жағынан алғанда ұтылмайтын сыяқтымыз.
Осы жерде тағы бір сұрақ туындауы мүмкін: Біздің УІ-ХУІ ғасырлар арасында жаһандық мемлекеттер құрып үш тілді меңгеріп ғылымда алда болса, олар неге кейін құлдырады? Бүгінге олардың күш-қуаты неге жетпеді? Иә, бұл сұрақ тарих оқулықтарында да орын алады. Оның себептері ретінде көбінесе түркі-мұсылман халықтар ғылымға, технологияға мән бермеді. Баспа Еуропаға қарағанда кешігіп келді. Деген сыяқты сөздер келтіріледі. Әрине бұлар дұрыс. Бірақ бәрінен де маңыздысы түркі елдерін басып өтетін Шығыс пен Батыс арасындағы жібек жолының тоқтауы. Батыс елдері Шығысқа баратын теніз жолын тапқаннан кейін жібек жолы бойында орналасқан түркі елдерінің экономикасы нашарлап кедейленді. Сонымен қатар жібек жолы тек сауда жолы қана емес еді. Ол сонымен қатар әлемдегі ғылыми-техникалық жаңалықтарды да алмасатын мәдениет жолы еді. Бұл да тоқтағаннан кейін түркілердің құлдырауы басталды. Оның үстіне мұхит жағалауындағы кеменің құлағында ойнаған елдердің бағы ашылып жаңа тапқан өздерінен әлсіз артта қалған елдердің байлықтарын тонап барымталап одан әрі байи түсті. Сол кезде біздің аталарымыз сауда мен мәдениет жолының құрылықтан теңізге ауысқанын байқамай қалған. Егер дер кезінде осы ұлы өзгерісті білгенде тиісті шараларды көріп біз ХУІ- ғасырларда құлдыраудан тез айығып қайта көтерілер едік. Өкінішке орай парықтамай қалдық.
Бірақ бұл заман да өтті. 1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауымен түркі елдерінің әлемнен және өзара бірбірлерінен оқшаулануы тоқтады. Түркілердің Шығыс пен Батыс арасындағы көпір рөлі қайта басталды. Енді міне бұл біздің ХХІ- ғасырдан үмітті болатынымыздың бір себебі осы. Жол ашылды, бірақ енді экономика мен технологияда да сөз иесі болуымыз қажет. Бұл үшін қазірден көп жұмыс істеуге тура келеді. Әйтпесе озық елдердің артында қала беретініміз жалғаса бермек.
Сонымен қорыта айтар болсақ, ХХІ- ғасыр ақылды мемлекеттер мен адамдардың ғасыры болмақ. Жаңа заманға сай халқын ғылым және біліммен жабдықтаған мемлекеттер мен өз өзін жетілдірген адамдар өзгелерден үстем болады. Қазір біз ІУ- өндірістік кезеңге толық өткен жоқпыз. Өтпелі кезеңде тұрмыз. Бұған кей мамандар гибридті көлікке ұқсатып гибридті кезең деп ат қоюда. Қазір елдер біраз бұрынғы кезеңдік тәсілдерді пайдалана отырып келешекке қадам жасап келеді.
Жасы біраз ұлғайған адамдар біз жаңа заманға бейімделуден қалып қойдық деп енсесі түспесін. Бала шағасын асырау үшін қазіргі жұмыстарын, гибридті көліктің бензиннің қолданғандай жалғастырып, содан кейін күнде бір екі сағат гибридті көліктің электрін пайдаланғандай болып жаңа заманда қандай мамандық иесі болғысы келсе соның сабақтарын онлайн ғаламтордан көріп жаңа заманауі мамандығына дайындалуы керек. Өзгеріс ұлы күш. Өзгеріске ілесе алмағандар өкінішті жағдайларға ұшырайды.
Көшпенді қазақтардың өзге халықтарға қарағанда жаңа заманға оңай бейімделу мүмкіншілігі зор. Өйткені жаңа заманда сіз әрқандай бір қажетті маман иесі болғаннан кейін бір екі жыл АҚШ-та, бір екі жыл Германияда жұмыс істеп жүре бересіз. Мұндай көшпенді өмірге қазақ бұрыннан үйреген.
Біз қазірден жаңа заманның қалай болатынын зерттеп оған алдын ала дайындалуымыз қажет. Әйтпесе бір нәрсенің уақты келіп күн тәртібіне енгенге басқалар оған бізден бұрын дайындалған болса ұтылып қаламыз. Мәселен, жоғары техника деп көп айттық. Бірақ әлемде адам саны көбейіп жатыр. Келешекте тамақ та үлкен проблема болмақ. Ал Қазақстан осы тұрғыдан алған жері кең, астық көп. Оның мәні білініп отыр. Ал ет өнімдері ше? Келешекте көп елдер етке зәру болмақ. Қазақ жері әсіресе жылқы малы өсіруге ынғайлы. Халықтың бұл салада тәжрибесі мол. Оның үстіне жылқы еті басқа мал еттеріне қарағанда денсаулыққа пайдалы екені де баршылық. Осы еттің және қымыздың емдік қасиеттерін біз әлемге әлі насихаттай алмай келеміз. Осыны жасасақ жылқы еті мен қымыз әлемге бренд болса қандай кірім келер еді?
Екіншіден ұшақтың бір түрі дрон такси жасап шығаруды Қазақстан ойлау керек. Өйткені бұл даму үстінде. Және Қазақстанға өте ынғайлы. Кең территорияның барлық жеріне жол жасау көп шығын. Бірақ дрон такси немесе дрон машина жасау да, қолдану да ұшақ пен тік ұшаққа қарағанда өте оңай. Ол құды машина айдау сыяқты. Кәдімгі ұшақтарды жүргізетін ұшқыштарды дайындау үшін пәлен сағат дайындалуды, күрделі сертификаттарды алуды қажет етпейді. Міне осы көлікті Қазақстан дамытса, әрі өзінің кең территориясында мал бағуда, саяхаттауда түрлі салаларда қолданар еді және экспорттап одан көп кірім де келтірер еді. Экспорттамағанның өзінде сырттан сатып алуға шығындалмас еді.
Бұл пікірім жарамды ма, жарамсыз ма? Саланың мамандары анығын білер. Біздікі жаңа заманға сай жасампаздық, басқаша қырынан ойлау. Міне ХХІ- ғасырдың адамы осылай түрлі түрлі ойлар ойлауды білуі керек.
Әбдіуақап Қара
Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры
Тарих ғылымының докторы, Шоқайтанушы ғалым