ҚАЗАҚТАРДЫҢ ПӘКСТАННАН ТҮРКИЯҒА КӨШІП БАРУЫ

Түркия қазақтарының аталары 1933 жылы Шығыс Түркістанға озбыр Шың Шы Сай генерал губернатор болып тағайындалғаннан кейін аяусыз қысым мен таптауға душар болды. Елісханның әкесі Әліп батыр мен ауылын шауып бала-шаға, қатын-қалаш, кәрі-жас демей бәрін қырып салған еді. Қазақтың атқа мінер азаматтары шетінен тұтқындалып әкетіліп өлтіріп, тірісін түрмеге қамап тастаған еді. Осындай жағдайға еркін әлемге көшуге бел буған Елісхан мен Зайып тәйжі жетекшілігіндегі қазақтар Шығыс Түркістанның Алтай және Баркөл маңынан алдымен дөнгендер тұратын Гансу мен Шыңқай аймақтарына, кейін Тақламақан шөлі мен Гималай тауларын ат-түйемен қиын жағдайда көктей өтіп 1941 жылы Үндістанға келген еді.

1947 жылы Үндістан екіге бөлініп, мұсылмандардан Пәкстан Республикасы құрылып жатқан. Мұсылман болғандығы үшін қазақтар Пәкстан тарапында болды. Жаңа құрылған Пәкстан мемлекетінде қазақтардың да мәлім дәрежеде орны болды.

Отан сағынышы қазақтарды қатты сарғайтты. Оның үстіне көш бастаған жетекшілерінен Зайып Тәйжі жолда Тибетте, Елісхан батыр болса Үндістанға келгеннен кейін 1943 жылы панидан бақиға аттанған еді. Қара күштен қансырап жатқан Шынжаңдағы жер жаннаты Алтай мен Баркөлге қайта оралудан енді үміт жоқ. Әттең, түркі, әлде басқа бір туысы жақын мұсылман елі болса ғой!… Ондай ел бар, ол — Түркия. Әрине, Пәкстан да мұсылман мемлекеті. Оның құрылғанының басы-қасында болған қазақтардың онда тұра беруге еркі де бар, тек тілі, мәдениеті алшақ. Пәкстанда қала берсе, келер үрпақ қазақтығынан да, тілінен де айырылады. Жылдар бойы жұлқыласқан күрес, теқкен қан, щеккен бейнет босқа кетеді. Құдай-ау, ана Елісхан, Зайыптардың аруақтарын риза ету үшін де келер ұрпақ бойында дінге сенімін, ұлтгық сезімін сақтап қалуымыз, әдет-ғұрпын, мәдениетін, рухани әлемін үмыттырмауымыз керек емес пе?! Оның бір ғана жолы —Түркияға жету, сонда тұру.

Осыларды ойлаған қазақтардың көш башсылары Түркияға жол іздеді. Соңын алғышарты ретінде ұлттық қауымдастық құрмақ бодды. Еркін дүниеде, өркенитті елде үйымсыз ешкімге сөзің де, өзің де өтпейді екен. Сөйтіп, 1949 жылы Пешавер қаласында Шынжаң қазақтарының қауымдастығы құрылды. Төрағалығына Зайыпұлы Оспан Тәйжі сайланды. Орынбасары болып Хамза Жақияулы, бас хатшысы болып Қожақынұлы Әтейқан Білгін, хатшысы оолып Халифа Алтай, қазынашысы болып Қайымдолда тағайындалды. Басқарма мүшелері Сауытбай Жан, Бексұлтан Гөкай, Ұядан Ақай, Тұрсынбай, Құбылайлар болды. Үйымның қазіргі басты міндеті: Пәкстандағы қазақтарды түп-түгел Түркияға жеткізу жолдарын іздеп табу, барларын бытыратпау. Көш кезінде бір-біріне селбесетін серіктестіктер құру…

Шаруа ең әуелі Пәкстанның әр қаласында шашыранқы тұратын қазақтардың мал-жанын дайындаудан басталып аты жөндері тізімге алынды. Ол 1950 жылы қаңтар айында Түркияның елшісі Небіл Батиға табыс етіліп, Түркияға қабылдау тілегі білдірілді. Бұл тілекті елші қабыл алып көмектесетінін айтты. Бір жылдан кейін түрік елшілігінен келген хатта қазақтардың Түркияға қабылданатыны, бірақ бюрактиялық және заңдық мәселелердің реттелуі үшін күту керектігі айтылды.

Бұл арада 1950 жылы Пәкстан гәзеттерінде орын алған бір ақпарат қазақтар арасында толқу мен тебіреніске түрткі болды. «ШығысТүркісғанның ауған қазақтардың бірңеше тобы Кәшмирге келді» деген хабар газет беттерінде орын алды. Бірақ, бұл қазақтардың кімдер екені туралы мәлімет берілмеді. Мұндағы ағайындар мән-жайды біле алмай алты ай аласұрды. Сөйтіп жүргенде Хайдарабадта тұратын Ыдырыс Молладан хат келді. Онда «Сұлтаншәріп, Құсайын Тәйжі, Дәлелхан Жанымханұлы, ҚалибекХакімдер бастаған қазақтар келді», —делініпті.

ЬІдырыс молла арқылы дереу аталған қазақ көсемдерімен байланыс жасалды. Үндістан мен Пәкстанда тұратын туыстарының ахуалдары мәлімделді. “Қауымдастық құрдық, Түркияға кәшудің қамын ойластырып жатырмыз”, – делінді. Түркия мәселесін олардың да ойластырулары керектігі сұралды.

Осыған орай Кәшмірге жаңа келген қазақтар Үндістанның Жаңа Дели қаласындағы Түркия елшілігіне өтініш хаттарын берді. Иса Юсұф Алптекин мен Меһмет Әмин Бура 1951 жылы Анқараға барып Мендерес үкіметінің мүшелерімен кездесіп, қазақтардың Түркияға қабылдану үдерісін тездетті. Сөйтіп Түркияның Басминистр Мендерес жетекшілігіндегі үкіметі 1952 жылы 13 наурызда арнайы қаулы қабылдады. Президент Жәлел Баяр бекіткен сол қаулы бойынша Пәкстан, Үндістан, Кәшмирдегі қазақ босқындар Түркияға қабылданды.

Осыдан кейін босқындар топ топ болып Түркияға қоныс аудара бастады. 1952 жылы шілде айында Түркия топырағына түңғыш табанын тигізген Құсайын Тәйжі бастаған топ болды.

Екі жыл мөлшерінде бүкіл Пәкстан мен Кәшмірдегі қазақтар Түркияға қоныс аударып болды. 1991 жылы атамекендері Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауымен өлгендері тіріліп өшкендері жанғандай шексіз қуанышқа бөленген қазақтар екі бауырлас елдің достық байланыстарына қатты риза болып отыр. Олар әрі өздерін қабылдаған, әрі Қазақстанның тәуелсіздігін екі сағаттай уақытта бірінші болып таныған Түркия мен түрік халқына деген алғыстарын білдіру мақсатында жыл сайын Ыстамбұлдағы Аднан Мендерес пен Тұрғыт Өзалдың кесенелеріне барып Құран оқып дұғада болып қайтуда.

Әбдіуақап Қара

Тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры