ҚОҒАМҒА ҮЛЕС ҚОСЫП БІРЕУГЕ САЛМАҚ ТҮСІРМЕУ ҚАЛАЙ НӘРСЕ?!

Бір кездері ғалымдар мен ақындар «үнсіздіктер кеңесі» деген қауымдастық құрған болатын.

Қатысушылар саны қырық адам болды және ол санды көбейтпек емес еді. Мүшелікке қойылатын бірінші талап – көп ойлау, бірақ аз сөйлеу еді.

Сол кезде әйгілі ақын және ғалым Молла Жами осы Кеңес мүшелерінің қатарына қосылғысы келді. Бір күні ол үнсіздік кеңесінің мүшесі қайтыс болды дегенді естіп, оның орнына мүшелікке тұру үшін ғалымдар сарайына келді.

Оны қарсы алған есіктегі күзетшіге ештеңе айтпастан, ол өзінің атын қағазға жазып, сол кезде жиналып отырған үнсіздіктер кеңесіне жіберді.

Кеңестегілер бұл ұсынысты көргенде ренжіді. Молла Жами лайықты да ұлы ғалым еді, бірақ өкінішке орай олар қайтыс болған мүшенің орнына басқа біреуді әлдеқашан алып қойған еді.

Енді жаңа мүшеге қабылдауға болмайды. Кеңес президенті Молла Жамиге оны толығымен сумен толтырылған бір стакан жіберді. Ақылды ғалым жағдайды түсінді. Егер тағы бір тамшы су құятын болса, стақан тасып кетер еді. Содан кейін ол раушан гүлінен кішкентай бір жапырақты алып, оны суға ақырын ғана қойды. Су тасыған жоқ. Ол мұны ішке жіберді.

Кеңес мүшелері бұл сыпайы жауаптың мағынасын түсінді: ұлы адамдардың орны бөлек. Сөйтіп мүшелер осы дана ғалымды қосуға шешім қабылдады.

Президент мүше тізіміне Молла Жаминидің есімін қосты. Ол қырық санының оң жағына нөл қойып, 400 жазды. Онымен ол Молла Жаминидің арқасында кеңестің беделі он есе артты деп мәлімдеген болды.

Тізімнің соңғы түрін Молла Жами келгенде, көрді. Алайда, оған нөмірдің үлкен көрінісі ұнамады. Оң жақтағы нөлдің біреуін өшіріп, қырық санының сол жағына қойды да 040 деп жазды. Кішіпейіл Молла Жами осылайша өзін сол жақтағы нөл деп санады және стаканнан асып түспегендіктен, сол жиналыстың құрылымына әсер етпейтінін де айтқысы келді.

Раушан жапырағы болу оңай емес. Алайда, үйде, жұмыста тіл табыса білетін адам болудың және раушан гүлдеріндей адамдар сыйласымды болудың жолы – раушан жапырағындай болуда еді.

Біреуге салмақ салмай, өзгелердің салмағын көтеру үшін раушан гүлдің сұлулығына жету керек…

Бұл өзімізбен, отбасымызбен, қоршаған ортамен үйлесімділік пен мәңгілік сұлулық жолында жүрудің жаршысы.

Раушан жапырақтарының құпиясына қол жеткізгендер оң жақтағы нөл сияқты, өздері тұрған қоғамға, тіпті бірге он күш қосады, бірақ сол жақтағы нөл сияқты әрекет етіп, ешкімге ауыртпалық түсірмейді.

Түрік тілінен ауд.: Әбдіуақап Қара