ФРАНЦИЯДА НАЙМАН КАРАТЕ СПОРТЫНДА 2. ОРЫН АЛДЫ

Бүгін Францияда қазақтарының төбесі көкке жеткендей болды. Париж тұрғыны қазақ баласы Найман Атила Франция бойынша жекпе жекте финалға дейін көтеріліп екіншілік орынға ие болды.

Түркия мен Францияның қос азаматы 10 жасқа жаңа толған Найман бес жасынан бері осы спортпен айналысып келеді.

Бүгін Карате спортында 9-11 жас және 35-40 кило салмақ категориясында үлкен табысқа жеткен Найман Атиланы және осындай ұл тәрбиелеген әке-шешесін құттықтаймыз.

Табыстан табысқа жетіп қазақтың атын әлемге шығара беруіне тілектеспіз.

Prof. Dr. Abdulvahap Kara