МҰСТАФА ӨЗТҮРІК АТЫНДА ТҮРКИЯДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЕКВОНДО САЙЫСЫ ӨТПЕК

Ыстамбұл Зейтінбұрныда Мұстафа Өзтүріктің Таеквондо мектебін жалғастырып отырған шәкірті Жемал Кабадайы 2019 жылы, 5 ақпан күні Қазақстан Ыстамбұл Басконсулы Бауыржан Әбдрахмановқа алғысын білдіріп былай деді:

Консулымыздың Ыстамбұлда үстазым Мұстафа Өзтүрік атында халықаралық таеквондо чемпионатын өткізу жайында жұмыстар жасап жатқанын естіп төбем көкке жетті. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. 20 жасымнан Өзтүріктің шәкірті болдым.

Ол кісі Германиягғ көшіп кеткенде мектебін маған тапсырып кетті. Мұны өзіме мақтаныш тұтамын. Әлі соның отын өшірмей мектебін жүргізіп отырмын. Ол үстазымның маған сеніп тапсырған аманаты. Жаным кеудемде тұрғанша мектебі ашық тұрады. Рафет Пұсат атты шәкіртіммен тәрбиелеген шакірттерімізден 10-ы соңғы екі айдағы сайыстарда үлкен дәрежеге ие болды.

Енді Мұстафа Өзтүрік атында Түркияда халықаралық таеквондо сайысы өтетін болса бұл тамаша құбылыс болар еді. Өйткені Мұстафа Өзтүрік Түркияда туып өсіп білім алған қазақ спортшысы. Оның атындағы чемпионат Түркия мен Қазақстан таеквондо федерацияларының ынтымақтастығына да дәнекер болады деп ойлаймын. Онын аруағы да риза болып орнынан бір аунар еді. Міне бұл кадірбілерлік. Осы орайда консулдық қызмет берген Іляс Кәрім баурымға да табыс тілеймін. Керемет жаңалықты естіп көзіме жас алып толқып тұрмын. Осы іске енбегі өткен барлық азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Бар болыңдар азаматтар! Екі дүниенін қызығын көріндер!

Белгілі болғанындай, 2019 жылы, 3 ақпан күні Қазақстан Ыстамбұл Басконсулы Бауыржан Әбдрахманов Зейтінбұрын ауданында қазақ қоғамдарында диаспора өкілдерімен жиналыс өткізіп соңғы жаңалықтарын бөліскен еді. Ол сонда Түркия қазақтарының аяулы перзенті Мұстафа Өзтүрік атында бір таеквондо сайысын Ыстамбұлда өткізу үшін Түркия мен Қазақстан таеквондо федерацияларына хат жазып осындай бір халықаралық спорттық шараны ұйымдастыруға күш жұмсап жатқандарын айтып елді қуантқан еді.

Осы жаңалықты естіп қуанған Жемал Кабадайы сонымен қатар “2016 жылы Германиянын Көльн қаласындағы Әлем Таеквондо Федерациясынында емтиханнан табысбен өтіп “қара белбеу 6. дан 5. саты техникалық директор халықаралық таеквондо спортынын төрешісі” деген атақ алдым. Мұнын барлығы ұлы үстазым Мұстафа Өзтүріктін арқасы. Топырағы торқа, барған жері ұжмақ болсын” деп Өзтүрікке деген сүйіспеншілігі мен қарыздарлығын атап өтті.

Prof. Dr. Abdulvahap Kara

liseli porno izle