
КҮЙ ТАБАҚ (ПЛАСТИНКА) КЕЗЕҢІНІҢ ПЕРЗЕНТІ
Ностальгия. Менде кезінде көптеген күй табақ – пластинкалар болды. Кеңес уақтында Қазақстаннан көбінесе сыйлыққа кітап пен күй табақ әкелетін. Германияда Азаттық радиосында жұмыс істеп жүргенде, солардың бір қатарын хабар арасында бергіздім. Сөйтіп хабарларымызға сән келтірген едім.