ТАРИХИ ҚҰЖАТ: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІН ДҮНИЕЖҮЗІНЕ АЛҒАШ ӘЙГІЛЕГЕН ХАБАР
2014 жылы Азаттық радиосы бұрынғы қызметкерлері арасында 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстаннын тәуелсіздігін алғаш әлемге жариялаган хабарды кім оқығаны туралы талас тартыс әлеуметтік желілерде орын алды.
Біреулер, Хасен Оралтай таратты десе, екінші бір журналисттер Өмірхан Алтын таратты деді. Ал Өмірхан болса:
“Иә мен тараттым. Өйткені 16 желтоқсан күні дүйсенбіге келеді. Дүйсенбіде Азаттықта жұмыс күні емес. Сол күні Қазақ редакциясында бас редактордың орынбасары Мұхабай Енгін болды. Мен тікелей эфирде хабар оқыдым. Сөйтіп әлемге бірінші дүркін тәуелсіздік хабарын оқу бақытына ие болдым” деді.
Архивден сол күні Азаттықтан бүкіл алемге Қазақстан тәуелсіздігі таратқан Қазақ редакциясының хабар текстін тауып алдым. Алматыдағы тілшіміз Қыял Сабдаліннің берген хабарын Мұхабай ағамыз ағылшын тіліне аударып бүкіл дүниежүзіне ақпаратына шүйіншілепті. Ал ол хабарды қазақ тілінде оқып тікелей эфирден берген Өмірхан Алтын болған екен.
Сөйтіп мәселе шешілді.
Әбдіуақап Қара
тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан
көркем өнер университетінің профессоры