ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЛАРЫНА ТҮРІК ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ҚЫЗЫҒА НАЗАР АУДАРУДА

Мимар көркем өнер университеті Тарих факултетінде 10 желтоқсан 2018 күні өткен конференцияға қызығушылық жоғары болды. Оған, ғалымдар, студенттер және журналистер қатысты. Онда Мимар Синан атындағы Көркем өнер Университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доктарантары Елбасының сындарлы саясаты мен экономикалық стратегияларын оның тәуелсіздіктен бүгінге дейін жарияланған 23 жолдауы негізінде түрік жастарына таныстырды.

Конференцияны басқарған белгілі тарихшы, тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, профессор Әбдіуақап Қара “Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстанның әл-ауқатынарттыру, оның саяси мақсаттарын айқындау және күшті экономиканы құру туралы Қазақстан халқына айтқан жолдаулары соңғы уақыттары Түркия жұртшылығының да назарын аудара бастады. Әсіресе биыл «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» және “Ұлы даланың жеті қыры” атты жолдаулары зиялылар арасында көбірек сөз болды. Міне   осы қызығушылыққа байланысты біз бүгін Қазақстан Президентінің жолдауларын таныстыруды жөн көрдік” деп конференцияны ашты.

Алғашқы болып сөз алған тарих факультетінің докторанты Нұржан Қоңырбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты мен оның түркі тілдес елдер арасындағы рөліне, Астананың халықаралық аренадағы беделіне баса наза аударды. Ол Елбасының Түркі Кеңеші, Түркі Академиясы және ТүркПа сынды халықаралық ұйымдардың құрылуына мұрындық болу арқылы түркі дүниесінің ынтымақтастығына қосқан үлесіне назар аударды. Сонымен қатар Қоңырбаев Елбасының Түркия мен Ресейдің достық байланыстарына қосқан үлесін де атап өтті.

2015 жылы түрік армиясының Ресейдің қырғи ұшағын түсіруіне байланысты шиеленісе түскен байланыстардың қайта қалпына келтірілуінде Нұрсұлтан Назарбаев ерекше рөл атқарғанын және сол үшін Ресей және Түркия Президенттері Режеп Таййып Ердоған мен Владимир Путиннің де Елбасыға алғыс айтқанын келтірді.

Баяндамашылардың бірі Әсел Ташқараева осы күнге дейін 23 жолдау елге таныстырылғанын, және олардың елдің әл-ауқатының өсуіне оңтайлы әсер еткеніне сондай-ақ экономикалық жетістіктерге ерекше тоқталып өтті.

Журналистика факультетінің 2-курс доктаранты Рима Шакуова да Қазақстанның ел табысын мұнайға тәуелділіктен құтқару үшін қалыптастырылған жобаларының бірі Халықаралық Қаржы орталығының биыл іске кіріскенін білдірді.

Еркежан Ахметова жақында жарияланған елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы негізгі бағыттарына талдау жасап, қазақ елінің тұрақтанған экономикадан ұлттық экономиканы дәріптеуге бет бұрысын баяндамасына арқау еткен.

Жас тарихшы Толқын Еришева болса тәуелсіздік жарияланғаннан кейін Қазақстанда ұлттық тарих санасының қалыптаса бастағанын айтып, ұлттық мәдениет пен тарих санасын қайта жаңғырту үшін де маңызды бағдарламаларға бастау болғанын атап көрсетті.

Осылайша Ыстамбұлда Мимар көркем өнер университеті Тарих факултетінде Елбасының тәуелісіздіктен бері қарай жариялаған жолдаулары таныстырылып өтті. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доктарантарының бұл туралы талдаулары көпшіліктің көңілінен шықты.

Тарих кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д.,профессор Фатма Үреклі осы конференциядан керемет ойлар түйгенін айта келіп жастарға алғыс сезімін білдірді. Конференциядан бір сағат өтер өтпе сонда айтылғандар туралы мәліметтердің Түркияның “Йені Акіт” және “Хаберлер” атты сайттарында және Түркияның қазақша хабар тарататын мемлекеттік радиосы ТРТАУАЗ –да орын алғаныбай қалды. Бұл да бізге Түркия журналистикасының ғылымға зор көңіл бөлетіні және ширақ жұмыс істейтіндіктерін аңғартты.

Докторант Римма Шакуова

http://www.enu.kz/info/zhanalyktar/55463/?fbclid=IwAR0M3rboPicO6Qh_8JOsThcHCRWpun7rDR11RYrjG9amz7TuE6EbgNKvmPU

milf porno