ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЖӘНЕ МАНҒАЛА ӘЛЕМГЕ ТАНЫТЫЛМАҚ

Бүгін Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясы төрағасы Әлихан Бәйменов пен Түркия зияткерлік ойындары федерациясының өкілі Сердар Асаф Жейхан түркі халықтарының төрт мың жылдық осы ойындарың әлемге таныстыру жайында бір қатар орта жоба-жоспарларды іске асыру туралы келісті.

Осы орайда алғашқы қадам ретінде биыл мамыр айында Ыстамбұлда өтетін халықаралық этноспорт ойындарында манғаламен бірге тоғызқұмалақтан да жарыс өткізіліп кең көлемді насихаттаудың жолдары қарастырылатын болды.

Сонымен қатар алда қазақ және түрік киногерлерге осы зияткерлік ойындар туралы бірлескен деректі фильм түсірту туралы жобаның негіздері белгіленді. Кездесуде Түркия зияткерлік ойындары федерациясының өкілі Сердар Асаф Жейхан Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясы төрағасы Әлихан Бәйменовқа “Біз бір кездері өзіміздің төл ойынымыз манғала ойының ұмытып кетіп едік. Османлы мемлекеті кезінде кең көлемді ойналған ойынның 2007 жылы Түркияда қайта жандануына Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясы түрткі болған еді. Содан бергі жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бүгіндері екі миллион жас ойынды үйреніп ойнап жүр. Мұнда қазақтардың еңбегі зор. Осы жақсылықты ешқашан ұмытпаймыз және әр жерде айтып да жүрміз” деді.

Кездесу соңында өздері өңдірген және ішінде тоғызқұмалақ ойының ережелерін де таныстырған бюрошура да болған манғала тақтасын тарту етті.