Белгілі жазушы Дулат Исабековтың 75 жылдығы Лондонда басталмақ

Біз кеше (2017 жылы, 29 қыркүйек күні) Алматыда жүрген кезімізде белгілі жазушы Дулат Исебеков ағамызға кездейсоқ кезігіп қалып қуанышты хабарды естідік. Оны өзіміз қана естімей, дүйім жұрт естісін деп қол телефонымызбен камерага түсіріп алдық.

Қуанышты хабар ағамыздың үш кітабы бұрындары Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген болса, енді оның 75 жылдығына орай Лондонда фестивалі өтпек екен. Фестивал аясында қазан айының 1 күні “Жау жүрек” атты спектаклді Әуезов атындағы академиялық театр қояды. Қазан айының 2- күні Лордтар Палатасында сөз сөйлемек. Мұнымен Исабеков қазақ жазушылары ішінде бірінші дүркін сол мінбеде сөйлеген жазушы болмақ. Ал түркі дүниесінде болса үшінші жазушы. Өйткені одан алдын  Шынғыс Айтматов, Орхан Памұқ сол мінбеге шығып сөйлеген екен. Бұл біздің ойымызша, қазақ әдебиетінің әлемге танылуы барысында үлкен мәртебе, үлкен қуаныш. Жазушының ендігі арманы кітаптарының Түркияда Ыстамбұлда түрік тіліне аударылып жарық көруі. Құда қаласа ол да болады деген үміттеміз.

Естеріңізге сала кетейік жазушының бұған дейін үш кітабы ағылшын тілінде Лондонда жарық көрген олар: “Ғауһартас” атты әңгімелер мен повестер жинағы Робин Томсон деген жазушы ағылшын тіліне аударған. Ол кітапқа «Ғауһартас», «Сүйекші», «Өкпек жолаушы», «Ескерткіш операциясы», «Қабылан» атты әңгімелер енген. Екінші кітап “Біз соғысты көрмедік” (We never knew the war), үшінші аударылған кітап “Пьесалар жинағы”. Сонымен қатар “Өкпек жолаушы” (Transit Passenger) атты пьеса Лондонда 2014 жылы сахнаға шыққан екен. Ал қазан айының 4 күні болса жазушының “Жаужүрек” деген пьесасы қойылады.

Жазушы Дулат Исабеков мұның барлығының тәуелсіздіктің арқасы екенін айтуда. Егер Кеңес Одағы кезінде осылай Лондонға кітабым шыққанда түрлі бәле жалалармен қудаланып кететінін атап өтуде. Лондондағы осы іс-шаралар Дулат Исабеков фестивалі жазушының 75 жасына дөп келуде.

Сонымен жазушының 75 жылдығын атау Қазақстаннан бұрын Ұлы Британия елінде басталып кеткен екен. Дулат аға 75 жасыңыз құтты болсын! Әрқашан сізді әдебиет пен мәдениеттің биігінен көретін болайық!

Әбдіуақап Қара
Тарих ғылымының докторы, Мимар Синан
көркем өнер университетінің профессоры