ШЕТЕЛ ҚАЗАҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАНЫН БЕРГЕНІНЕН КІМНІН ХАБАРЫ БАР?

Сонда Ұлы Британия қазақтарының өкілі Бәшір Жаналтай Хақан елі үшін елінің ғылымына үлес қосам деп жүріп атамекенде дүние салды. Жаназасын сонда жерлеуге ұлықсат етесіз бе? Егер ұлықсат етпесеніз, түрік және ағылшын орындары бүкіл шығындарын төлеп сүйегін Ыстамбұлга жеткізетін болады. Аландаманыз, бірақ ұлықсат етіңіз сұйегі туган елінде қалса жақсы болар еді” деп сұрады.

Құрметті ата, “осында келсе жақсы болар еді, жаназасын өзіміз оқып өз қолымызбен жерлесек бейітіне барып Құран оқып тұрсақ”, деді.

Сонсон отырған кісілер, балаңыз ғылым шәйіді. Шайіттер шәйіт болған жерінде жерленеді. Ұлықсат етіңіз. Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрган Қазақстанның ең беделді ғылым ордасы болған Назарбаев университетінде дәріс оқып жүріп қайтыс болды. Қазақстан ұлы мемлекет, олар сізге жағдай жасап жаназасына қатыстырар, барып өз қолыңызбен жерлеп топырақ салып қайтасыз деді.

Сонда ата, “енді көпшілік біледі. ел біледі. Сіздер солай ұйғарсаңыз солай болар. Бала шағаммен, келінмен ақылдасайын” деді.

Міне Хақаның әкесі осындай саналы, көпшіліқті құрметтеген, Аллаға берік сенген ата. Аяулы ұлын, бүкіл Еуропа қазағы мақтан еткен ұлынан айрылса да, Құдайға берік сеніп отыр. Сабырлылық көрсетіп отыр.

Бірақ өкінішке орай, шетел қазақтарының мұңын мұңдайтын, қайғысын сейілтетін деген дүниезі қазақтары қауымдастыгы мынқ етпей отыр. Оның хатшысы Ботакөз Уатқан Еуропа қазақтарының интернет торабына көніл айтып ғана отыр. 44 жастағы дені сау азамат қалай өлді? Өз ажалынан өлді ме? Біреу қастаңдық жасады ма? Жаназасы не болады? Бұлар туралы жұмыс істейміз деген ой жоқ. Бұларды тексеріп мәлімет алып Еуропа қазақтарында қазіргі пайда болып отырған күдіктерді сейілце болмас ма еді?

Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Талгат Мамашевтың өзінен ешқандай хат жоқ. Негізінде оның қаза тапқан ғалымның отбасына телефон соғып, ата-анасына, бала-шағасына көңіл айтып қайғыларына ортақтасатын жөні бар еді.

Түркия қазақтары аң таң. Бұл дүниежүзі қазақтары қауымдастығы не жұмыс істейді? Шетел қазағы отанына барады, отаны үшін жан береді, бірақ қауымдастық оған көңіл бөлмейді. Сонда мұның жұмысы тек құрылтайлар ұйымдастыру ғана болып отыр ма? Деген сұрақ шетел қазақтары арасында жауап таппай отыр.

Шетел қазағы Қазақстанға не береді деген сұрақ жиі қойылып жатады.

Міне шетел қазағы отанына жанын беріп отыр. Бұдан артық несін берсін? Мұны көріп біліп отырған кім бар? Бұл жерде Қазақстан халқын кінәлап отырған жоқпыз. Өйткені бұл жәйт баспасөз құралдарында айтылмаса, көпшілікке естіртілмесе, халық қайдан біледі. Сондықтан мұны Қазақстанда айтатын жеткізетін бірден бір орын ДҮНИЕ ЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ. Ал ол бұл жұмысты атқармаса, онда кімнен не күтесін?

Сұрамақ болғанымыз:

Бұл жағдайды қауымдастық ақпарат құралдарына жеткізді ме?

Хақаннын жаназасы туған елінде қалсын деп жұмыс істеп отыр ма?

Тіпті ата анасына телефон соғып, “перзетін туған елі үшін жанын берді, тіпті Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көп үміт артып құрған бірегей университетімізде жұмыс істеген кезінде дүние салды. Алла алдынан жарылқасын. Мұндай перзент туғызып оқытып елге жібергеңіз үшін сізді құттықтаймыз және алғыс айтамыз. Қауымдастық төрағасы Президент Нұрсұлтан Назарбаев атынан, бүкіл Қазақстан халқы атынан көңіл айтып қайғыларыңызға ортақтасамыз” деп айтты ма?

Жоқ, бұларды істейтін жөні бар ма еді? Бар еді. Ал неге істемеді?

Сонымен қауымдастық бұдан былай шетел қазағынын мұңын мұңдап мәселелерін көтеретін ұйым болудан қалғаны осы оқиғадан айдан анық көрініп отыр.

Шетел қазағы атамекені Қазақстанға не береді? деп қайта қайта сұралады. Не береді, қолынан келгенін бәрін беруге дайын, беріп те жатыр.

Шетел қазағынын ен қымбаттысы жаны. соны да беріп жатыр. Ең оқымысты, ең жеткен азаматтарынан бірі болған Хақан Одұнжы 2012 жылы 21 сәуір күні Астанада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы университетте электроника саласында сабақ беріп жүргенде дүние салды.

Бірақ мұні елеп ескерген Қазақстанда кім бар? Мұны ең баста Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы елеп ескеруі керек еді?

Егер шетел қазақтарының атамекені үшін істеген жұмыстары Қазақстанда айтылмаса, халыққа жеткізілмесе әлі біз талай жылдар “шетел қазақтары Қазақстанға не береді? Алам деп келмеңер, берем деп келіңдер” деп айтып жүретін боламыз. Жиырма жылдан асып келе жатқан Қазақстан тәуелсіздігін сақтау, елімізді гүлдендіріп әлемнің алдынғы қатарлы елдер қатарына қосып атамекендегісі мен шетелдегісімен бүкіл қазақтың парызы. Сол үшін шетел қазақтары мен атамекен қазақтары арасындағы туысқандық, отандастық байланыстар күшті болу керек. Қазақстанда шетел қазақтары туралы жаңсақ пікірлер болмауы керек. Сол сыяқты, шетелдегі қазақтар арасында да атамекен туралы жаңсақ пікірлер, атап айтқанда, Қазақстан шетел қазақтарын керексінбейді, менсінбейді деген қате пікірлер болмауы керек. Мұны болдырмау ең алдымен осы дүниежүзі қазақтар қауымдастығының жұмысы емес пе?

Аса қайғылымыз. Арысым Хақан Одұнжының әлі Қазақстанына да, Еуропа қазақтарына да берері көп еді. Мезгілсіз, жас кезінде кенет дүние салғанына қабырғамыз қайысып отыр. Бірақ бәрінен де Президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағасы болған, шетел қазақтарын мен атакемекенмен байланыстырады, олармен ынтымақтастықты күшейтеді деген ұйымның осы қазаға мән бермей отырғаны ауыр тиіп отыр.

Аяулы баурым Хақан Одұнжы, Алла алдынан жарылқасын арысым. Барған жерін жаннат, топырағын болсын. Сенің қадіріңді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы білмесе де, қазақ халқы білетін болады. Елін саған риза, сенің аруағын да еліне риза болсын.

Bir Cevap Yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *