ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ “ҚАРАЛЫ КӨШІ” ТҮРІК ТІЛІНДЕ

Түркия қазақтарының көш жетекшілерінен Елісхан батыр Әліпұлының өмірін арқау еткен Қазақстан Жазуышлар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі, жазушы Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» атты тарихи романы түрік тіліне аударылды. Кітаптың тұсаукесері 2016 жылы, 10 қарашада Ыстамбұлда ТҮЙАП халықаралық кітап жәрменкесінде өтті. Нұргүл Берікболова түрік тіліне аударған және сапалы түрде “Календер” баспасынан шыққан кітапқа оқырман ықыласы зор болған. Баспагер кітапқа мұндай зор көңіл болушілік болады деп ойламғандықтарын айтты. Кітаптың түрік тілінде басылып оқырман қолына тиуіне мұрындық болған “Қазақ-түрік білім және зерттеу қоғамы (КАТЕАД) төрағасы Серкан Дінчтүрк те “әсіресе Түркиялық қазақтардың ұрпақтары болған жастар 2016 жылы, 12-20 қарашада бір апта бойы жалғасқан Ыстамбұл халықаралық кітап жәрменкесіне келіп аудармашыға қол қойғызып кітаптан алып тұруы бізді қуантты. Шәкенұлының еңбегін аудартқанымыздың орынды болғанын дәлелдеді” деғенді айтты.

[code language=”css”] [/code]

Жади Шакенұлынын “Қаралы көш” атты бұл романы осыдан алты жыл бұрын, атап айтқанда 2010 жылы, қараша айында Алматыда жарық көрген еді. Кітап авторы бұл еңбегінде Түркия қазақтарының көш жетекшілерінен, аты аңызға айналған Елісхан Батыр Әліпұлының өмірі мен халқын еркіндікке бастау жолындағы күресін шебер сомдаған еді. 400 беттік кітап шыққан кезде оқырман көңілінен шығып тек Түркияда емес, Қазақстанда және Шыңжандағы қазақтар арасында да жанғырық туғызған еді.

[code language=”css”] <meta property="og:image" content=" http://www.abdulvahapkara.com/wp-content/uploads/2017/01/DSC03564.jpg" /> [/code]

Жазушы Жәді Шакенұлы “Қаралы көш” романын жазу барысында Түркияға келгенде Ыстамбұлда Гүнешлі Қазақкентте тұратын көш жетекшілерінен Далелхан Жаналтай ақсақалдын үйінде болып әңгімелескен еді.

Түркия қазақтарының көші туралы бұған дейін жарық көрген романдар арасында бұл кітаптың орны ерекше. Өйткені Шәміс Құмарұлы Шығыс Түркістаннан Тибетке ауған қазақтар туралы “Бөке батыр” және “Көз жасы сарқылмайды”, Батырхан Құсбегін “Зуқа батыр”, Жақсылық Сәмитұлы Оспан батыр туралы төрт томдық “Сергелден”, Қабылхақ Күлмесханұлы Гансудан Шынхайға ауған қазақтар туралы “Думанды дала” сондай-ақ Зейнолла Сәнікұлы Мұстафа Өзтүріктің атасы Төлеубай туралы “Сергелден” сынды тарихи романдар жазғанман, оларда Түркия қазақтарының Үндістан мен Пәкістандағы қиын қыстау күндері арқау болмаған еді.

Жазушы Шакенұлы Ыстамбұлда көш жетекшілерінен Мәделім Чалышқан ақсақалдан алған мәліметтерін жазып отырғанда.

Жазушы Шакенұлы Ыстамбұлда көш жетекшілерінен Мәделім Чалышқан ақсақалдан алған мәліметтерін жазып отырғанда.

Жәді Шәкенұлы романын жазу барысында Шығыс Түркістан, Қазақстан, Монголия және Түркияға сапар шегіп көштің қазіргі таңда өмірде болған тірі қуәгерлері немесе олардың ұрпақтарымен кездесіп әңгімелесіп мәлімет алған еді. Осы орайда 2008 жылы Түркияға келген сапарында жазушыны біз Ыстамбұл Ататүрік әуежайында қарсы алып Түркиядағы кездесіп сөйлесетін кісілерімен жолықтыруға дәнекерлік жасаған едік. Осы орайда Ыстамбұлда Зуқа батыр немересі Пазила Жаналтай, Минан Алтай, Сәлімен Қырғызлы сынды ақ самайлы апалар мен Дәлелхан Жаналтай, Мәделім Чалышқан және Әбдіжәлел Инан Жахияұлы сынды ақсақал және көшбасшыларымен, Измирде Хасен Оралтай мен Ширзат Доғры ағалар және Нигде қаласы Алтай қазақ ауылында Елісханның немере інісі Әтейхан Билгин ақсақал сынды көштің басы қасында болған адамдармен кездесіп сөйлесіп қайтқан еді.

Жазушы Шакенұлы Ыстамбұлда қазақ ақсақалдарымен кездесу өткізгенде.

Жазушы Шакенұлы Ыстамбұлда қазақ ақсақалдарымен кездесу өткізгенде.

Бір неше жыл бойы жалғасқан зерттеулерінің нәтижесінде қол жеткізген мәліметттермен Шәкенұлы “Қаралы көш” романын 2010 жылдың бас кезінде жазып бітірді. Романда Түркия қазақтарының Алтайдан Баркөлге, Баркөлден Гансу мен Шынхайға өтуі, Шынхай жерінде мұсылман қытай дүңгендермен қақтысуы, сөйтіп 1941 жылы Үндістанға баруы жан жақты сөз етіледі. Бүкіл осы оқиғалар романның бас кейіпкері Елісхан батырдың өмірі төңірегінде өтеді.

Жазушы Шакенұлы Измир қаласында көш жетекшілерінен Қалибек Әкімнің ұлы, белгілі журналист Хасен Оралтай, Алаш қымыз фермасының иесі Ширзат Доғры және жұбайымен

Жазушы Шакенұлы Измир қаласында көш жетекшілерінен Қалибек Әкімнің ұлы, белгілі журналист Хасен Оралтай, Алаш қымыз фермасының иесі Ширзат Доғры және жұбайымен

Автор Түркиялық қазақтардың көшін бейнелеуде неліктен Елісхан батыр тұлғасын бас кейіпкер етіп алғаны туралы былай дейді: “Сол көштің алдыңғы легінен азуын айға білеген Елсіхан Әліпұлының (1908-1943) арыстан тұлғасын көрдім. Көш туралы жоғарыда аталган біраз дүниелер жазылғанымен дәл осы кісінің жеке өмірі мен көш бұйдасын шалғайга жетелеген көсемдігін бейнелейтін арнайы кітап жазылмапты. Бірақ, осы тарихқа оралушылардың оны терістейтін немесе оған қарсы пікір білдіретін бір де бірі жоқ екен. Жер бетінде небәрі 35 жыл ғана ғұмыр кешкен, әке-шеше, аға-іні, әйел-баласы жаудан қырылған, кіндігінен ұрпақ қалмаған, өз тағдырын халқына арнап ең соңында өзі де шаһидтікпен көз жұмған оның қасиетті өмірі мен қайғылы тарихы кімді болса да бей-жай қалдырмас еді. Қазақта ғана емес, жер шарында сирек кезігетін ақиқи өмір мен алтын аңыздың кейіпкері Елсіхан Әліпұлы жайынан сөз ашпау тағдырдың, тәңірдің әділетсіздігі болар еді.”

Жазушы Жәді Шакенұлы Ыстамбұл Зейтінбұрын ауданында Зуқа батұрдын немерелері апаларымыз Пазила Жаналтай, Минан Алтай және Сәлімен Кырғызлымен кездесіп мәлімет алғанда.

Жазушы Жәді Шакенұлы Ыстамбұл Зейтінбұрын ауданында Зуқа батұрдын немерелері апаларымыз Пазила Жаналтай, Минан Алтай және Сәлімен Кырғызлымен кездесіп мәлімет алғанда.

Шәкенұлы романын 35 жаста Үндістанда жұқпалы ауру салдарынан қыршын кеткен Елісхан батырдың дүние салуымен аяқталады. Елісхан батыр 1944 жылы қыршын кеткенмен, онын бастаған көші жарты жолда қалған жоқ. Оның Оспан Зайыпұлы, Хамза Жахияұлы, Халифа Алтай Ғақыпұлы, Әтейхан Білгін сыяқты үзенгілес жолдастары 1952 жылы көшті Түркияға жеткізгеді. Автордың романның түйінін Елісхан батырдың немере інісі Әтейхан Білгіннің арадан 40 жыл өткеннен кейін Үндістанға барып ағасының бейітін іздеп тауып басында Құран оқып айтқан сөздерімен келтіреді:

Жазушы Жәді Шакенұлы Түркияның Нигде қаласы Алтай ауылында тұратын Елісхан батырдың немере інісі Әтейхан Білгіннің үйінде

Жазушы Жәді Шакенұлы Түркияның Нигде қаласы Алтай ауылында тұратын Елісхан батырдың немере інісі Әтейхан Білгіннің үйінде

“Ассалаумағалейкум аяулы аға, ізіңіз болған ініңіз іздеп келіп тұр сіздерді. Тым жас, бар бақытты көре алмай қыршыннан қиылып кеттіңіз-ау. Сіз армандаған арманның бәрі орындалды, аға. Көзіңіз жұмылғанша «Түркия, Түркияға» деп кетіп едіңіз. Сіз бақилық болғаннан кейін араға он жыл салып 1953 жылы басымыз қайта бірігіп, қанды көйлек аға-бауырларыңыз, біз – Құсман, Халифа, Сәдей, Сауытбай, Құланбай, Сейітхан бәріміз арттан келген Қалибек, Қамза, Солтаншәріп, Құсайын, Дәлелхан ауылдарымен қатарымыз толықтанып түп қотарыла Түркияға көштік…

Жазушы Жәді Шакенұлы Түркияның Нигде қаласы Алтай ауылының кірісінде ауылдың бұрынғы әкімі Жазушы Жәді Шакенұлы Түркияның Нигде қаласы Алтай ауылының кірісінде ауылдың бұрынғы әкімі Мұстафа Көкпенпен

Жазушы Жәді Шакенұлы Түркияның Нигде қаласы Алтай ауылының кірісінде ауылдың бұрынғы әкімі Жазушы Жәді Шакенұлы Түркияның Нигде қаласы Алтай ауылының кірісінде ауылдың бұрынғы әкімі Мұстафа Көкпенпен

Аға, сіз рас айтыпсыз. Түбі бір түрік бауырларымыз бізді жатырқаған жоқ. Басымыздан сипап, бауырына тартты. Бұтағын дауыл сындырып, жапырағын жауын тоздырған Түрік бәйтерегінің бір бұтағы деп білді. Қолдан келген көмектерін аямады. Сіз армандап жете алмаған жақсы күндерге сіздің еліңіз жетті…

Сөйтіп жер бетіне тарыдай шашылған үл-қыздарымыз түгенделіп, сіз алаңдап кеткен кетігіңіз толып, кемтігіңіз жамалды. Халқыңыз үшін қан кешіп шаһид болсаңыз да арт жақтағы еліңіз сіз жетпеген армандарға қол жеткізді…

Жершарының бергі беті түгілі арғы бетіндегі Америка Құрама Штаттарының өзі Алтайдан Анадолыға дейін жеті мың шақырымнан астам жол басқан біздің ұлы көш туралы, ұлы көштің ұлы көсемі өзіңіз туралы жазды. Қазакты әлемдегі ең қайсар, ең батыр халық деп таныды. Сіз қанмен жазған алтын шежіре қазақты күллі дүниеге мәшһүр етті. Сіздің ұрпақтарыңыз бүгінгі күнде Түркияда ғана емес, бүкіл Европада бақытты ғұмыр кешіп жатыр. Олар өздерінің өлмес рухын сақтаған, қазақ сынды қасиетті ұлтты ешкімге бас идірмеген өзіңіздей батыр бабаларымен мақтанады. Рухтанады, ұрпағының ұрпағына дейін сол өнегені жалғайды. Енді міне төңіректің төрт бұрышына тарыдай шашылған қазақтар Атамекен – Қазақстанға жинала бастады.”

Жазушы Жәді Шакенұлы Ыстамбұлда Гүнешлі зиратындағы белгілі спортшы Мұстафа Өзтүріктің бейітінде

Жазушы Жәді Шакенұлы Ыстамбұлда Гүнешлі зиратындағы белгілі спортшы Мұстафа Өзтүріктің бейітінде

Иә, Түркия қазақтарының аталары не зобалаң жылдарды бастан өткізсе де, бүгіндері оның ұрпақтары қазақ ғасырлар бойы аңсаған атамекен Қазақстанның да тәуелсіздік алғанын көру бақытына ие болып шад шадымен өмір кешіп жатыр. Бірақ оның ұрпақтары аталарының бастан кешірген қиыншылықтарын ұмытуға тиіс емес. Сондықтан “Қаралы көш” романының түрік тіліне аударылуы маңызды уақиға отыр. Осы роман арқылы тек Түркиялық қазақтардың жас буын өкілдері қана емес, сонымен қатар 80 миллион түрік халқы да еркіндік жолында қазақтардың қаншама қиыншылақтарды бастан кешіріп қаншама адамдарын құрбан бергенін білетін болады.

Сондықтан Жәді Шәкенұлына және оның шығармасын алғаш рет қазақ тілінде жарық көруіне жағдай жасаған тәуелсіз Қазақстанға Түркия қазақтары қарыздар. Қазақстанның 25 жылдығын биыл олар ерекше қуанышпен тойлады.

Жазушы Шакенұлы Измир <a title=

kemer otele gelen escort қаласында Алаш қымыз фермасының иесі Ширзат Доғрымен ” width=”972″ height=”597″ /> Жазушы Шакенұлы Измир қаласында Алаш қымыз фермасының иесі Ширзат Доғрымен

Түркия қазақтарының көш барысында Тибет асып, Ғималаядан өтіп Үндістан мен Пәкістанға барудағы көрген адам айтқысыз қиыншылықтары, одан кейін Түркияға барып орналасулары алғаш рет бір роман көлемінде толық konyaaltı rus escort баяндаған “Қаралы көш” романынын түрік тілінде аудармасының жарық көруіне ат салысқан барлық азаматтарға алғысымыз шексіз. Ол түрік оқырмандарына тек Елісхан батырдың өмірін ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының еркіндік жолында қандай да қиындық болса да күресуден тайынбайтын қайсар халық екенін көрсететін туынды.

Әбдіуақап Қара
Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің
профессоры, тарих ғылымының докторы

https://baq.kz/kk/news/adebiet/karali_kosh_kitabi_turik_tilinde_zharik_kordi20161231_185700
Kurtköy escort

Bir cevap yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *

Bu site, istenmeyenleri azaltmak için Akismet kullanıyor. Yorum verilerinizin nasıl işlendiği hakkında daha fazla bilgi edinin.