ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТЕЛЕАРНАСЫНДА

1952 жылы 13 Наурызда Түркияның сол кездегі Басминистрі Аднан Мендерестің Пәкстан, Үндістан және Кәшмірдегі 1850 қазақты қабылдау жөніндегі Министрлер кеңесінде қаулы қабылдатуына байланысты 17 Наурыз сенбі күні Түркиялық қазақтар оның Ыстамбұлдағы кесенесіне барып аруағына тағзым етіп Құран оқып бүкіл түрік халқына алғыстарын айтқан еді. Бұл іс-шара Түркия мен Қазақстанда көптеген газеттерде орын алды. Енді мұны Қазақстан телеарнасында 25 Наурыз сенбі күні сағат 20.30-да АПТА.КЗ бағдарламасында хабарлайтын болған.

 

Бұл арада Қазақстанда кейбір зиялы қауым Аднан Мендерестің аты Қазақстанда бір көшеге беру керек деген ұсыныс жасап жатқаны белгілі болды. Бұл тек Түркиялық қазақтарға жасалған жақсылыққа қайтарым емес, сонымен қатар Түркияның Ататүріктен кейінгі ең беделді саясаткерін сыйлау арқылы екі елдің достық байланыстарын одан әрі нығайтатын іс-шара да болмақ.

Bir cevap yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *

Bu site, istenmeyenleri azaltmak için Akismet kullanıyor. Yorum verilerinizin nasıl işlendiği hakkında daha fazla bilgi edinin.