Сандық технология және әлеуметтік ғылымдар

Сөйлегенді жазатын жүйе өкінішке орай windoqs (терезе) жүйесімен істейтін үстел үсті және тізе үсті компютерлерде жоқ. Бұл, android жүйесі мен істейтін ұялы телефондар мен планшетті компьютерлерде бар. Iphone ұялы телефондарға бұл жүйе биыл қана қосылып отыр.

Ұялы телефон немесе планшетті компьютерлермен мұндай жазу жүйесін әркім өзі орната алады. Мұның үшін “глиф” деген қалта телефоны ұстайтын шағын апарат, және үш аяк (трипод) керек. Құлаққа салатын микрофон аса қажет емес. Ұзақ уақыт жұмыс істегенде батерияның бітіп қалуында қажетті қосымша портативті зарядтау аппараты алған дұрыс.

Өзім түрік тілінде “F” үлгісінде пернетақта қолданамын. Мұны 10 саусақпен пернетақтаға қарамай тез жазамын. Өкінішке орай, андроід телефондарында ол жүйе жоқ. “Q” үлгісіндегі жүйе бар. Алайда, мәселенің шешімі қыйын емес. Ол үшін “External Keyboard Helper” деп аталатын бағдарламаны орнатамыз.

Бұл басқа да өнерлері болған бір бағдарлама. Мұнда қажетті параметрлерді орнатқаннан кейін пернетақтада өзіңіз белгілеген бір түймеге басу арқылы сөйлегенді өзі жазатын жүйеге немесе пернетақтамен жазатын жүйеге оп-оңай ауысуға болады. Сөйлеп жазған тұста шыққан әріп немесе емле қателіктерін түзету үшін осылайша дереу пернетақта жүйесіне өтуге болады.

Сандық технологияның зерттеулерді оңайластыратын басқа да қырлары көп. Біз бұл мақалада тек сөйлегенді жазу жағына тоқталдық. Өзге қырларын да таныстыратын мақалалар кейін жазатын боламыз. Тіпті солардың барлығын қамтып “Сандық технология және әлеуметтік ғылымдар” деген атпен бір кітап жазу да ойда бар.

Заман бәсеке мен өзгерістер көп болған заман. Осы заманға сәйкес еңбекті тез жазып үлгеру керек. Осындайда технологияға жүгінген дұрыс. Сондықтан сандық технологиямен зерттеу және еңбек жазу жеңіл және рахат болғанымен барған сайын қажеттілікке айналады деп ойлаймын.

Әбдіуақап Қара

Тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем

өнер университетінің профессоры

twitter beğeni satın al

Bir cevap yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *

Bu site, istenmeyenleri azaltmak için Akismet kullanıyor. Yorum verilerinizin nasıl işlendiği hakkında daha fazla bilgi edinin.