Түркияда домбыраға қатысты даудан кейін оған қызығушылық артты

Соған байланысты ол қазақ тілі сабағын өткізсе, Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің консерваториясынан білім алған келініміз Құралай Гезер қазақтың ұлттық биі мен домбырасынан дәріс беретін болады»,-дейді осы курстың ашылуына өз үлесін қосқан белгілі ғалым Әбдіуақап Қара.

 


 

Жергілікті сайлаулар қарсаңында бас партияның әнұраны болған «Домбыра» әнінің 4-5 күн бұрын таласқа түскенін біз хабарлаған болатынбыз. Қазақтың ұлттық аспабына деген талас ондағы қандастарымызды былай қойғанда түрік ағайындардың да аңсарын аударған. Үйірменің ашылуын «Домбыра» әнінің талас-тартысқа түскені тіпті де тездете түскенін жеткізген Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара былай деді:

 

«Негізінде домбыра курсын ашу осыдан бір ай бұрын белгіленген. 22 ақпанда домбыра, қазақ тілі және биін үйрететін курс ашу шешімі қабылданып, дайындықтар жасалған болатын. Уәделі күн жақындағанда Түркияда домбыраның саясаткерлер арасында талас болуы осы курстың ашылуын тіпті де тездетті. Бәз біреулер домбыра жайлы талас басталған соң ғана осы курсты бастап жатырсыздар ма деп сұрап жатыр. Олай емес. Бұл бір ай бұрын белгіленген. 15 күн бұрын курс жайлы афишалар ілініп, Қазақ қорының facebook парақшасына жарнамалар жасалған-ды».


Қазақ домбырасын қорғап қалу және тіл мен биді жастар жағына үйретету мақсатымен Ыстамбұлдағы ашылған үйірмені Түркияның қазақтар қоныстанған басқа да қалаларында ашу өтініші келіп түскен көрінеді. Қазірге дейін Ыстамбұлдағы игі істі жалғастыруға Кония мен Анкарадағы ағайындар ниет танытып жатыпты.

 


 

Алайда, қандастарымызды домбыра үйренушілердің қауырт көбеюіне байланысты аспап жетіспеушілік жағы да қоса мазалауда. Қазақ елінен домбыраларды алдыру қиынға түсіп тұрғанын жасырмаған Қазақ қоры ның төрағасы Пазыл Топлы былай деді: «Домбыра үйренуге осыншама талап болады деп ойламаған едім. Кеше ашылу рәсімінен кейін қазақтың 50 баласы домбыра курсына тіркелді. Бізге қазір домбыра жетіспей жатыр. Түріктердің өзі домбыраны қайдан сатып алсақ болады деп қолқа салуда. Егер Қазақстаннан 50-100 домбыраны жеткізіп бере алатын азаматтар болса нұр үстіне нұр болар еді».

 

http://baq.kz/kk/diaspora/927

Bir cevap yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *

Bu site, istenmeyenleri azaltmak için Akismet kullanıyor. Yorum verilerinizin nasıl işlendiği hakkında daha fazla bilgi edinin.