ЕСЕНБЕРЛІННІҢ КӨШПЕНДІЛЕР РОМАНЫ ЕНДІ ТҮРІК ТІЛІНДЕ

Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушыларынан Іляс Есенберлін тарихи романдарымен бір елдін тағдырын өзгерткен әлемде некен саяқ кездесетін жазушылар қатарында. Оның көп жылдар көз майын тауысып зерттеу жұмыстары жүргізіп барып ешкімнің тарихи шындықтарды жазуға да, атауға да батылы жетпеген тұста жарық көрген “Көшпенділер” атты трилогиясы қазақ халқының ұлттық сыйпатын сақтап қалуда маңызды рөл атқарған.

Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы және аудармашы Әбдіуақап Қарамен бірге биылға үлгеру үшін төрт аудармашы тізе қоса отырып түрік тіліне аударған үш томдық романның тұсаукесерін Қазақстан Анқара Елшілігінің қамқоршылығында Ыстамбұл университеті Түркология институты ұйымдастыруда.

Институттың жыл сайын өткізіп отырған “Немат Келімбетов оқулары” аясында “Тарихи сана және әдебиет” деген тақырыппен өткізілетін тұсаукесер жиналысына белгілі ғалымдар, зиялы қауым және әдебиет сүйгіш оқырмандар қатысады деп күтілуде.

2015 жылы 10 желтоқсанда Ыстамбұлда өтетін алқалы жиынды Түркология институтының директоры профессор Азми Білгін мен Қазақстан Анқара Елшісі Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп ашады. Осыдан кейін бір қатар ғалымдар, атап айтқанда Мармара университеті Түркология институтының директоры профессор Гүлшен Сейхан Алышық, Жетітөбе университетінің профессоры Ахмет Ташағыл, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара, Ордұ университетінің профессоры Исмаил Доған, Алматыдағы Сүлеймен Демирел университетінің доценті Есенгүл Қапқызы және ТҮРІКСОЙ Қазақстан өкілі және аудармашы Мәлік Отарбаев Есенберлиннің өмірі, еңбектері және шығармашылығы мен халықтық тарихи сананы қалыптастырудағы әдеби туындылардың рөлі туралы баяндамалар жасамақ.

Есенберлиннің “Көшпенділер” романымен түрік – қазақ әдеби байланыстарында жаңа бір кезең басталып оқырмандардың қазақ қаламгерлерінің туындыларына қызығушылығының одан әрі арта түсетіні анық.

youtube izlenme satın al

Bir cevap yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.