Хақан Отыншы Ыстамбұлда Еске Алынды
21 сәуір күні студент және мұғалымдармен пикник жасап топ ойнап жүргенде кенет жүрегі ұстап дүние салды.
Сөйтіп еліме қызмет етем, еуропа елдерінде жинаған білім мен ғылымымы отандастарымның жастарына берем деп барған Астана қаласында қайтыс болған Хақан Отыншының отанның өркендеуі жолында жанын пида қылған ғылым шәйіті екеніне күмен жоқ.
Оның қайғылы қазасы туралы хабар Ыстамбұлға жеткен уақытта ата-анасының қабырғасы қатты қайысты. Тіпті бүкіл Еуропа елдері мен Түркиядағы қазақтар жас кезінде аяулы азаматтарының қазасына аза тұтты. Бірақ, Алланың жазғаны сол болғаннан кейін не істей аласыз? Ендігі тек істелетін оның жаназасын туған қаласы Ыстамбұлға әкеліп жерлеу. Сонда оған қатысып соңғы азаматтық міндетті орындап бейітіне топрақ салу. Одан басқа қолдан не келеді дейсіз? Ыстамбұлдағы үйінде ата-анасы да осы ойда еді. Бірақ Астанада универсиетет басшылығы оның жаназасын Ыстамбұлға алып кетпей осында жерлеу туралы ұсыныс жасаған екен. Бірақ Хақанның әкесі Гани ағамыз, Ыстамбұлға жерлейік, көптен көрмеген ұлымды тым болмаса өз қолыммен жөнелтейін деді. Сөйтіп Хақанның сүйегін Түркияға ма, атамекен Қазақстанға ма жерлеу керек деген мәселе үйге қаза үшін көңіл айтуға келгендер арасында сөз бола бастады.
Көпшілік Хақан отыншы отаны үшін шәйіт болған азамат. Шәйіттің сүйегі шәйіт болған жерінде жерленеді. Екіншіден Қазақстан бөтен ел емес, туған отаны және мұсылман елі. Сөйтіп көпшілік марқұмды Астанаға жерлеудің дұрыстығы туралы кеңес берді.
Жүрегі қан жылаған Хақанның әкесі көпшіліктің бұл уәжіне мойынсұнды. Сонымен ол кісі жұбайы және үш перзентімен жаназа үшін Астанаға аттанды. Лондоннан Хақанның бала шағасы да Астанаға келді.
Өткен апта Ғани ағамыз Астанадан келді дегенсоң үйіне барып қайта көңіл айттық. Хақанның аруағына Құран оқыдық. Хақанның әкесі де, анасы да Қазақстанға риза екендіктерін айтып отырды. Әсіресе Назарбаев университетінің басшылығы, мұғалымдар, студенттердің балаларына көрсеткен құрметіне қатты риза болғандарын айтты. “Астанада болған бір аптада олар аяғымызды жерге тигізбеді. Ұлымның жетісін де берді. Астанада Түркиядан барған молла баурымыз Абдолла Гезер жаназасын оқыды, үйіне шақырды. Барлығына ризамыз. Қазақстан мемлекетіміздің іргесі берік, шаңырағы биік болсын, көк байрағы мәнгілік аспанда желбіреп тұрсын” дегенді айтты.
Хақан баурымызды Алла алдынан жарлықасын, иманы жолдас болсын. Артында қалған бала шағасына қайырын берсін.
Әбдіуақап Қара – Ыстамбұл