ЫСТАМБҰЛДА ҒҰЛАМА ХАЛИФА АЛТАЙ ТУРАЛЫ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Алтайдан шыққан, Гималаяны асып Тибеттен өтіп Үндістан мен Пәкістан арқылы 1953 жылы Түркияға барған қазақтардан Халифа Алтайдың өмірі мен идеялары зерттеліп түрік тілінде кітап ретінде жарияланды. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Қазақстанға бір жолата көшіп барған Халифа Алтай Кеңестік кезеңде тамырына балта шабылған рухани өмірдің қайта қалпына келуі барысында талмай атамекенінде қызмет істеді. 2017 жылы Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты жарияланып отырған кітапта ғұламаның өмірі жан жақты баяндалғаннан кейін оның Қазақстанда дәстүрлі қазақ мұсылманшылығының терең тамыр жаюы барысында атқарған іс-қимылдары мен пікірлері де деректер негізінде келтірілген. “Анатолиядан атажұртқа рухани жетекші Халифа Алтай” деп аталған еңбектің авторы Қазыбек Исламбек осы тақырыпта 1999 жылы Ыстамбұлдағы Мармара Университетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Қанлыдеренің жетекшілігінде магистрлік диссертация қорғаған. Алайда диссертацияда 1999 жылдан Халифа Алтай дүние салған 2003 жылға дейінгі уақиғалар орын алмауда. Автордың өтініші бойынша, кітаптың соңғы тарауы болған осы уақиғаларды біз жазып еңбекті толықтырдық.

[code language=”css”] <meta property="og:image" content="http://www.abdulvahapkara.com/wp-content/uploads/2017/01/halifealtay_kapak.jpg" /> [/code]

Кітаптың артқы мұқаба бетінде мынадай мәліметтер берілген: “Қазақтардың Алтай тауынан бастау алған және Түркияға барып аяқталған Елісхан батыр жетекшілігіндегі 7 мың шақырымдық ұлы көштің бел ортасында жүргендердің бірі де Халифа Алтай еді. Ол, қазақ көшінің Пәкістаннан Түркияға жетуінде алдыңғы қатарда рөл атқарған. Сондықтан оның өмірі осы ұлы көштің ең маңызды бөлегінің бірі саналады. Ол сонымен қатар рухани өмірдің де жетекшілерінен. Тарихқа көз жүгірткенімізде, мұндай адам, яғни әрі қоғамдық, әрі рухани жетекшілікті өз бойында жинастырған тұлғалар некен саяқ кездеседі. Бұлардан басқа Халифа Алтай түркі әдебиеті мен мәдениетінің жалғастырушысы болып табылады.

Халифа Алтай Қазақстан Жазушылар Одағында

Халифа Алтай Қазақстан Жазушылар Одағында

Түркияда 1981 жылы Мәдениет Министрлігінің басылымдары арасында жарық көрген, қазақ тарихы мен мәдениетін таныстырған “Атажұрттан Анатолияға” атты еңбегімен танымал болған Халифа Алтай Қазақстанда да бедел-абыройға ие. 1988 жылы Исламның қасиетті кітабы Құранды тарихта тұңғыш рет қазақ тіліндегі түсінігін жарыққа шығарумен дараланған Алтай тәуелсіздік алғаннан кейін еш кідірместен Анатолиядан атажұртына бір жолата қоныс аударып 2003 жылы Алматыда панидан бақиға өткенге дейін діни салада ағартушылық жұмыстармен болды. Кеңес Одағының құлдыруынан соң діни дербестікке қол жеткізген Қазақстанда бір жақтан діни мәліметтердің қалпына келуіне қызмет етті, екінші жақтан дінде негізсіз наным-сенімдер мен әсірешілдіктердің орын алуына қарсы күресті.

Халифа Алтай Түркияға келгеннен кейін өзіне не үшін Алтай деген фамиля атын алғанын мына өлен жолдарымен былай деп түсіндіруде:

“Алтай” деп лакап атым койылғаны,
Бір арман орындалды ойымдағы.
Естелік туган жердін атын сактау
Әншейін кездейсоктан койылмады!”

Иә Халифа Алтай Түркия мен Қазақстанға ортақ тұлға. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халифа Алтай дүние салғаннан бір күннен кейін, яғни 2003 жылы, 16 тамыз күні отмасына жіберген көңіл айту хатында былай деген:

Халифа Алтай ақсақалдың өмірден озуына байланысты көңіл айтуымды қабыл алыңыздар. Ол, еліміз Bursa otele gelen escort жаңадан тәуелсіздік алып қиын кезеңді бастан өткеріп жатқан тұста, халқымыздың рухани жан дүниесінің тазара түсуіне, жүректеріне имандылық ұйытуына үлкен үлес қосты. Елімен халкын аңсап, атамекеніне оралып, тәуелсіз отанының көркею қадамдарын көзімен көріп барып көзін жұмуы да тебірентбей қоймайды. Ол, жан жүрегі ерекше таза, аса тақуа жан еді. Марқұмның топрағы торқа, иманы саламат болсын! Жаратушымыз артындағы ұрпағына амандықпен береке берсін!

Туғанына 100 жыл толуына байланысты 2017 жылы Қазақстан және Түркияда Халифа Алтай туралы бір қатар іс-шаралар өткізілмек. Ғұлама атамыздың қызметін халқы ешқашан ұмытпақ емес. Жатқан жері ұжмақ болғай!

Әбдіуақап Diyarbakır escort Қара
Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің
профессоры, тарих ғылымының докторы

marmaris rus escort

Comments

  1. Халық рухын көтеруге ықпалын тигізген ілімді де дара тұлға – Халифа Алтайдың мүлде жаңа өмірі басталғанына қуаныштымыз. Құтты болсын!

Bir cevap yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *

Bu site, istenmeyenleri azaltmak için Akismet kullanıyor. Yorum verilerinizin nasıl işlendiği hakkında daha fazla bilgi edinin.