Мұстафа Шоқайдың Берлинде Түркістан жастарына үндеуі

Түркістан жастары әсіресе бұл мақсатымызға жеткізуге таласып тырмысып жатыр. Біздің максатымыз тек Түркістанның ғана емес, бүкіл түрік өлкелерінің, бүкіл түрік халықтарының дос болып өзара бірлік бауырластықпен жасап сыртқы дүшпандарға қарсы өзінің күшін, үкіметінің күшін білдіріп кою. Ойымызға жетеміз, талабымызды орынына келтіреміз деген иманымыз зор және күшті.

Халкымыз бен жас үкіметтің жүгі қанша ауыр болса, біздін шығысымыз сонша қатты, сонша күшті болмақ. Алыста жүріп ел қайғысын ойлап, алыста жүріп ел қамын ойлап Еуропаның әр тарапында жүрген, бүгінгі Түркияда тұрған Түркістан жастары бірлесіндер!

Сендердің бірліктерің, сендердің бірбірлеріне күш қосуларын, еліміздің бақытына қызмет етпек. Мұны ұмытпаңдар! Бәріміздін құбыламыз өзіміздің атажұртымыз, өлкеміз Түркістан болмақ. Түркістан үшін өлу, Түркістан үшін жан беру бәрімізге бір мақсат, бір киелі міндет болмақ. Мұны ұмытпау керек.

Түрік халкы батыр халык, түрік халкы арыстан, ер халық.

Кімден таяқ жегендей, біздің түріктің баласы,

Алдырып жүрген дүшпанга аузының аласы.

Бұл нақыл сөзді ұмытпауымыз керек. Бәріміз бір болсақ, біздің женбейтін жауымыз болмайды.

Мақсатымызға жетеміз, онсыз біздің күніміз жоқ. Құрып кетеміз. Босып кетеміз. Құрымас үшін, боспас үшін, күшімізді біріктіріп иін тірестіріп бірбірімізге жәрдем беріп жүруіміз керек. Онсыз біздін күніміз караң. Мұны ұмытпау керек.

Bir cevap yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *

Bu site, istenmeyenleri azaltmak için Akismet kullanıyor. Yorum verilerinizin nasıl işlendiği hakkında daha fazla bilgi edinin.