Мұстафа Шоқай Қазақстан тәуелсіздігіне арналған өмір

Кітаптың артқы мұқаба бетінде мына сөздерге орын берілген:

“Қазақстанның тәуелсіздік тарихында Францияның ерекше орны бар. Мұның себебі Қазақстанның Кеңес Одағынан тәуелсіз болуына өмірін арнаған Мұстафа Шоқайдың осы орайдағы күресін 1921-1941 жылдары Париж қаласында жүргізген болуы.

1917 жылы Ақпан Төңкерісінен кейін тоталитарлық патшалық жүйе құлап Ресейде демократиялық жаңа саяси жүйе орнату мүмкіншілігі пайда болған уақытта ондағы башқырт, қазақ, қырғыз, өзбек, татар және түркімен сынды халықтар өздерінің ұлттық мемлекеттерін құруға ұмтылды. Бұлардан қазақтар Орынборда Алаш Орда ұлттық үкіметін сондай-ақ өзбектермен тізе қоса отырып Қоқан қаласында Түркістан үкіметін жариялады. Мұстафа Шоқай Түркістан үкіметінің басминистрі қызметін атқарды. Осы үкіметті Большевиктердің құлатуынан кейін, Шоқай А.Керенский, П.Милюков сыяқты орыс демократтарымен бірге Еуропаға шығып Францияда саяси күресін жалғастырды.

1939 жылы Дүниежүзілік екінші соғыс басталғанда Шоқай үшін кезінде өзін құшақ жайып қарсы алып отанының тәуелсіздігі жөнінде күресіне мүмкінлік берген Франция екінші отан сипатында еді. Сондықтан Франция үшін Нацистик Германияның басып алу қаупі төнгенде, Шоқай Ресейден келген өзге саяси эмигранттар секілді АҚШ-қа жан сауғалап қашуды қаламады. Французлар сыяқты соғыстың ауыртпалықтарына төзуге тәуекел етті. Алайда Францияны жаулап алған немістер 1941 жылы маусым айында Шоқайды үйінен тұтқындап әкетті. Содан Шоқай 1941 жылы, 27 желтоқсанда Берлин қаласында дүние салды. Шоқайдың есімі 1923-1941 жылдары арасында өмір сүрген Париждің Ножан сүр марн қалашығындағы бір саябаққа берілген.”

Bir Cevap Yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *