TÜRKİYE VE AVRUPA KAZAKLARININ AKSAKALI HAKKA YÜRÜDÜ

Geçtiğimiz Cuma günü Almanya’nın Münih şehrindeki evinde kalp krizi geçirdikten sonra hastaneye kaldırılan Hacı Şerif Nayman aksakal bugün mübarek Ramazan ayında, Kadir gecesinin gündüzünde Almanya saati ile 18.45 sularında vefat etti. Sadece Türkiye ve Avrupa değil, atayurt Kazakistan ve dünyanın başka ülkelerindeki tüm Kazaklar tarafından tanınan ve sevilen merhum atamıza Allah’tan gani gani rahmet diliyorum. Mekanı cennet olsun. Geride kalan ailesine, çocuklarına başsağlığı ve sabır diliyorum.

Cenazesinin bir iki gün içinde Istanbul’a getirilip Güneşli Kazakenttegi aile mezarlığına defnedileceği bildirildi.


ШӘРІП НАЙМАН АҚСАҚАЛ ДҮНИЕ САЛДЫ

Өткен жұма күні Германияның Мюнхен қаласындағы үйінде жүрегі ұстап ауруханаға жаткызылған Қажы Шәріп Найман ақсақал бүгін қасиеті ораза айының қадыр түнінің күндізінде Германия уақты бойынша сағат 18.45-те өтті. Тек Түркия мен Еуропа емес, атамекен Қазақстан және басқа бүкіл дүниежүзіндегі қазақтарының ардақтысы бола білген Шәріп Найман ақсақалдың дүниеден қайтуымен Түркия және Еуропа қазақтары орны толмас қазаға ұшырады. Марқұм атамызға Алладан иман тілейміз. Барған жері ұжмақ болғай! Бала-шағасына жақын туыстарына көңіл айтып қайғыларына ортақтасамыз. Ақсақалдың сүйегінін бір екі күн ішінде Түркияға әкеліп Ыстамбұл Гүнешлі Қазақкент аулындағы отбасылық бейітке жерленетіні хабарланды.

Аталары Шығыс Қазақстан Қатонқарағайдан шыққан және Әбдікәрім Болыстың ұрпағы болған Шәріп Найман 1932 жылы Алтайда туылған. 1938 жылы Алтайдан ауа көшіп Тибет-Гималая асқан Елісхан батыр бастаған көшпен 1940 жылы Үндістанға барған Шәріп қажы бұл жерде 1967 жылға дейін тұрақтаған. Кейін Ыстамбұлға келген, одан Германияның Мюнхен қаласына өткен Шәріп Найман ақсақал басынан көптеген тауқыметтерді өткізген. Мюнхен қаласында қонақжайлылығымен танылған және қазақ десе ішкен асын жерге қоятын ақсақал қалаға қыдырып келген қонақтарға кең дастарқанынан дәм татқызбай жібермейтін.

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алғанда жүрегі жарыла қуанған Шәріп Найман дүниежүзі қазақтарының 1992 жылғы тұңғыш құрылтайға, одан кейінгі 2000 жылғы Түркістан құрылтайына және 2005 жылғы Астана құрылтайына қатысқан еді.

1994 жылы Германияның Мюнхен қаласында өткен Еуропа қазақтарының тұңғыш құрылтайына демеуші болған ақсақал одан кейін ұйымдастырылған Еуропа қазақтарының кіші құрылтайларына да үзбей қатысып тұрды.

Қазір ақсақалдың балалары, немере-шөберелері Германия мен Түркияда өмір сүруде.

Кеше және бүгін сұлқ жатқан марқұмға бүкіл Мюнхен қаласындағы қазақтар неміс дәрігерлерінің ұлықсат етуімен барып қоштасып шыққан. Жақын туыстары соңғы дәмін бергенше басында тұрып Құран оқыған және иман айтқан.

“Отанды сүю иманнан” деп отыратын Шәріп Найман ақсақал елінің және халқының қалаулысы бола білді. Халқына жаққан адамның Құдайға да жағатыны хақ. Атамыздың топырағы торқа, барған жері ұжмақ болғай!

Әбдіуақап Қара – Ыстамбұл


Анадолыдағы ағайын

Осыдан бір жыл бұрын өзім­нің жақын досым Бағай Назарбай Ыстамбұлға барып, белгілі ғалым, профессор Абдулуақап Қарамен танысып, ол кісіде Түркия қазақтарының ішінен шыққан Сармолла және Жармұ­хам­мед атты күйшілер туралы де­рек­тердің бар екенін айтып келді. Кейін Ыстамбұлға барғанымда ол кісі­мен таныстым.


Ұшақтан түсе салысымен Абду­луа­қап Қара мырзаға хабарласып, ертеңіне кездесетін болып келіс­тік. Профессор Абдулуақап Қара – әлемдік деңгейдегі белгілі ғалым, былтыр ғана Мұстафа Шоқай­ды зерттеп, Астанадағы Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінде кітабының тұсау­кесерін өткізген. Қазақ дегенде ішкен асын жерге қоятын ұлтжанды ғалым Ыстамбұлдағы Мирмар Синан университетінде тарихтан дәріс оқиды екен. Ертесі түс ауған уақытта Әбекеңмен бір шайханада кездесіп, әңгіме-дүкен құрдық. Ол кісі маған Сармолла күйші жай­­лы біраз мағлұматтар бере ке­­ле, Сармолла күйші мен оның шә­­кірті Жармұхаммед хафыз (хафыз – құранды жатқа білетін адам, қазақтар афыз деп кеткен) тартқан ха­лық күйлерінің үнтаспасын бе­ретін болып келісті. Осы кездесу ба­рысында Жармұхаммед туралы да біраз әңгіме қозғалды.


TÜRKİYE’DEKİ KAZAKLAR HAKKINDA ARAŞTIRMALAR

10.000 ile 15.000 arasında olduğu tahmin edilen Türkiye’deki Kazak Türkleri, Türkiye’ye ilk olarak 1952 yılının sonlarına doğru  gelmeye başladılar. Türkiye’ye yapılan bu göç gelişi güzel olmadı. Onlara bu göç esnasında Elishan Elifoğlu, Osman (Taştan) Teyci Zayıfoğlu, Sultan Şerif Zuvkaoğlu, Hüseyin Teyci Tölevbayoğlu, Alibek Rahimbekoğlu, Delihan Canımhanoğlu Canaltay gibi  liderler öncülük etti.

Kazakların Türkiye yerleşmesinden sonra geçen yarım asırlık dönemde, onlar hakkında bir çok araştırmalar yapıldı. Kazakların kendi içinden çıkan yazarlar da Kazakların tarihi ve örf-adetleri konusunda kitaplar neşrettiler. Kazakların Türkiye’ye yerleşmelerinden itibaren bu güne kadar yapılan bu araştırmaları 4 safhada ele alabiliriz:

  1. Kazakları dünyaya tanıtma;
  2. Kazakların kendilerini Türk halkına ve kendi nesillerine tanıtması;
  3. Kazakların Türkiye’deki yaşantısını inceleme;
  4. Türkiye’deki Kazakların kendilerini Kazakistan’a tanıtması.

Şimdi bu dönemleri ayrı ayrı ele alarak, yapılan çalışmaları gözden geçirebiliriz.


Ыстамбұлда балалар үшін тіл және мәдениет орталығы ашылды

Орталықтың ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Анқара елшісі Жансейіт Түймебаев Түркиялық жастардың ана тілдерін білуі тек ұлттық ерекшеліктерін сақтауына ғана емес, сонымен қатар олардың жұмыссыз қалмауларына да септігін тигізетініне баса көрсетті. Түймебаевтың айтуынша, күні бүгінге дейін қазақ тілінен түрік тіліне, түрік тілінен қазақ тіліне мықты ілеспе аудармашылар жоқ болып отыр. Ал орыс тілінен түрік тіліне, немесе түрік тілінен орыс тіліне аудармашылар болса табылуда. Сондықтан Түркиялық жастардың осы екі тілді еркін менгерулері олардың министрліктерде және ірі саудалық компанияларда жұмыс табуына қолайлық туғызады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үш тұғырлы тіл саясаты негізінде Қазақстанда жастардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп жатқанын атап өткен Елші, Түркиялық жастардың да қазақ, түрік және ағылшын тілдерін үйренулеріне әбден болатынына көрсетті.


АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН АДНАН МЕНДЕРЕС

(Түркия қазақтарына 60 жыл)

2012 жылы қазақтардың Түркияны қоныстануына 60 жыл толды. Осыған орай Түркиялық қазақтардың өкілдері үстіміздегі жылдың наурыз айында 1950-1960 жылдары басминистрлік қызметін атқарған, белгілі мемлекет қайраткері Аднан Мендерестің Стамбұлдағы кесенесіне барып әруағына тағзым етіп Құран оқыды. Сөйтіп олар түрік халқына деген ризашылықтарын білдірді. Қазақтардың 60 жылдықта Басминистр Аднан Мендерес кесенесіне келіп тағзым етулері кездейсоқ емес еді. Өйткені қазақтарды Түркияға қабылдаған қаулы Мендерес басшылығындағы түрік үкіметінің 1952 жылдың 13 наурыз күнгі жиналысында қабылданған болатын.


«Қараоғлан» фильміндегі қазақтар

Ғаламтордың ең үлкен әлеуметтік желілерінің бірі Facebook деп аталады. Содан Түркия қазақтарының сол елдегі тарихи киноға түскені туралы ақпаратты көзіміз шалып қалды. Фильм сонау 1965 жылы өмірге келген екен. Ғажабы сол, онда әйгілі Мұстафа Өзтүріктің әкесі де ойнапты. Тағы бір қызығы, бізге соңғы он жылдың бедерінде жеткен «Қаражорға» биін қандас­тарымыз 46 жыл бұрын осы фильмде орындапты.Оқиға қалай болып еді? 1965 жылы киноға түскен қандас­тарымызды қазір кім біледі? Міне, осы сұрақтарға жауап алу үшін Ыстамбұлдағы Мимар Синан университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдуақап ҚАРАМЕН  тілдесіп, әңгімелеп беруін өтінген едік.


Қазақтың Қаражорға биінің түркі халықтарының ең көне биі екені анықталды

Қазақтың қаражорғасының тарихының 2500 жыл әріде жақтаны, оның шығу төркінінің көне түркілерде, атап айтқанда сақтар, үйсіндер мен ғұндар кезінде екені ортаға шықты. Мұны Қытайдың Гансу өлкесі Қаратау өңірінде 1970ьті жылдарда табылған петроглифтер айғақтауда.

Би билеген адамдардың басындағы шошақ баскиім мен оның төбесіне тағылған үкі де біздің салт-дәстүрге жақын екенін көрсетеді.


Türklerin En Eski Dansı Karajorga 2500 Yıllık Geçmişe Sahip

Kazak Türklerinde yaygın Karajorga dansının tarihinin 2500 sene ötelere, Sakalar ve Hunlar dönemine gittiği Çin’de 1970’li yıllarda bulunan ve 1981’de koruma altına alınan kaya resimlerinden anlaşılıyor. Dans eden insanların başlarındaki sivri uçlu börkler ve börklere takılmış puhu kuşu tüyleri bunların Türk olduklarını gösteriyor.


Yahya Molla, Altaylarda Bir Din Adamı ve Eğitmen

17 Ağustos 2012 tarihinde İstanbul’da Türkiye Kazaklarının önde gelenlerinden Hacı Abdülniyazi Yolcu vefat etti. Cenazesi Cuma namazını müteakıp Zeytinburnu Emine İnanç Camiinden kaldırılan merhum için akşam evinde kalabalık bir topluluğa iftar verildi ve dualar yapıldı. Hacı Abdülniyazı Yolcu XX. asrın başlarında Altaylarda önemli bir din bilgini olan Yahya Molla’nın torunudur. Bu vesileyle Yahya Molla konusunda yazdığımız bir makaleyi aşağıda sunuyoruz.

Altay’da geçen asrın ilk yarısında yaşayan iki büyük din aliminden birisi Akıt Hacı Ülimcioğlu ise, diğeri Yahya Molla’dır. Kazakların Molkı kabilesine mensup Akıt Hacı ve eserlerini günümüzde bilmeyen yoktur. Ama, nedense Yahya Molla ismi pek bilinmez. Bunun bir nedeni de, herhalde, Akıt Hacı’nın din alimliğinin yanısıra, ardında yazılı eserlerini bırakabilmiş olmasıdır. Akıt Hacı İslam dini ile ilgili görüşlerini ve yaşadıklarını şiir diline dökmüş ve o zamanın kısıtlı olanaklarına bakmaksızın daha sağlığında şiir kitaplarını Kazan’da bastırabilmiştir. Fakat, Yahya Molla ardında yazılı bir eser bırakmadığından olsa gerek, hakkında fazla bir araştırma yapılmamıştır.

Ne mutlu ki, Yahya Molla’nın torunları var. Istanbul’da yaşıyorlar. Onlardan biri Hacı Hamzaoğlu Abdülcelil İnan’dır. Yahya Molla hakkındaki bu yazımızı, onun verdiği bilgiler temelinde yazdık.

Yahya Molla, 1875 yılında Kazakistan’ın doğusunda yer alan Zaysan’da dünyaya geldi. Kazakların Nayman boyunun Törtuvıl koluna mensup Yahya Molla’nın babası Burkat idi. Arkat ve Bölekbay isimli iki kardeşi olan Burkat’ın Yahya’dan başka Caylavbay isimli bir oğlunun daha olduğunu biliyoruz. Yahya, daha çocukluğunda, zekiliği ve çalışkanlığı ile ön plana çıktı. Köyün imamından ilk derslerini aldıktan sonra, yüksek tahsil için Semey’e geldi. Semey’de o zamanın üniversitesi sayılan Galiya Medresesinde öğrenim görmeye başladı.