ПАРИЖДЕ ШОҚАЙ КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

 

Қазақ, француз, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде, тарих ғылымының докторы, профессор Әбдіуақап Қараның редакторлығында жарық көрген кітапта суретшінің Мұстафа Шоқайдың туған жері Қызылордадан бастап Ташкент, Петербор, Тбилиси, Баку, Ыстамбул, Париж жане дүние салған Берлин қаласындағы өмірі суреттелуде.

Әбдіуақап Қара

Mustafa Tchokaï UNE VIE POUR L’INDEPENDANCE DU KAZAKHSTAN

Мұстафа Шоқай туралы зерттеулерімен танымал ғалым Әбдіуақап Қараның 2002 жылы түрік тілінде, 2004 жылы қазақ тілінде жарық көрген еңбегі Француз Парламентінің демеушілігінде биыл Парижде жарық көріп отыр.

2002 жылы Анқарадағы Түркия жазушылар одағы биография саласында ең үздік кітап деп жүлделендірген және Еуропа елдеріндегі деректерге сүйене отырылып жазылған еңбек Мұстафа Шоқайдың өмірі мен күресі туралы қазірге дейін жарық көрген кітаптар ішіндегі ен толығы деп есептелуде.

Мұстафа Шоқай Француз – Қазақ Достық Қоғамы (Mustafa Tchokai Association d’Amitié Franco-Kazakh) ұйымдастырып отырған тұсаукесер 2013 жылы, 23 Қазан күні, сағат 16.00-да Ножан қалашығында өткізіледі.

Bir Cevap Yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *